Серік Мырзалы философия оқу құралы


қаншалықты  өзгерте алады



Pdf көрінісі
бет34/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

қаншалықты 
өзгерте алады
?
Бірінші жауапты, негізінен, төмендегі көзқарасқа теңеуге болады. 
Біздің шығармашылық іс-әрекетіміз дүниені толығынан өзгертіп, жаңа, 
өзіміздің ойымызға сай өмірді туғыза алады. Мысалы, марксизмнің 
коммунистік идеясын осы бағытқа жатқызуға болар еді. Сонымен, адам 
өз болмысын шығармашылық іс-әрекеті арқылы толығынан дүниені 
өзгертіп жасайды.
Екінші жауап мұндай дара көзқарастан бас тартып: «Адам дүниені 
өзінің саналы іс-әрекеті арқылы 
өзгерткенмен, оны толығынан қайта 
құра алмайды
, тек қана салыстырмалы түрде ғана басқа өзгертілген 
дүние келуі мүмкін», – деген пікір айтады. Ал бұл көзқарас дүниені 
өзгертуде адамның 
«жеті рет өлшеп, бір рет пішуін»
, бүгінгі таңдағы 
қажеттіліктерін болашақтағы өмірмен ұштастырып, волюнтаризмге 
жол бермеу жағына, айнала қоршаған ортаға өте ұқыптылықпен 


36
қарап, адамның пенде екендігін, оның Құдай еместігін алаңдаушылық 
сезіммен бізге жеткізеді.
Бұл мәселе әсіресе біздің жаңару үстіндегі қоғамда жүргізіліп жатқан 
іс-әрекеттермен тығыз байланысты. Дүниені коммунистік тұрғыдан 
толығынан өзгерту жолынан бас тартып, біз келесі біржақтылыққа – 
«нарықтық жұмақ» орнату жолына түсіп кеткен жоқпыз ба? Біз неге 
өткен қоғамның тиімді жақтарын ұстап қала алмадық? Біз қаншалықты 
өзгерген қоғам орнатуымыз керек? Бұл сұрақтар – ашық сұрақтар. 
Оқырман дүниеге деген өз көзқарасының шеңберінде бұларға өзі жауап 
табуға тырысса екен дейміз.
Қорыта келе, философияның негізгі мәселесінің бірінші – онтоло-
гиялық жағы: «Бұл дүние не?» – деген сұраққа жауап берсе, екінші – 
гносеологиялық, праксеологиялық, аксиологиялық жақтары: «Бұл 
дүниені қалайша танып-біліп, бағалап, өзгертуге болады?» – деген 
сұраққа жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет