Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Табыс таптың ба? Ақылмен жұмса!



Pdf көрінісі
бет19/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
Табыс таптың ба? Ақылмен жұмса!
Бизнестегі бірінші салмақты тəжірибем қаражатты
бөлудегі алғашқы жағдайым болды. Мен қыруар қаржыны
қалай тапсам, студент секілді солай жұмсайтынмын.
Ақшаны басқаруда ешбір тəжірибем болмады, білім
жетіспеді. Сол кезде Невский даңғылынан бірнеше пəтер
алып, қазір оларды жалға беріп-ақ, түк істеместен өмір
сүруіме болар еді. Невский даңғылындағы бірінші
қабаттардың бағасы барған сайын аспандауда. Алайда,
желік қуған студенттер бəрін ойын-сауыққа, саяхаттауға,
автомобильдерге, пəтерлерге жұмсадық. Бізге солай өмір
сүру керемет сияқты болып көрінді, одан артығын тілеудің
өзі артық деп ойладық. Əрине, бизнеске де салдық, алайда
белгілі бір бағдар болған жоқ. Жас кезімізде бізге
жетіспегені пайым еді, жағдайды талдап, əлемнің қалай
дамып жатқанын бағамдай алмадық. Ерте ме, кеш пе
ғимараттардың бірінші қабаттары жекешелендіріліп,
жекеменшік пəтерлер дəмханаларға, мейрамханалар мен
қымбат дүкендерге айналатынын алдын ала болжауға
болар еді. Мүмкіндіктер болды, бірақ қаржылық тұрғыдан
сауатты болмағандықтан сəтті кезеңдерді пайдалана
алмадық. Сондықтан менің сіздерге берер кеңесім: ұдайы


шолу жасап отырыңыз, əлемде не нəрсеге сұраныс барын,
қандай салалардың болашағы зор екенін біліп отыру
маңызды. Жақсы ақша қолға тие қалғанда оларды тиімді
жұмсайтындай, барлығынан хабардар болып отыру керек.
Қазір жас кəсіпкерлерге арнап, қалай табысты болу,
қалайша көбірек ақша табу жəне тиімді тайм-
менеджментті үйренуге байланысты кітаптар көптеп
шығарылуда. Ал біздің кезімізде кітап та, ғаламтор да
болмады. Сондықтан көп дүниені түсіну үшін көбірек
уақыт жұмсадық.
Қазір өз бизнесін ашамын дегендерге айтарым: кез
келген істе бастысы – бұл еңбек жəне бастапқы
капиталды құруға ақша жинау.
Əрі қарай ол қаржыны
пассивтерді сатып алуға немесе ойын-сауыққа, «əдемі
өмірге» шашпай, сауатты жұмсап, өз бизнесіңізге
салуыңыз керек.
Өз басымнан білемін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет