түбегейлі өзгерістер
, осы тұрғыдан
алып қарағанда,
нағыз секіріс
болып саналуы қажет. Өйткені күрделі
өзгерістер тек қоғамның кейбір салаларын ғана қамтып жатқан жоқ, ол
қоғамның барлық құрылымдарында жүріп жатыр. Экономика саласына
келер болсақ, тоталитарлық жоспарлы жүйе нарықтық жеке меншікке
негізделген шаруашылыққа ауысты; халықты әлеуметтік жағынан
тұрпайы теңеу саясаты жаңа топталу саясатына ауысты, әлеуметтік
құрылым күрделене бастады; қоғамның саяси саласында бірпартиялық
жойылып, әртүрлі таптар мен топтардың мүдделерін қорғайтын көп-
партиялық жүйе дүниеге келді; барын өз астына көмкерген тотали-
тарлық мемлекет – Левиафан жойылып, жаңа «азаматтық қоғаммен»,
«адамдардың құқықтарымен» санасып жұмыс істейтін мемлекет
қалыптасуда; қаншалықты қиындықтың астарында жүріп жатса да,
рухани-адамгершілік салада да үлкен өзгерістер байқалады.
Қоғамтану салаларындағы деректерге жүгінсек, өтпелі дәуір шама-
мен 15-20 жылға созылады екен. Бірақ дүние жүзіндегі бірде-бір ел,
ТМД елдері сияқты, бүкіл елдің байлығын мемлекеттің қолына өткізген
жоқ-ты. Сондықтан біздің «секірісіміз» ерекше, аса қиын жағдайда
өтуде. Дегенмен аталған жылдардың шеңберінде нарықтық экономикаға
негізделген демократиялық құқықтық мемлекеттің мықты іргетастары
қаланады деген үміттеміз. Әңгіме – осындай тағдырлы өзгерістерде өз
руханиятымызды сақтап, ары қарай дамыта алсақ болғаны.
Енді аталған ойды нақтылай түссек, 1985-1991 жж. өткен тарихты
сараптау, ойлану-толғану, біз неге дүниежүзілік қауымнан қалып
қойдық, оған кім кінәлі, не істеу керек деген ойлармен болдық. іс
жүзінде, бұл уақытта әлі нақтылы реформалар басталған жоқты.
Тек Кеңес қоғамы құрдымға кетіп, жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда
болған кезден бастап, нақтылы реформалар басталды (1991 ж.). Сонда,
теориялық болжамдарға жүгінсек, күрделі реформалар 2005-2010 жж.
аяқталуы қажет. Мүмкін, Түрікменстан, Беларусс, Тәжікстан сияқты
елдерде ол бұдан да ұзаққа созылуы, ал аса тез қарқынмен келе жатқан
қазақ елі оны ертерек бітіруі ғажап емес, өйткені реформалардың
кейбір салалары Ресейден тез өтуде (жекешелендіру, муниципалдық,
зейнетақы жүйесі, аграрлық реформалар т.с.с.). Тағы да айту керек, тек
өз болмысымызды осы үдерістерде жоғалтпауымыз қажет.
Қорыта келе, біз «сапа», «сан», «өлшем», «секіріс» санаттарының
бір-бірімен тығыз байланысты болып, белгілі бір жүйені құрайтынын
байқадық. Оны әдебиетте «Сапа мен санның өзара бір-біріне өту
заңы» деп атайды. Ал оның мәнін біз жоғарыда көрсетуге тырыстық.
Ғылымдағы негізгі мақсаттың бірі – зерттеліп жатқан нысанның
389
өлшемін анықтау. Адамдардың өмірі мен жүріс-тұрысында әрқашанда
өлшемнен тыс шығып кетпеуге әдеттену қажет. Сонау көне заманда
Солонның айтқан «өте еш нәрсе» деген нақыл сөзін ұмытпағанымыз
жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |