Мен өте тату əрі берекелі отбасында өстім. Анам
облыс орталығына келетін
туыстарына жиі қол ұшын
беретін. Біз жатақханада тұратын кезде жанұямызда бес
адам болды. (Екінші қарындасым дүниеге келді). Солай
бола тұра, үйімізге туыстар, əсіресе институтқа түсетін
студенттер жиі қонақтайтын. Үйде абыр-сабыр адам көп
болса
да,
көңілді
отыратынбыз.
Дау-жанжалды
білмейтінбіз. Барымызбен бөлісе білдік.
Қазір көп
адамдарға осындай қасиеттер жетіспейтін секілді. Үлкен
жанұяда өмір сүру – ата-аналардың балаларына бере
алатын ең маңызды тəрбиелерінің бірі. Сен онда
басқалардың
пікірімен санасуды, мəмілеге келуді,
үлкендерді
сыйлауды,
отбасылық
құндылықтарды
қастерлеуді үйренесің.
Достарыңызбен бөлісу: