Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Жетістікке жетудегі негізгі фактор: ол –



Pdf көрінісі
бет18/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
Жетістікке жетудегі негізгі фактор: ол –
қорқынышыңды жеңе білу жəне қиындықтарды
еңсеруде байсалды қалыбыңды жоғалтпау.
Қайта құру жылдары өте қиын болды. Тəртіпсіздік
пен өршіген қарақшылықтан басқа, мемлекетте тұрақты
қаржылық жүйе болмады. Құнсызданудың салдарынан
бағалар бір жыл ішінде 20 есеге дейін өсті. 1991 жылы
ақша ауысқанда көп жылғы жинақтары күйіп кетпеген
бірде бір адам қалмады. Сондықтан бүгінгі таңда, биыл
болған девальвацияға қарамастан, дағдарыс – əрдайым
кінəлілерді (үкіметті немесе өмірдің өзін) іздемей, алға
жылжитындар үшін мүмкіндік деп санаймын.
Баға жетпес тəжірибе жинақтаңыз
Жас кəсіпкерлер əрдайым менен кəсібімді қалай
бастағанымды, іс ашу үшін ақшаны қайдан алу керектігін
сұрайды. Егер сіз болашағы бар кəсіп тапсаңыз жəне онда
жақсы мүмкіндіктердің барын аңғарсаңыз, несие алмай,
серіктестер 
тартуды 
ұсынамын. 
Менің 
алғашқы
кəсіптерімнің бірі бейнетаспалар жазылған кассеталарды
жалға беру болды. Біз оны достарымызбен бірігіп аштық.
(Əркім өз үлесін қосты, пайданы соған қарай теңдей
бөлдік).
Шағын кинотеатрлар бейнепрокат деп аталды. Олар
қайта құру кезінде VHS форматтағы бейнекассеталар
пайда болысымен əрбір жатақхананың демалатын
орнында ашылды. Қазір оны елестету қиын, алайда
адамдар жиналып, қарапайым шағын теледидардан
бейнекассетадағы фильмді көру үшін ақша төлейтін
кездер болды. Ғаламтор деген ол кезде жоқ. Ал жастарға
көңіл көтеру керек. Мұны түсінген біз əрі қарай не істеу
керектігін білдік. 
Қажеттілік қанағаттандырылмаған
жерде əрдайым жақсы бизнес болады.
Бейнепрокаттан кейін біз бірлесіп, би кештерін
ұйымдастырдық. Уақыт өте келе, бесінші курста бір


досым екеуіміз брокерлік кеңсе ашуды жөн көрдік.
Біз «Санкт-Петербург» тауар-шикізат биржасынан
орын жалдап, валюта айырбастаумен айналысатын
компания аштық. «Ақша – ең жақсы тауар» деп бекер
айтпайды, олар қашан да керек. Біздікі жеке адамдармен
жұмыс істейтін əдеттегі айырбастау пункті емес еді, ірі
ойыншыларға арналған көтерме саудамен айналыстық.
Бүгінгі күн үшін де ол айтарлықтай үлкен əрі өте қауіпті
кəсіп. Алайда, мұның бəрін қомақты табыс жуып-шаятын.
Кейде адамдар бір жыл жүріп табатын табысқа, біз бір күн
ішінде кенелген кездеріміз болды. Көпшілік үшін ол
кезеңде 100 доллар көп ақша болды, оған бір ай бойы өмір
сүретін.
Мəскеуде валюта айырбастау бағамы Питерге
қарағанда арзандау болатын, сондықтан мен өзім сенетін
бір курстасыммен Мəскеуден валюта сатып алып отыруға
келістім. Мұндай қауіпті істе сенім басты рөлге ие болды.
Егер тікелей банкке жүгінсем, мені бірінші кездесуде-ақ
ұстап берер еді. Ал досым ондай мəселелерді өз бетімен
реттеп отырды. Осындай сенімді серіктесімнің арқасында
ақшаны беріп жіберу жəне айырбастаудағы қауіпсіздік
секілді мəселелерді ойлап, бас қатырмадық.
Ең басты міндет ол долларды керекті жеріне дейін
аман-есен жеткізу болатын. Ақшаны өзімізбен бірге алып
жүріп, күн сайын басымызды қауіп-қатерге тіктік. Бізде
курьерлер легі жұмыс істеді, өзіміз де солардың ішіне
кіріп, қолма-қол ақшаны тасымалдадық. Бұл үнемі
жалтақтап, түнде, қараңғыда, суыққа қарамай, ұдайы ірі
көлемде 
табыс 
табатындарды 
аңдып, 
торитын
қарақшыларға тап болмауды ойлап жүретін кезең еді.
Мəселен, біздің жігіттердің бірін, ақшасын тартып алу
үшін өлтіріп те кетті. Сөмкемен бірнеше жүздеген мың
долларды алып жүру жəне тонаушыларға тап болмау,
үлкен сəттілік болатын. Біз тұла бойымызды скотчтап,
бума-бума долларды денемізге тығып жүретінбіз.
Петербордан бір сөмке қолма-қол рубльді алып шығып,
жүріп бара жатқан пойыздың соңғы вагонына секіріп


мініп, ертеңіне таңертең кері ұшатынбыз. Түске дейін
биржаға оралып, түстен кейін бүкіл валютаны жаппай
сатып үлгеру керек болатын.
Ақша санайтын машинка болмаған кезде долларды
қолмен санап, алақанымызда «көк қағаз» бояуының ізі
қалатын. 
«Қара 
жұмыс 
істемесек 
те, 
қолымыз
шахтердікіндей», – деп əзілдейтін едік. Көбінесе,
купюралардың жалған еместігін тексеретін аппараттар
болмайтын, сол кезде қолмен ұстап, көзбен көріп анықтай
беретін едік. Сол дəуірдің өлшемімен біз көп ақша тауып
жүрдік, қауіп-қатерден болатын күйзелісті би кештеріне
барып, тарқататынбыз. Қаладағы ең қымбат деген
орындарға баратынбыз. Мінекей, осындай аумалы-төкпелі
өмірді сүрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет