Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет20/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
қанша сəнді əрі қымбат
киінсең де, қандай көлікпен жүрсең де, сені жұрт
сыртыңа қарап емес, ішкі жан дүниеңе қарап
бағалайды.
Сондықтан ақшаны басқалардың алдында
жақсы көрінуге жұмсаудың қажеті жоқ деп санаймын. Бұл
– ісін енді бастаған бизнесмендердің негізгі қателіктерінің
бірі. Қаражатты кəсібіңіздің дамуына салуыңыз керек!
Бизнесті ашу уақыты бар да, одан
шығу уақыты бар
Өзімнің алғашқы бизнес-тəжірибем барысында
игерген маңызды мəселелердің бірі – əрдайым бизнестен
шығу стратегиясын ойластыру. Кезінде бірлесіп жұмыс
жасаған серіктестерімнің бірі басқа адамдардан пайызға
ақша ала бастады. Ол кезде бұл əдіс кеңінен тараған еді.
Көбісі пайызға ақша беріп, қиналмай өмір сүрді. Ал оның
мөлшерлемесі сұмдық. Доллармен айына 15 пайыздан.
Əлгі адам өз жобаларына ақша тарта бастады, аса ірі
сомаларды қарызға алды да, міндеттемелерін орындай


алмай, ақыры қаладан қашып кетті. Оған қарыз берген
адамдар кəсіпорын бойынша серіктестерінің бірі ретінде
маған келе бастады. Мен оларға: «сіздер ақшаны оған,
нақты оның жобаларына бердіңіздер, қолхатты та жазып
берген сол, бізге ортақ бизнес мүлдем басқа, сіздердің
ақшаларыңызға қатысы жоқ», – деп түсіндірдім. Көптеген
келіссөздер жүргізуге тура келді, адамдар менің бұл
мəселеге қатысым жоқ екенін ұқса да, абыройыма
айтарлықтай 
нұқсан 
келді. 
Соның 
салдарынан
компанияны жабу туралы шешім қабылдадым да, басқа
бизнеске ауысып кеттім.
Сəтін салғанда, сол кезде басқа бір ұсыныс келіп
түсті. Тағы бір жерлесіммен бірге ұялы байланыспен
айналыстық. ТМД-да жаңа оператор – Солтүстік-Батыс
GSM пайда болды (қазіргі «Мегафон»). Сөйтіп, біз
Финляндия мен Германиядан ұялы телефондар əкеле
бастадық. Мен институтты бітірдім де, бизнестің жаңа
түріне бар күш-жігерімді салдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет