Корпоративтік
басқарудың
жақсылықтары
Егер сіз əртүрлі қалалар мен елдерде кеңселері бар
үлкен корпорация құрмақшы болсаңыз, міндетті түрде
өкілеттіліктері: басқару мен тапсырмаларды жүйелі
жүктеуді үйрену керек. Онсыз болмайды. Кəсіпкер
тоқтаусыз
қарбалас
жұмыстармен
айналыспай,
стратегиялық пайыммен шұғылдануға уақыты болуы тиіс.
Кейде жəй басқарып қана қоймай, үнемі бизнес
үдерістерге кірісетін, алайда сонысымен мақтанатын
үлкен топ-менеджерлерді, ірі компаниялардың иелерін
кездестіремін. Ал меніңше, бизнестің иесі өзін ағымдағы
жұмыстардан босатуы керек, демек корпоративтік басқару
жүйесін құрып, міндеттерді жүктеп, бақылауды жүзеге
асыруы тиіс.
Өз тəжірибемнен айтатын болсам, бизнесті өсіру үшін
ең дұрысы – өз командаңнан басқарушылық қызметтерді
табыстай алатын адамдарды өсіру. Компанияны кеңейтетін
кез келгенде оларды жаңа нарықтарға жіберіп, жаңа
өнімдерді дамыту жəне міндеттерді шешу мүмкіндігін
бересіз. Басқарушыларға үнемі даму керек. Адамдарда
жобаға деген қызығушылық барда олар тиімді жұмыс
жасайды, алайда алдарына ерекше міндеттер қоюды
тоқтатсаңыз, олар салғырттыққа салына бастайды, тіпті
ақшаның өзі оларды ынталандырмайды. Адамдардың
əлеуетін дамытып, оларға міндеттер мен жауапкершілікті
жүктей білу өте маңызды. Сондықтан мен корпоративтік
басқару есебінен кəсібінің масштабын үлкейте алатын
жоғары деңгейлі бизнесмендерге ерекше құрметпен
қараймын.
Бизнесті дамытудың жаңа деңгейіне
көшу.
Неліктен
Сингапурды
таңдадым?
Бірнеше жыл бұрын мен Сингапурға көшіп,
холдингімнің штаб-пəтерін де сол жаққа ауыстыруды жөн
көрдім. Білімге, қаржыға, технологияларға жақын болу
үшін қай елде тұрсам болады деп ұзақ таңдадым,
нəтижесінде ең үлкен нарықтар мен жылдам дамитын
мемлекеттер Оңтүстік-Шығыс Азияда деген қорытындыға
келдім. Бүгінде мұнда Ресей халқының төрт есесіне тең,
яғни 600 миллион адам тұрады. Мұндай нарықтың
компанияма қызықты болары сөзсіз!
Тағы бір мəселе – əр елде өкілдіктер болса, біз
олардан қаржы ағынын қабылдаймыз. Сондықтан
қосарланған салық салынбайтын мемлекетті іздедік.
Дубай, Гонконг жəне бірқатар еуропалық елдер арасынан
таңдау жасап, нəтижесінде оффшорға емес, салықтық
климаты
оңтайлы
аймаққа
тоқтадық.
Сингапур
қосарланған салық салынбайтынымен жəне корпоративтік
табыс салығының бар болғаны 17 пайызды құрайтынымен
тартымды.
Мен үшін Сингапур – ғажап жер. Мұнда келіп,
бірнеше ондаған жыл бұрын қабылданған қатаң заңдар
мен
ережелердің
жоғары
қоғам
мəдениетін
қалыптастырғанын көресің. Мұндай мəдениеттi мұнша
қысқа мерзім ішінде басқа тəсілмен қалыптастыру мүмкін
емес. Қазір ел бақыттылық рейтингісі бойынша бесінші
орында тұр жəне он жылдан астам уақыттан бері
Дүниежүзілік бизнес жүргізу банкінің (Doing Business)
рейтингінен бірінші орынды иеленіп келеді. Оның үстіне,
Сингапур кез келген қаруға тыйым салынған жəне шабуыл
мен тонау деген мүлдем болмайтын əлемнің ең қауіпсіз
қаласы болып табылады. Тіпті дүкендерде сатылатын ас
үй пышақтарының өзі соққы жасауға болмайтындай
дөңгелене жасалған.
Мұнда шынында да, бизнес ашу өте оңай, оны
ғаламтор арқылы бірнеше сағат ішінде жасауға болады.
Менің ресейлік бизнесмен танысым Сингапурдағы
мəселелерін шеше отырып, қалыптасып қалған əдеті
бойынша: «істі қалай тездетуге болады, мүмкін біреулерге
телефон соғып, кездесу керек шығар?» – деп сұрай
бастады. Бұған жауап ретінде Сингапур министрлігінің
қызметкері: «біздегі жүйе сыбайлас жемқорлықты
болдырмау үшін құрылған. Алдымен біздің сайтқа
жазасыз, ал біз сізге уақыт тəртібіне сай үш-төрт күннен
кейін жауап береміз, сондықтан ешкіммен жеке келісімге
келудің қажеті жоқ», – деді. Сингапурдың артықшылығы
да осында.
Маған бұл елде заңдар мен ережелердің барлығына
бірдей жұмыс істейтіні, қосарланған стандарттардың
жоқтығы ұнады. Көптен бері саясатқа тəуелді болмай, тек
бизнеспен айналысып, бəрі жөнге қойылған жағдайда
жұмыс істегім келетін. Сондықтан Сингапурға көштім,
енді өз қызметімді ашық əрі бизнес үшін жайлы ортада
жүзеге асырып отырмын.
Бұл мемлекеттің үкіметі бүкіл əлемнен үздік
экспаттарды тарту үшін ең жақсы жағдайларды жасады.
АҚШ, Еуропа, Азияның кез келген бизнесмені немесе
жоғары санатты маманы мұнда қиналмай келіп, жұмыс
істеп, өзін көрсете алады. Олар тек аса білімділерді ғана
тартады. «Екі қолға бір күрек дегендер өзімізде де жетеді»
дегендей, ортаңқол шетелдіктер Сингапурға керек емес.
Ал егер компания экспатқа айына $10 мың төлеуге дайын
ол расында керек болғаны, ондай жұмысшыларға елде
жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ал адамдар мұнда келіп, тек
жақсы жұмысқа ғана емес, тамаша өмір сүретін ортаға:
қауіпсіздікке, балалары білім алатын үздік мектептер мен
университеттерге, таза экологияға, жоғары мəдениетке,
ыңғайлы көлікке, жаңа технологияларға, сыбайлас
жемқорлықтан ада қоғамға ие болады. Адамдардың
Сингапурға баратын себебі, олар мұнда армандағанының
барлығына қол жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |