Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Кету не қалу. Даму бағыты



Pdf көрінісі
бет21/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
Кету не қалу. Даму бағыты
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жігіттердің
көбісінің туған жеріне оралғанына қарамастан, мен
Питерде қалуға бел будым. Мұндай ірі қаладан кейін
Қостанайға қайтсам, кейін əсіресе, бизнес ортада дəл
мұндай мүмкіндіктер болмайтынын түсіндім. Дəл сол
кезде Мəскеу мен Питер даму деңгейі бойынша,
Қазақстаннан он шақты жылға алға кеткен еді. Маған
осында қалып, ең үздік, жылдам, ауқымды нарықтарда
əлдене шығару қызық болды. Оның үстіне, Еуропаның да
жақын тұрғаны ұнады. Онда жиі барып тұруға мүмкіндік
болды. Финляндия мысалы бар болғаны 200 шақырым
қашықтықта. Небəрі екі сағат ішінде мүлдем басқа
əлемнен бір-ақ шығасың. Біз сенбі-жексенбі күндері
Финляндияға, ауылға барып қайтқандай барып келетінбіз.
Ол қарқынды, ашық, шексіз мүмкіндіктер əлемі болды.


Менің 
кейбір 
курстастарымның 
институтты
бітіргеннен кейін салы суға кетті. Өміріңнің бес жылын
арнаған мамандығыңның ендігі жерде керек болмай
қалғаны əрине, жанға батты. Заман өзгерді, бірінші
кезекке басқа құндылықтар, басқа мамандықтар шықты.
Алайда, бұл – өмір. Кеңестік тоқырау кезеңі аяқталды,
енді барлығы қарыштап дамиды деген ойға келдім. Заман
осындай қарқынмен алға басып жатқанда, өзімді
өзгертпесем, ештеңе шықпайтынын түсіндім. Жетістікке
жету үшін міндетті түрде нарықтық жағдай мен хал-
ахуалға бейімделу керек. 
Нарықтың қажеттіліктерін
ескермей, өз ойларымен жəне тілектерімен өмір
сүретін адамдар сұранысқа ие өнім жасай алмайды.
Оның үстіне, əлемде күн сайын жаңалықтар ашылып
жатқанда, міндетті түрде соңғы беталыстардың аңысын
аңдап, ұдайы біліктілігіңді арттырып отыру керек. 
«Күн
сайын жасауымыз керек басты жұмыс – ол өзінді
дамыту» 
деген пікірді ұстанамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет