Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет99/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

номинализм, реализм
және 
концептуа-
лизм

Номинализм
(nomіnіs, – лат. сөзі, заттың аты) – схоластикадағы 
жалпы ұғымдардың болмыстық мағынасын мойындамайтын, олар тек 
қана ой-өрісте ғана деп санайтын ағым. Номиналистер: «Шын өмірде 
тек қана заттар өмір сүреді, универсалиялар – жалпы ұғымдар, тек қана 
заттардың аты, біздің аузымыздан шығатын дыбыстар ғана», – деген 
пікірге келеді. Осы тұрғыдан олар Құдайдың үш тұлғалылығын да 
қатты сынға алды.
Реализм
(realіs – лат. сөзі, шынайы зат) бағытына келер болсақ, олар 
номинализмге қарсы бағытталған. «Универсалиялар – жалпы ұғымдар, 
шынайы және адамдардың санасына тәуелсіз өмір сүреді», – деген 
пікірді ұстанады. 
Концептуализм
(conceptus, – лат. сөзі, ұғым) бағыты: «Жалпы ұғым-
дар бөлек өмір сүре алмай, болмыстық орны болмағанмен, бірақ олар 
тек қана заттарға қойылған ат емес, негізінде, ақыл-оймен қорытылған 
заттардың жалпы қасиеттерін бейнелейді», – деген пікірге келеді. 
Сөйтіп, концептуализм бір-біріне қарсы тұрған екі бағыттың 
сыңаржақтығын байқап, универсалия мәселесін дұрыс шешу жолына 
шығады. 
Схоластика философияның пісіп-жетілген кезінде өмір сүрген
Ортағасырдағы аса ұлы тұлғалардың бірі – 
Фома Аквинский
(1221-1274 жж.). Италия елінде бай ақсүйектердің отбасында дүниеге 
келген. Неаполь университетінде оқыған. 1256-59 жж. Париж универ-
ситетінің теология кафедрасын басқарған. Өмірінің соңында ел аралап, 
Еуропа университеттерінде лекциялар оқиды. 1323 ж. «әулие доктор» 
атағы беріліп, шіркеудің бесінші ғұламасы болып есептелген. 
Өмірінің және өзінің жазған еңбектерінің түкке тұрғысыздығы 
Фомаға өлерінің алдында ашылса да, соған қарамастан, ол кітаптарын 
жазуды қоймады. Өзінің көмекшісінің демалуды өтінген тілегіне: 
«Жоқ, себебі, менің осы уақытқа дейін жазғанымның бәрі қазір менің 
көз алдыма келген аянмен салыстырғанда, күл сияқты», – деген жауабы 
аңыз болып қалған. 
Фома Аквинскийдің негізгі еңбегі «Теология жинағы», «Табиғаттың 
бастамалары», «Мән мен өмір сүру жайлы» т.с.с. 
Ортағасырлық схоластикада Фома Аквинский Құдайдың болмы-
сына жан-жақты ең көлемді, дәлелдеулерін келтіреді. Олар – бесеу. 


115
1. 
Қозғалыс
арқылы дәлелдеу. «Бұл дүниеде бірдеңе қозғалатынына 
ешкім күмән келтірмес», – дейді ойшыл. Мысалы, оттың қазіргі қажетті 
жылуы ағаштың әлеуетті жылуының өзекті жылуына өтуіне, яғни 
оны өзгеріске, қозғалысқа әкеледі. Бірақ белгілі бір зат бір уақытта 
әлеуетті және дәл қазіргі қажетті бір қатынаста бола алмайды. Қазіргі 
қажетті ыстық зат әлеуетті ыстық бола алмайды. Олай болса, бірдеңе 
бір уақытта қозғалушы және қозғалтушы бола алмайды, яғни заттың 
өзі – өз қозғалысының қайнар көзі емес. Онда қайсыбір қозғалыс 
басқа қозғаушы күшті қажет етеді, соңғы тағы да басқаны т.с.с. Бірақ 
оны шексіздікке кетіру мүмкін емес. Олай болса, біз бірінші өзі 
қозғалмайтын қозғаушы күшті қажет етеміз. Ол – Құдай. 
2. 
Тудырушы
себеп арқылы дәлелдеу. Сезімдік заттарға назар 
аударсақ, біз тудырушы себептердің бірінің артынан бірі келіп отыра-
тынын байқаймыз. Алайда бірде-бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет