Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет85/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

рухты тауып
, өзінің Құдаймен 
байланысты пенде екенін аңғарады. Мұның өзі философияның жаңа 
түрінің пайда болуына әкелді. Ол – 
сенім шеңберіңдегі философия

рух саласын зерттеу философиясы.
Еуропа топырағында бұл заманда дүниеге келген философия
негізінен, діни көзқарасқа жақын, екінші жағынан, адам тағдыры, ел 
қандай болуға тиіс т.с.с. мәселелерді қамтыды.
Бұл жаңа рухани ахуалдың бірінші ерекшелігі – 
монотеистік
(бірқұдайлық) көзқарастың негізін жасау. Ертедегі гректер Құдай біреу 
ме, әлде көп пе деген ой шеңберіңде болды. Аристотель аспандағы 
жұлдыздарды құдайлықпен теңеп, ал Плотин ғарышты «Көрінген 
Құдай» деп есептесе, енді бірде Құдайдан басқа еш нәрсе жоқтығы 
айтылды. 
Екінші ерекшелігі – 
креационизм
(creatura – лат. сөзі, жасау, 
жарату). Бұл – дүниені жоқтан бар қылып жасаған Құдайды мойындау. 
Грек философиясында дүние әртүрлі стихияның қосындысы ретінде, я 
болмаса Платонның Демиург туралы ілімі, Аристотельдің «Мәңгілік 
қозғалтқышы» аркылы түсіндірілсе, Ортағасырда дүние мен адам 
Құдайдың құдіретті күші арқылы жаратылды деген пікірден таймайды.
Үшінші ерекшелік – 
Антропоцентризм
(antropos – адам, centrum – 
орталық). Грек философиясының негізгі мәселесі – ғылым. Адам мен 
ғылым бір-біріне қарсы қойылмайды, ғарыш макрокосм болса, адам – 
микрокосм. Адамды қаншалықты дарыптеп биікке қойғанмен, ол 
ғарыштың шеңберінен шықпайды. Аристотельдің айтуынша, «адамнан 
да гөрі анағұрлым жетілген заттар табиғатта көп, оларды көруге болады: 
мысалы ғарыштағы жұлдыздар». Басқаша көзқарас Ортағасырда пайда 
болды. Ол бойынша адамды еш нәрсемен салыстыруға болмайды
өйткені оны Құдай өзіне ұқсас қылып, ерекше басқадан бөліп жасады. 
Олай болса, ол – жаратылған дүниенің қожайыны, бәрінен де биік тұр. 
Сонымен қатар оның Құдай алдындағы ерекше пенде екендігі оған 
үлкен жүк артады: ол әрқашанда өзінің ар-ұжданын, жан дүниесін таза 
ұстауға тырысуы керек.
Төртінші ерекшелік – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет