Серік Мырзалы философия оқу құралы


«Жердегі қала» мен «Құдай қаласы»



Pdf көрінісі
бет97/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

«Жердегі қала» мен «Құдай қаласы»
Сонымен, зұлымдықтың түп-тамыры адамның өзін ғана сүюінде 
болса, игіліктің тамыры Құдайды сүюде, яғни ақиқатты, игілікті сүюде 
жатыр. 
Құдайды сүйетін адамдар бірігіп, «Аспан қаласын» (яғни шіркеуді) 
құрайды, ал қалғандары – «Жердің қаласының» пенделері. Соңғылар 
адамның даңқын іздейді, ал біріншілер Құдайдың даңқын арттырады. 
Бұл жердегі өмірде олар Қабыл мен Әбілдің тұқымдары ретінде бір-
бірінен бөлінеді. 
«Жер қаласының» адамдары бұл дүниеде өздерін әлемнің патшасы 
ретінде сезінеді, ал «Аспан қаласының» адамдары дәруіш сияқты 
жүреді. 
Августин адамзат тарихының басы болғаннан кейін, оның соңы 
да бар деген пікір айтады. Дүние соңында адамдарды қайта тірілтіп, 
қаһарлы соттан өткізетініне ол сенген. 
Құдай адамға сүйіспеншілікті сыйға тартты. Сондықтан адам 
жақынды да, алысты да, дүниедегі заттарды Құдайдың риясыз жаратқан 
кейпі ретінде сүйсе, онда ол – нағыз сүю (charіtas).
Ал адам өзін ғана сүйіп, жердің қызықтарына ғана құмартса, онда 
оны жалған сүю (cupіdіtas), (ындын, құмартушылық) деп атауға болар 
еді. 
Қорыта келе, Августиннің сенім шеңберіндегі философиясы өзінің 
гуманистік-адамгершілік бағытымен адамзаттың рухани қазына-
сында ерекше орын алады. Адамның өлшемі оның басқаларды сүю 


113
салмағымен анықталады. Августин айтқандай: сүй, сонда ғана не 
істегің келсе де, жасай бер! 
§ 3. Схоластикалық философия. Фома Аквинский 
Патристикалық философия христиан дінінің негізгі қағидаларын 
жүйеге келтіріп, ХI ғасырға қарай діни философияның екінші сатысына 
өтуге жағдай жасады. Патристиканың мистикалық жағы жаңа жағдайда 
көп ойшылдарды қанағаттандырмай, Тертуллианның жоғарыда келтір-
ген нақыл сөзі басқаға «credo ut іntellіgam» (сенемін түсіну үшін) ауы-
сады. 
Құдайға сену бұрынғыдай бірінші орында болса да, қазір одан кейін 
білім қойыла бастайды. Негізгі мақсат – құдіретті аян арқылы берілген 
ұғымдардың мазмұнын анықтау, ақыл-ой елегінен өткізу, бір-бірімен 
үйлесімді түрде ұштастыру т.с.с. 
XI-XII ғасырларда алғашқы рет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет