болмысына
қанағаттанбауы
, шығармашылық қабілетін сыртқа шығарып гүлдете
алмауы, материалдық байлыққа бағытталған қоғамның
рухани азғын-
дауы
, соның нәтижесінде
жалғыздық, жаттану
сияқты құбылыстардың
кең етек алуы т.с.с. Сонымен, қарап отырсақ, мәселе адам болмысы,
оның терең мән-мағынасына келіп тіреледі.
«Адамды оның киіміне қарап қарсы алады да, ақылына қарап
шығарып салады», «Адамның терең сырын ашу үшін онымен бірге
бір пұт тұз жеу керек» деген т.с.с. тәжірибеден шыққан нақыл сөздер
де құбылыс пен мәннің өзара байланысын көрсетпей ме?! Расында да,
бір адам екіншімен танысқанда, ең алдымен оның сыртқы құбылысына
(киімі, бет-әлпеті, сөйлеген сөзі т.с.с.) назар аударады. Тек жүре келе,
онымен терең қарым-қатынасқа түсе, бірге өмір қиындықтарын бастан
өткізе келе ғана адамның терең мән-мағынасын ашуға болады.
«Бір көргенде ғашық» болып, бір жетіден кейін үйленіп құрған
отбасыларының көбінесе аянышты аяқталуы – бір-бірін жете білме-
геннен, өмірді үстірт қарағаннан, құбылысты мәнге теңеуден шыға
ма? – деген ойдамыз.
Бүгінгі реформалар барысында қоғам үлкен өзгерістерге түсіп,
мыңдаған жаңа құбылыстар дүниеге келді. Бұрынғы қоғамнан қалған
өмір құндылықтары басқаларға ауысып жатқан кезде, біршама тар-
тымды құбылыстармен қатар терісағарлар да баршылық. Осындай аху-
алда өз терең болмысыңды сақтап қалу, өмірге керек құндылықтарды
игеру, сонымен қатар көп келеңсіз жайттармен күресу – әрбір саналы
азаматтың міндеті болмақ.
§ 5. Сапа мен сан ұғымдары
Жоғарыда көрсетілгендей, жекелік, дербестік – болмыстағы
заттардың өмір сүру тәсілі. Әрбір зат, құбылыс – ерекше, шектелген,
басқаға ұқсамайды. Тарихи алғашқы адамдар заттардың осы жақтарына
назар аударады. Оның әрбір қажеттілігін өтейтін зат дара, өзгеше болып
көрінеді. Міне, осы сәттен бастап, сапа ұғымы дүниеге келе бастайды.
Сапа дегеніміз – заттың болмыстағы анықтығы, соның арқасында оны
басқадан айыруға мүмкіндік аламыз. Ол адамға қарапайым аңлау,
меңзеу арқылы беріледі.
Аристотельдің ойынша сапа дегеніміз – заттың тектік айырмашы-
лығы, сонымен қатар ол өне бойы өзгерісте болады.
Ортағасырдағы діни философияда сапа өзгермейтін, мәңгілік,
заттардың ішкі сыры ретінде түсіндірілді.
Жаңа дәуірде ғылымның күрт дамуына байланысты заттың сапасы-
нан гөрі, сандық жағына мейлінше көбірек көңіл бөлінді. Бірақ сапаны
385
ерекше зерттеп оны екіге – бірінші және екінші сапаға бөлген Дж.Локк
болды. Егер заттың кеңістіктегі көлемі, салмағы, түрі, қозғалысын ол
біріншіге жатқызса, иіс, дыбыс, түс, дәмді екіншіге теңеді.
Гегельдің түсінігі бойынша, сапа – қарапайым нақтылық. Бірдеңе
өз сапасы арқылы сол, ал одан айырылса, өзін де жойып, басқаға
айналады. Сапа – іштей қайшылыққа толы, ол өз ішінде теңдік пен
айырмашылық, шынайылық пен терістеу, шектеулік пен шексіздік,
бірдеңе мен өзгені қамтиды. Осындай талдаудың нәтижесінде Гегель
дүниедегі пайда болып, өмір сүріп, жоққа кетіп жатқан заттар мен
құбылыстардың шексіз көптүрлілігін мойындап, олардың бір-бірімен
теңдігін сападан көреді, өйткені олар қандай әртүрлі болса да, бәрінің
де өзіне тән сапасы бар. Нәтижесінде, Гегель сезімдік аңлау арқылы
берілетін нақтылы сападан жалпы абстрактіліқ сапа ұғымына өрлеп,
дүниенің шексіз көптүрлілігін, соның ішіндегі әрбір құбылыс басқаға
тең, сонымен қатар тең еместігін, біреулердің көптігін мойындайды.
Көптің әрбіреуі өзгемен тең, әрбіреу – бір, сонымен қатар көптің бірі.
Ал мұның өзі Гегельді сандық санатқа алып келеді.
Сапа жөніндегі қазіргі түсініктерге келер болсақ, ол заттың қасиет-
терінің жиынтығы арқылы анықталады. Қасиет деп заттың өзгемен
қатынасқа түскен кездегі сапасының кейбір жақтарының көрінісін айта-
мыз. Екінші затпен байланысқа түскен кезде, оның басқа қасиеттері
көрініс табуы мүмкін. Олай болса, заттың сапасын оның кейбір
қасиеттерімен теңеуге болмайды, сапа заттың ішкі және сыртқы
анықтығын көрсететін біртұтас мәнді қасиеттерінің жиынтығы болмақ.
Заттың сапасымен қатар, сандық жақтары бар. Ол кеңістік пен
уақыттың шеңберінде созылған, салмағы, формасы, т.с.с. жақтары-
мен танылады. Тарихи белгілі бір қажеттіліктерді өтейтін әртүрлі
заттар бір-бірімен салыстырылып, олардың теңдік жақтарымен қатар
айырмашылықтары анықталған кезде, сан ұғымы пайда болады.
Сондықтан заттың сандық жақтарын байқау қарапайым аңлаудан өтіп,
ақыл-ойды пайдалануды талап етеді. Шындықтағы сандық өзгерістерді
сараптаудың негізінде математика ілімі дүниеге келеді.
Сапамен салыстырсақ, заттың сандық жақтары әртүрлі болуы
мүмкін, белгілі бір межеге дейін сандық өзгерістер оның сапасын
жоймайды. Сондықтан заттың сандық жақтары оған парықсыз деп
айтуымызға болады.
Заттың сандық жақтарына алғашқы көңіл бөлген пифагорлықтар
болды. Олар оны заттың терең мән-мағынасы деп есептеді. Ал оның
қайнар көзі Құдайда жатыр, олай болса, ол – құпия.
Демокритті алып қарасақ, ол санның негізінде ары қарай бөлінбейтін
атомдар жатыр деген ойға келеді. Сан дегеніміз – атомдардан тұратын
қайсыбір заттың мөлшері.
386
Платонның түсінігінше, материалдық зат – идея әлемінің көлеңкесі
ғана. Заттың сандық жағын анықтайтын – идея, ал оны зерттейтін –
математика (геометрия) ілімі.
Аристотельдің ойынша, сан, сызық, фигураның т.с.с. заттардан тыс
өзіндік болмысы жоқ, ол – заттардың қасиеттері. Сол сияқты, дүниеде
бос кеңістік те жоқ. Уақытқа келер болсақ, ол – қозғалыстың өлшемі.
Жаңа дәуірдегі философтар да бұл ойды қолдап, математика
ілімінің пәні шынайы кеңістік пен уақыт шеңберінде өмір сүріп жатқан
заттардың мөлшері деген пікірге келеді.
Канттың ойынша, қайсыбір көлем – қиялдың күшінен шығатын
құбылыс, ал сыртқы сезімдегі барлық көлемдердің көрінісі – кеңістік,
ішкі сезімдегісі – уақыт.
Гегель алғашқы рет сапа мен санның бірлігі мен айырмашылығын
көрсете білді. Егер заттың сапасы өзгерсе, онда ол басқа затқа айна-
лады, ал сандық өзгерістер сол заттың шеңберінде оның табиғатын
бұзбай, біршама деңгейге дейін бола беруі мүмкін.
Бүгінгі таңдағы түсініктер бойынша, әртүрлі сападағы заттардың
ортақ, жалпы, біркелкі жақтарын салыстырып өлшеу арқылы сандық
санат дүниеге келеді. Бүгінгі таңдағы ғылымда сан алуан заттың
сандық жақтарын өлшейтін үлгілер жасалған. Математика ғылымы
да өте күрделі ең дерексіз ілімге айналды. Айта кететін бір жайт –
зерттелетін зат неғұрлым күрделі болса, оның сандық өлшемін анықтау
да соншалықты қиынға түседі. Оны әсіресе қоғамдағы үдерістерден
көруге болады. Адамның рухани өмірін, ішкі тебіренісін, әсемдікке
ұмтылысын ешқандай математика анықтай алмайды. Бірақ, соған
қарамастан, қоғамтану саласында да статистикалық әдістемелер
арқылы олардың да шамамен өлшемі анықталады.
Келесі мәселе – сапа мен санның өзара байланысы, диалектикалық
бір-біріне өтуі. Оны талдау үшін жаңа ұғымдарды енгізуіміз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |