Серік Мырзалы философия оқу құралы


Рухани сенімнің дүниеге келуі



Pdf көрінісі
бет87/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
Рухани сенімнің дүниеге келуі. 
Гректер-
дің ойынша, сенім сезімдік танымнан шығады, ал сезіммен қабылда-
натынның барлығы – жалған, өтпелі, өзгергіш, сондықтан олар ақыл-ой 
(epіsteme) арқылы дүниені тануға, игеруге көп көңіл бөлді. Орта 
ғасырдағы ахуал ақыл-ойды шектейді, ғылымның ар жағында сенімнің 
бар екендігін мойындайды. Сөйтіп, адамның үшінші өлшемі ашылады: 
егер гректер адамды тек дене және жан-дүние деп алып қараса, қазір 
оған рухани сенім қосылып
«дене-жан-рух»
адамның үш құрамды 
бөлігіне айналады. 
Сегізінші ерекшелік – 
Құдайдың сүйіспеншілігі.
Егер гректердің эросы адамды жетілдіруге ұмтылдыратын күш, 
сезімдік құдіретті әлеммен байланыстырушы ретінде қаралған болса


102
Ортағасырдағы діни түсінік бойынша, сүйіспеншілік («агапэ») адамның 
жоғарғы игілікке ұмтылысы емес, ол – Құдайдың адамдарға түсуі. Ол 
адамдарға берілген сый және қайырымды талап етпейді. 
Егер гректердің ойынша сүйетін – адам болса, жаңа рухани ахуал-
да – ол Құдай, оның сүйіспеншілігі – риясыз, ол күштіні де, әлсізді де, 
кемтарды да – барлығын сүйеді... Сондықтан адамдар Құдайға еліктеп, 
бірін-бірі сүюлері керек. Кімнің сүюге қабілеті жоқ, ол әлі Құдайды 
таныған жоқ, өйткені Құдай дегеніміз – сүйіспеншілік. Христиан діні 
жақыныңды, алысыңды сүйіп қана қоймай, сонымен бірге жауыңды да 
сүй деп, адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін талап 
қояды.
Адамзат тарихының жаңа мән-мағынасы
– соңғы ерекшеліктердің 
бірі. 
Гректердің ойынша, тарих ғарыштың тағдырымен тығыз байла-
нысты. Ғарыш оттан пайда болып, дүниежүзілік өртте құриды да, тағы 
жаңа дүние келеді. Ол тағы да өртте құрып, тағы да жаңарады. 
Ал жаңа дүниеге келген көзқарастың шеңберінде тарих қайта-
ланбайды, ол өзінің соңына бара жатыр. Уақыттың соңы онымен 
қатар жаратылған дүниенің сарқылуымен тең. Соңғы сот – Құдайдың 
патшалығының толыққанды келуіне тең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет