Серік Мырзалы философия оқу құралы


Ерік, бостандық және игі дәнекерлік



Pdf көрінісі
бет96/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Ерік, бостандық және игі дәнекерлік
Дүниедегі зұлымдықтың түп-тамыры адамның еркінде болғаннан 
кейін, Августин оны егжей-тегжейлі талдап, еріктің тұрақсыздығын 
көрсетеді. «Ол мен едім, оны тілеген, сонымен бірге одан бас тартқан. 
Сөйтіп, өз-өзіммен күресіп, өз-өзімді тырнадым», – дейді ойшыл. 
Сократ уақытында: «Адамның зұлымдылыққа баруы – оның біл-
мегенінде», – деген тұжырымға келген болатын. 
Алайда адамдарды толғандыратын нәрсе – ол білім мен еріктің бір-
бірінен алшақтығы. Жақсылық пен жамандықтың не екенін біле тұра
соңғыға ұмтылу – адамдардың өмірінде жиі кездесетін құбылыс. 
Августин бұл мәселеге «коперникандық төңкеріс» жасап, «бостан-
дық – ақыл-ойдың емес, еріктің қасиеті» деген пікірге келеді. 
Ерік – ақыл-ойдың басқаша көрінісі. Ақыл-ойдың қабылдайтыны-
нан ерік бас тартады. 
Ақыл-ой танып-біледі, ерік таңдайды 
және 
оның таңдауы көбіне ақылға сыймайды. 


112
Алғашқы тектік күнә – ол адамның тәкаппарлығынан шықты
ерік ауытқып, Құдай талабына сай келмеді. Адамның кеудесінде бос 
ұлылық пайда болып, менмендікке әкеледі, содан кейін тек өзін ғана 
мадақтап, өзін ғана сүйеді. 
Августин: «Адамның еркі сонда ғана шынайы, егер ол зұлымдыққа 
бармаса», – дейді. Ондай талап адамға алдын ала қойылған болатын. 
Бірақ ол Құдайдың талабын бұзды, ал оның өзі оның еркін әлсіретті. 
Сондықтан бірде-бір адам тек өз күшімен, қанша тырысса да, күнә 
шеңберінен шыға алмайды, өйткені ол өз-өзіне жеткілікті емес. Оған 
әрқашанда Жаратушының көмегі керек. 
«Адам тек өз күшіне ғана сеніп, Құдайдың қолдауынан бас тартса, 
ол әрқашанда күнәнің олжасы. Бірақ әр адамның құтқарушысына сиы-
нып, ерікті түрде Құдайдың сыйына жетуіне мүмкіншілігі бар. Адам 
әрқашанда Құдайына сену арқылы өзінің күш-жігерін зұлымдыққа 
қарсы күреске жұмсап қана нағыз еріктікке ие болады». 
Енді біздің Августиннің қоғам мәселелерін қалай шешетінін 
қарауымызға мүмкіншілік келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет