Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет100/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

өзін-өзі тудырған
затты ешкім 
көрген жоқ. Олай болса, зат өзінің алдында өзі дүниеге келер еді, ол 
мүмкін емес. 
Алайда тудырушы себептерді шексіз соза берсек, онда бірінші 
себеп болмас еді, ол жоқта салдарлар да жоқ болар еді. Ол ақыл-ойға 
сыймайды. Олай болса, алғашқы дүниені тудырған себепті мойындау 
керек. Ол – Құдай. 
3. 
Мүмкіндік пен қажеттілік 
арқылы дәлелдеу. Біз дүниеде болуы 
мүмкін және мүмкін емес заттарды күнбе-күн көреміз. Бүгін бар, ертең 
жоқ. Бірдеңе дүниеге келіп, содан кейін кетеді. Мұндай заттардың 
мәңгілік болмысы жоқ. Бірдеңенің бейболмысқа өтуі мүмкін болса, ол 
ертелі-кеш оған өтеді. Олай болса, дүниедегінің бәрі де бір күні жоқ 
болуы мүмкін. Олай болса, біз шынайы, бейболмысқа өтпейтін мәңгі 
Құдайды қажет етеміз. 
4. 
Сатылық арқылы
дәлелдеу. Біз заттардың ішінен әртүрлі 
сатыдағы кемеліне, игілігіне, сұлулығына келгендерді көреміз. 
Дүниедегі заттарды біз бір-бірімен салыстыру арқылы бағалаймыз, 
бірақ мұның өзі кемеліне келген, ең сұлу игіліктің қажет екенін талап 
етеді. Сұлулықтың, Ақиқаттың, Игіліктің соңғы себебі – Құдай.
5. 
Табиғаттағы тәртіп
арқылы дәлелдеу. 
Табиғаттағы ақыл-ойы жоқ заттардың болмысы белгілі бір мақсатқа 
лайықтылыққа бағытталған. Ал олардың санасы жоқ болса, олар белгілі 
бір сананың, еріктің басшылығымен өмір сүреді деген ойға келеміз. 
Ол атылған оқты еске түсіреді, бірақ ол оқты жіберген садақшыны 
естен шығармауымыз керек. Олай болса, бүкіл дүниеге мақсат берген 
саналының бар екенін мойындауымыз керек. Ол – Құдай.


116
Онтология (болмыс) мәселелері
Фома Аквинскийдің болмыстық ілімінің қайнар көзі Аристотельдің 
«потенция» (әлеует) және «акт» (әрекет) деген ұғымдарына кетеді. Әлеует 
(мүмкіндік) дегеніміз ол болуы да, болмауы да мүмкін, шайқалған, 
тұрақталмаған, өзгеруге ашық, аяқталмбаған, кемеліне келмеген. «Таза 
әлеуеттік» – ол материя, болмыстың ең әлсіз түрі. Ол тек өзгертіледі, 
сыртқы әсерлер қабылдайды. Қазіргі маңыздылықты (шындық) алатын 
болсақ – ол іске асқандық, өмірге кіргендік, аяқталғандық, кемеліне 
келгендік. Маңыздылық – ол форма (бітім), сол арқылы заттар өзінің 
болмыстық дәрежесіне көтеріледі. Дара маңыздылық – Құдай, қайсыбір 
бітімнің қайнар көзі. Олай болса, Құдай – болмыстың өзі де, ал дүние 
болмысқа ие ғана. Тек Құдайда болмыс пен мән-мағына бір-біріне сәйкес 
келеді, сондықтан ол – таза әрекет (шындық), өзіне-өзі жеткілікті бол-
мыс. Ал дүниедегі жаратылғандардың бәрі – өмір сүруге бағытталған 
ғана. Әлемдегі заттар бұл дүниеде болуы да, болмауы да мүмкін, ол 
қажетті емес. «Олардың өмір сүруі мен мән-мағынасы толығынан бір-
біріне сәйкес келмегеннен кейін, оны бүкіл жаратылған дүниеге тара-
тып, оның болуы да, болмауы да мүмкін еді, онда осы дүние мүмкіндік 
пен кездейсоқтықтан пайда болды», – деген пікір айтады. Фома 
Аквинскийдің бұл ұлы ойларын талай ғасырлар өткеннен кейін, ХХ 
ғасырда ғалымдар растады. Қазіргі Әлем жөніндегі түсініктер бойынша 
дүние өзінің ішінде орасан зор әлеуетті сақтайды, соның кішкентай 
ғана бөлігі кездейсоқтық арқылы іске асады (маңыздылыққа айналады), 
әлеует-шындықтың қай толқыны дүниеге айналады, ол кездейсоқтыққа 
байланысты. Толық болмыс тек Құдайда ғана болса, жаратылған дүние 
болмыстыққа қатысады. Сондықтан болмысқа келген заттардың өзінің 
мән-мағынасын ашудағы, шындыққа айналдырудағы мүмкіндігі зор, 
олай болса, Фома Аквинскийдің философиясы – оптимистік философия. 
Өйткені біздің бұл дүниеге келуіміз де, келмеуіміз де мүмкін еді. Бірақ 
біз бағасы жоқ қымбатты сыйға – өмірге ие болып, көз алдымыздағы 
болмыстың таңғажайып құбылыстарына шаттанып қараймыз, өзіміздің 
ішкі мүмкіндіктерімізді, табиғи дарындарымызды өмірге өткізуге, іске 
асыруға тырысамыз. 
«Адам ақыл-ой иесі болып жаратылғаннан кейін, ол әр заттың ішкі 
мақсатын, не үшін жаратылғанын біле алады. Сондықтан адамның 
іс-әрекетінің алдында не істейтінін түсіну жатыр. Жердегі заттар мен 
адамдар жаратылған дүниеге жатқаннан кейін (Жаратушы біреу ғана, 
ол – Құдай), олар әртүрлі сатылық деңгейде болады, ал ақыл-ойға кел-
сек, оның әртүрлі құндылықтарының ішінен өзіне керектерін таңдап 
алуына мүмкіншілігі бар. Ақыл-ойдың осы еріктігінде зұлымдықтың 
түп-тамыры жатыр», – дейді Фома Аквинский.


117
Әрине, адам Құдайды, дүниеде не істеу керектігін – бәрін біледі. 
Ерікті адам белгілі бір мақсатқа жету үшін өзін-өзі жетектейді. Ол 
садақшының жіберген оғы, адамдардың ойнайтын әуен құралы
емес. 
Бірақ дүниені түсіну мен соған сәйкес іс-әрекет ету – екі түрлі нәрсе. 
Адам күнәға батқанда, сол өзіне тән еріктіліктің негізінде ақиқаттан 
алшақтап кетуі, тіпті оны ұмытып кетуі мүмкін. 
Фома Аквинский дүниеде төрт түрлі заңдар бар дейді. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет