Серік Мырзалы философия оқу құралы


атом алғашқы бағытынан ауытқып



Pdf көрінісі
бет80/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
атом алғашқы бағытынан ауытқып
кетеді. Олай болса, 
бұл Демокриттің дүниеде тек қана қажеттілік пен себеп бар деген 
көзқарасына үлкен соққы болды. Атомдардың ауытқуын Эпикур оның 
ішкі қасиеттерінен шығады деп түсіндіреді.
Эпикурдың этикасы мен теологиясы 
(theos – құдай, logos – ілім)
Эпикур: «Дүниені зерттеу – ол адамның негізгі мақсаты емес», – 
дейді. Адамның негізгі мақсаты – бақытты өмірге жету. Ал оған жету 
үшін адамдар ғарыштың қандай екенін, Құдайлар бар ма, әлде жоқ 
па, өмір мен өлім жөнінде, табиғаттағы адамның үрейін туғызатын 
құбылыстар жайында өздерінің түсініктерін қалыптастыруы керек. 
Сонда ғана адам бақытты өмірге жете алады, ал ол үшін философияны 
оқу керек. Ол ешқашанда ерте де емес, кеш те емес.
Эпикурдың ойынша, бақыт дегеніміз – еш нәрсеге кеселі тиме-
ген ләззат. Ол адамның жаратылысынан, табиғатынан шығады. Адам 
дүниеден ләззат алуға, зардаптан қашуға тырысады. «Сондықтан біз 
ләззатқа жетуді бақытты өмірдің басы мен аяғы деп есептейміз», – 
дейді Эпикур.
Осы айтылған және де басқа ойлардың негізінде, жүре келе фило-
софияда 
эпикуреизм
деген ұғым пайда болды. Бұл ұғым өмірдің 
мән-мағынасы ләззатты қууда, құмартуда, дүниенің барлық қызығын 
қамтуға тырысуда деген мағына береді. Тарихта, өкінішке қарай, ірі 
тұлғалардың кейбір ойлары бұрмаланып, сол тұлғалар туралы болашақ 
ұрпақтардың санасында қисық пікір пайда болады.
Мәселенің шынына келсек, Эпикур ләззат алу ұғымын тіпті басқаша 
түсінді. Егер адамның табиғи қажеттіліктері өтелсе (ішетін тамағы, 
киетін жылы киімі, ауасы жететін жылы баспанасы болса), онда 
адам өзінің табиғи дарындарын сыртқа шығарып, шығармашылық 
дәрежесіне көтеріліп, өзін нағыз бақытты адаммын деп сезінеді. 
Эпикурдың мектебіне оқуға келген адамды алғаш рет қарсы алғанда, 
оның аяқ-қолын таза сумен шайып, содан кейін бір шелпек нан мен 
бұлақтың суын беріп: «Ал енді өзіңізді бақытты сезініңіз», – дейді екен.


93
Эпикур ләззаттың өзін дұрыс түсінуге шақырады, өйткені 
адамның қажеттіліктерін табиғи және жасандыға бөлуге болады. Ал 
соңғылардың біршамасы тіпті керек те емес. Олардың анықтаушысы – 
адамның ақыл-ойы, әділеттілік және адамгершілік сезімдері.
Ләззат алудың соңғы мақсаты – ол дененің зардабы мен жан 
дүниесінің қобалжуынан аулақ болу. Оны ол кісі 
атараксия
(ataraxіa – 
грек сөзі, қобалжымау) деген ұғыммен береді. Егер адам тыныш 
өмірге ұмтылса, жан дүниесі тұрақты болса, дене ауруы болмаса, 
болашақ зардаптан, өлімнен қорықпаса, онда оның ішкі рухани өмірінің 
бақыты арта түседі. Жай бір тынық жерде, жолдастарыңның арасында, 
мемлекеттің жұмысына араласпай, өзіңмен-өзің болып өмір сүрсең,
сен бақытқа жетесің. Эпикурдың жақсы көретін нақыл сөзі – «Lathe 
bіosas» – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет