383
терді (құбылыстарды) ғана мойындайды. Ал экзистенциализмді алсақ,
ол адам өмірінің мәні тек «шекаралық ахуалда» – өлім мен өмірдің екі
ортасында ғана ашылуы мүмкіндігі туралы пікірге келеді.
Әрине, құбылыс пен мән – болмыстың өзіне тән, оған терең
тамырланған, олардың қайнар көзі –
дүниенің өзінде.
Қайсыбір зат
өзінің қайталанбас жағымен көрінуге «тырысқанмен»,
сонымен бірге
оны басқа заттармен біріктіретін жалпы қасиеттерін де көрсетпей
қоймайды. Сондықтан құбылыстарды зерттеп, салыстырып, ой елегінде
олардың жалпы ұқсас жақтарын ғана қалдырып, қайталанбайтын
ерекше жақтарынан бас тартудың арқасында жеке әртүрлі заттардың
ұқсастығын анықтауға болады. Алайда
мұндай жағдайда заттардың
тек ұқсас жақтарын анықтап, сонымен қатар оның тек өзіне тән
ұқсамайтын көрінісін көрсете алмас едік. Олай болса, мәнге тек зат-
тарды біріктіретін
ұқсас жақтарымен қатар, онымен бірге құйыла
біткен оның ерекше мазмұны да кіреді, әр зат арқылы белгілі мән өзін
байытады, болмыстағы жаңа көріністерін табады. Өйткені құбылыс тек
қана мәннің ерекше көрінісі ғана емес, сонымен бірге басқа заттармен
байланысқа түсіп, оны өз бойына сіңіреді. Ал қайсыбір құбылыс мәнді
болғандықтан, ол сол жаңа байланыстар арқылы мәннің өзін өзгертіп,
ары қарай дамытады.
Сарапталған санаттардың танымдағы рөлі өте зор.
Адам тікелей
зерттеліп жатқан заттың мәнін аша алмайды. Зерттеу сатысы
құбылыстарды талдап, олардың ортақ жақтарын анықтаудан баста-
лады. Осы жолда ғылымда
сезімдік нақтылықтан
дерексіз
ұғымдарға
өрлеуді байқауға болады. Алайда бұл дерексіздік – мән ғана. Одан
ары қарай өрлеу қажет, яғни қайтадан ой елегі арқылы ашылған
мәнге құбылыстың
ерекше байлығын қосып, заттың
ойлық-нақтылы
көрінісін жасау қажет. Сонда ғана біз заттың ішкі сырымен қатар, оның
құбылыстарының байлығын бірегей қарауға мүмкіндік аламыз.
Аталған санаттарды пайдалана отырып, бүгінгі таңдағы кейбір
құбылыстарды талдап көрейік. Қоғам өміріндегі кең етек алған
маскүнемдік, нашақорлық, қылмыстық тағы да басқа әлеуметтік ауытқу-
шылықтарды алсақ, кейбір саясаткерлер
оның себептерін сыртқы фак-
торлардан іздеп, оны азайту үшін «наркотрафиктерді» (тасымал жол)
үзу керек деген ой тастайды. Ал, шындығында, оның терең себептері
жұмыссыздық, кедейлік, әділетсіздік т.с.с. әлеуметтік факторларда
жатыр. Ол
факторларды жоймай, бұл әлеуметтік ауытқушылықтармен
күресу оң нәтижеге әкелмейтіні айдай анық. Наркотрафиктерді
жойғанмен, сұраныс болғаннан кейін, оның басқа жасанды химиялық
түрлері астыртын нарықта дүниеге келуі ғажап емес…
Онда келесі сұрақ пайда болуы мүмкін: Дамыған, әлеуметтік мәсе-
лелері шешілген елдерде неге осындай
әлеуметтік ауытқушылықтар