Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Үздік ұстаздарды таңдаңыз



Pdf көрінісі
бет24/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
Үздік ұстаздарды таңдаңыз
Біздің адамдар əлі күнге дейін оқуды уақыт пен ақша
құрту деп біледi. Егер бизнесті меңгермесем, кəсіпті
тиімді дамыту туралы сөз қозғаудың өзі мүмкін емес
екенін түсіндім. Досым, жетекшi ресейлік маркетолог əрi
брендмейкер Самвел Аветисянның кеңесімен белсенді
түрде жұмыс істеуімді тоқтатпай, Стокгольм бизнес-
мектебінің Санкт-Петербордан ашылған филиалында
қосымша білім алдым.
Бұл посткеңестік кеңістіктегі білім беру деңгейі
жоғары, алғашқы халықаралық бизнес-мектеп болды,
сабақ ағылшын тілінде жүрді. Дəл осы фактор таңдау


жасауымда шешуші рөл ойнады. Себебі, орыс тілінде
оқудың 
түр-түрі 
бар, 
алайда 
деңгейі 
көбінесе
күткендегідей болмайтын. Осылайша, Самвелдің кеңесіне
құлақ асып, сол кездегі жетекші оқу орны Стокгольм
бизнес-мектебін таңдадым. 
Нəтижеге қол жеткізгіңіз
келсе – үздік ұстаздардан білім алыңыз.
Өзім таңдаған үздік шетелдік білім беру ошағында
алған тəжірибем Санкт-Петербор аумағында кəсіпкер
ретінде қалыптасуыма үлкен септігін тигізді, бизнес
туралы көзқарасымды түбегейлі өзгертті. Сондықтан
кімде-кім өсу əлеуеті жоғары мықты компания құрғысы
келсе, міндетті түрде сапалы бизнес-білім алғаны жөн.
Шешім қабылдауда, тыңнан түрен
сал
Бизнес-мектепте бізді шведтік кəсіпкерлер оқытты,
бұл бизнесмендерге арналған алғашқы шағын MBA
жобасы болатын. Бір жыл ішінде бизнес туралы
түсінігімізді түбегейлі өзгерткен білімді алып шықтық.
Екі айда бір рет Петербор түбіндегі шипажайға бес
күнге апаратын. Күні бойы дəрістер жүрді, кешке
тапсырмалар алып, топтарға бөлініп, таңғы тоғызға қарай
таныстырылымдар жасайтынбыз. Бұл – таңғажайып
қарқынды əрі нағыз драйвқа толы кез еді. Интерактивті
жүйенің, іскерлік ойындардың, қарқынды сабақтардың
арқасында жай ғана білім емес, одан да артық дүниеге ие
болдық.
Оқу үдерісінен мұндай лəззатты мен көптен бері
алмағам. Осындай білім алу процесінде баскетболды,
жиындарды, мектеп кезіндегі сапарларды, турнирлерге
қатысқан кездерімді есіме алатынмын. Олар ұмытылмас
əсер сыйлаған, ойын стратегиясын жоспарлауда жаңа
ерекше шешімдер табуға көмектескен, нəтижесінде кейінгі
өмірімде 
үнемі 
пайдаланатын 
тамаша 
тəжірибе
жинақтаған сəттер болатын.


Қарбалас пен қызыққа толы күннен кейін бізге
қарапайым студенттер секілді ойымызды басқа жаққа
аударып, сергіп, демалуымыз керек болды. Сондықтан
кешкі астан кейін бассейнге барып, би кештерін
ұйымдастырып, түн жарымда оралып, ертеңгі сабаққа
қажетті таныстырылымдар дайындайтынбыз.
Презентацияны дайындау жəне оларды көрсету өз
алдына қызық тəжірибе болды. Қазіргідей адамдар
компьютерде Power Point аркылы слайдтар жасап, кейін
монитордың жанында отырып, өз жобасы туралы
стандартты 
жоспар 
бойынша 
артықшылықтарын,
əдістерін, қорытындыларын айтып тұрмайтын. Бізде
таныстырылымдарды қорғау, нағыз көңілділер мен
тапқырлардың ойынына айналатын. Əрбір жоба – тұтас
бір қойылым. Біз түрлі əзілдер ойлап тауып, өз
идеяларымызды суреттеу үшін қолда бар дүниеден
қойылымдар, 
импровизацияланған 
костюмдер
жасайтынбыз. 
Көрермен 
күлкіге 
қарық 
болатын.
Көрсетілімдеріміз соншалықты көңілді əрі ерекше еді.
Сондай-ақ таныстырылымда сабақ кезінде берілген
білімдер мен машықтарды көрсетіп, экономикалық пайда
мен жобаның табыстылығын дəлелдеуіміз тиіс болды.
Оқуға деген дəл осындай ынта бізге қысқа мерзім
ішінде маңызды əрі жеткілікті дəрежеде күрделі
материалдарды игеруге мүмкіндік берді. Мұндай
қарқынды тəртіпте, тəулігіне үш-төрт сағаттан ұйықтап, 22
мен 40 жас аралығындағы түрлі саланың мамандарынан
құралған ұйымшыл командада жұмыс істеу қызықты
болды. Жан-жақты командада жүріп, бір-бірімізден
маңызды машықтарды игердік, басқа салалардың
мүмкіндіктерін көріп, жаңа байланыстар орнаттық.
Осылайша, бизнес-мектептегі оқу маған білімнен
бөлек, өте қызықты адамдармен танысу жəне араласу
мүмкіндігін берді. Оқытудың дəл осындай тосын тəсілі
мұндағы қатарластарымның əлеуетін көруге, мүдделес
адамдарды жəне болашақ серіктестерді табуға көмектесті.


Олардың кейбірін мен өзім армандаған компанияға жұмыс
істеуге шақырдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет