Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Құйған инвестицияның ең жақсысы – өз санаңды



Pdf көрінісі
бет41/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
Құйған инвестицияның ең жақсысы – өз санаңды
дамытуға арналғаны. Ал бизнестің ең жақсысы – осы
күнге дейін ешкім шұғылданбаған кəсіп. 
Дегенмен компанияны басқару үшін бір ғана идея мен
тіл табыса білу жəне шешім қабылдай білу өте аз. Идея
ойлап тауып, оған басқаларды қызықтыратын, алайда
бизнесті ұйымдастыра алмайтын, оны тиімді жұмыс
жасата алмайтын адамдар болады. Мұндай генератор
адамдарға жүйелі ойлайтын адам, екінші серіктес керек.
Табысты жұмыс істеу үшін өзіңнің мықты жəне əлсіз
тұстарыңды білу жəне серіктес ретінде сенімен тең
түсетін, керек жерде сені күшейтетін адамды таңдау
маңызды. Тепе-теңдік болуы тиіс. Мысалы, Юрий
екеуіміздің жағдайымыз осындай. Ол біздің бизнесте
менің қызуқандылығымды тежейтін адам. Жаңа идеяларға
шамадан тыс беріліп кеткенімде, ол: «Серікбай, сенде 33
ұсыныс бар, біреуіне тоқтау керек!», – дейді.
Кəсіпкер үшін көшті бастап, команданы алға жүруге
қанаттандыра білу маңызды. Менің атқарушылық
жұмыспен айналыспағаныма бес жылдың жүзі болды, мен
үшін басшы ретінде өкілеттіліктерді басқаларға жүктеу,
жігіттерге компанияда өздерін көрсетуге мотивация
болатындай, өсуіне мүмкіндік беру маңызды. Сол кезде
олар бізден кетуді қаламайды, бірге Көшбасшының
міндеті – жаңа көшбасшыларды тəрбиелеу деп санаймын.
Егер ол тəрбиелемесе, оларды қанаттандырмаса демек ол
көшбасшы емес. Бəрін өзің жасауға тырысудың,
бақылаудың, қолыңнан шығарып алудан қорқудың керегі


жоқ. Кəсіпкелердің міндеті – қызметкерлерге көбірек
мүмкіндік беру, оларға бақылаушы болмай, ресурс бола
білу. Мен компанияның атқарушылық жұмысына
араласпаймын, себебі көптеген қызметкерлеріміз біздің
мектептен өткен жəне бизнесті қалай жүргізу керектігін
біледі. Əрине, арасында менде қандай да бір ойлар,
идеялар пайда болғанда, жұмысымыздың тиімділігін
арттыру үшін қызметкерлермен ой бөлісемін.
Солай бола тұра əрдайым нəтижені тексеремін. Егер
біз бір жылға қандай да бір көрсеткіштерді жоспарласақ,
тоқсан сайын оны тексеріп отырамыз жəне бұл тек пайда
туралы мəліметтермен шектелмейді, мен əртүрлі
көрсеткіштер бойынша қараймын.
Компанияның тиімділігін ұдайы арттыру үшін
бірнеше фактордың болуы маңызды. Əрдайым бір жылға
оптимистік жəне пессимистік бюджет құрыңыз жəне
қаражатты пессимистік бюджет аясында жұмсаңыз,
кемінде алғашқы алты айда. Ал егер жарты жыл өтісімен
табыстарыңыздың оптимистік болжамға жақын екенін
байқасаңыз, пессемистік бюджеттің аясына шығып,
көбірек қаражат жұмсауға болады. Ақшаларыңыз
сатылмай қалған тауарлар түрінде жатпай, сізге жұмыс
істеуі үшін қоймадағы айналымды көбейтіңіз. Мүмкіндік
болғанда кредиторлық берешекті арттырыңыз, төлемдерді
кешіктіру мерзімін ұзарту туралы келісіңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет