Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет61/245
Дата05.12.2022
өлшемі3,61 Mb.
#161315
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   245
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«Біз дің қазақта оқушы аздығының үстіне инженер 
жоқтың қасы еді... Қазақстанның өнер кәсіп тарихында Қаныш 
жолдас өн 
діріс 
ке басшылық ету қызметіне кірісіп отырған 
тұңғыш маманымыз... Сәтбайұлы Қаныш азаматтың қаз тұ-
рып келе жатқан Қазақстан өндірісін көр кейту жолында аян-
бай қызмет етуіне сені міміз күшті, әмсе сол істе жолы болғай!» 
Хабардың ортасына толқынданған шашы кейін қайырылған, кең 
маңдайлы, келбетті жастың суреті беріліпті. Үс тінде қоңырқай 
костюм, ақ жағалы көй лек. Галстук тағып түскен...
Жас қазақ азаматының кен инженері дипломына ие болып, 
туған даласына олжалы оралуы – таңғаларлық оқиға! Сірә, сол 
себептен де бұл қуаныш кең-байтақ өлкенің бір-бірінен алшақ 
жатқан түкпірлерінде айтарлықтай сүйсіну туғызған. Соның 
бірі – Алаш қозғалысының көшбасшылары қатарында болған, 
1925 жылдан бері Қазақстанның жаңа астанасы Қызылордада 
тұратын Міржақып Дулатов. Қаныш інісін ол Семейде оқыған 
кезінен білген. Бұған дәлел – студент жігіт «Алгебра» оқулығы-
ның қолжазбасын тексертуге 1923 жылы Орынборға барғанда, 
Халық ағарту комиссариатына қарасты Академиялық орталық-
та ғылыми қызметкер (өзі де «Есеп құралын» жазған) Міржа-
қып ағасының Неплюев көшесіндегі үйіне тоқтап, неше күн қона 
жатып, барған шаруасын сол кісінің жәрдемімен тиянақтаған 
(бұл жайында бізге Гүлнар апай Міржақыпқызы 1997 жы лы өз 
үйінде бол ған сұхбатта ағынан жарыла әңгіме шерткен-ді). Әсілі, 
тума ұстаз Міржақып Дулатов кіші Сәтбаевтың ашық-жарқын 
мінезін, жастай білім қуған талабын, келешегінен үміт күтер 
дарын иесі екенін танып, «Менің Қанышым» деп атаған. Міне, 
енді 1926 жылдың қоңыр күзінде көкесінің сүйікті Қанышы ин-
женер дипломына ие болып, тағы да өздерінің пәтеріне келіп 
отыр. Гүл нар Міржақыпқызының естелік кітабындағы әңгіме 
естияр әпкесі Ботагөздің атынан баяндалады: 
«Бір күні... ерте 
оянып дәлізге шықсам, ұзын бой лы жасаң кісі қабырғаға сүйеніп 
қалғып отыр. Әуелде шошып кетсем де, чемоданын көрген соң 
бізге келгенін сезіп: «Ағатай, неге бүйтіп отырсыз? Үйге кірі-
ңіз», – дедім. Ол: «Поездан түсіп, тым ерте келгеніме ұялып, 


152
Медеу СӘРСЕКЕ
Жақаң мен Гая жеңгейді ұйқысынан оятуды ыңғайсыз көр дім...» – 
деп күмілжіді. Үйге кіргізіп, өзім ас үйге барып самаурын қойдым. 
Үйге кірсем, Жақаң тәтем әлгі жігіт ті құшағына алып, бетінен 
сүйіп жатыр. Жеңешем де қуанып, институт бітіргенімен құт-
тықтады... Артынша Міржақып ағасы «Еңбекші қазақ» газе-
тіне көлемді мақала жариялап, Қаныш Сәт баевтың тұң ғыш 
қазақ инженері екенін, Том технология институтын бітіргенін, 
келешекте еліміздің үмітін ақтайтынын тәптіштей айтып, 
бүкіл елге таныстырды...» 
(Г.М. Дулатова, «Шындық шырағы», 
50-б)
* * *
Кенді Алтайдың төріндегі Зырянов кенішінде туып-өскен 
Алексей Кошкиннің артында қалған жалғыз ұлы мен үш қыз-
дың ортаншысы, 
«үнемі ақшыл киімдер киіп, періштедей сы-
ланып жүретін, аспан түстес көкшіл көзі күлімдеп, адам-
ды өзіне баурап тұратын»
(Қаныш Имантайұлының өз сөзі) 
Таисия Кошкинамен ол Семейде танысқан. Сірә, бұл Қаныш 
Имантайұлының мұғалімдер курсына сабақ беріп жүрген шағы. 
Таисия болса сол қарсаңда мұғалімдер семинариясында лаборант 
болып еңбек еткен. Тағдыр жазуы, әлде сол күндердегі жастардың 
білі мін көтеруге құштарлығы түрткі болып, екеуі де Томда қайыра 
кездесіп, Технология институтының кен факультетінде геолог 
мамандығын меңгеруді бірге бастайды. Жә, сол кездесуді дарқан 
өмірдің кездейсоқ оқиғасы делік. Ал институттың төртінші кур-
сын тәмамдап, Баянауланың күнбатыс бөктерін дегі туған ауылы-
на, онда өзін сағына күтіп отырған кәрі ата-анасына, келіншегі 
Шәрипа мен Ханиса (азан аты Хайринисауи, ерекше қайырымды 
деген араб сөзі) есімді бүл дір шін қызына бара жатқан шәкірт 
жігіттің мына хатын қалай түсінеміз?..
«Қымбатты Тася!*
Семейде сіз болмаған соң мүлдем көңіл сіз жүрмін. Мәнсіз де сүреңсіз 
күндер тіпті өтер емес. Сан алуан ой кешіп, жападан-жалғыз жабыққан 
* Осы жерде және ілгеріде оқырман назарына ұсынылған Таисия Алексеевна 
Кошкинаға (Ол кісі 1944 жылға дейін өз фамилиясын сақтаған) Қаныш Имантайұлы-
ның хаттар мен қосағының көлемді естелігін маған Мейіз Қанышқызы Сәтбаева сый 
еткен-ді. Қаныш ғұмырнамасын қиял-қоспасыз өрнектеуде өлшеусіз мол мағлұмат 
берген бұл құжаттарды мен ғалым перзентінің рұқсатымен келтіріп отырмын – 
М. Сәрсеке.


153
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жаным Сізді ойлаған сәтте ғана бір уақ жай табады. Тәңір бізді жолықты-
рып, өзіме Сіздей жансерік тапқаныма кә міл сенімдімін. Сол себептен де 
қуанышқа толы һәм шексіз ризалық сезіммен алдағы өмірге зор үмітпен 
қарағым келеді. Сүйіс пеншілігіміз шұғыл басталып, бекем негізге көшкені-
не мен таңданбаймын, соның өзі-ақ біздің жаратылыс нышандарымыздың 
жақындығына айқын дәлел емес пе? Иә, шынайы махаббаттың түп қазы-
ғы бірін-бірі қалтқысыз сыйлап, жақсы көрумен беки тініне мен бұрын да 
сенуші едім, ал қазір соған мүлдем иландым. Әсілі, бұл – екі адамның білімі 
тең болып, мінезі үйлесіп, қы лық тары жарасып әрі мұрат еткен мақсат-
мүдделері нің бірдейлігінен өріс тей тін қымбат се зім. Махаббат та, менің 
кәміл түйсі гім ше, екі тұлғаның табиғаты рухани толық үндесіп, өзара 
тіл табысқанда ға на мәңгі салтанат құрмақ. Мен осы өмі р ім де, шыным-
ды айтайын, бірқанша әйел затын кездестірдім, бірде-бірі бірақ кө ңі л ім-
нен шыққан жоқ: кейбірі әсіре білгішті гімен мезі етсе, екіншілері мінез-
құлықтарының сөкеттігімен, ал үшін 
шілері адамгершілік сипатының 
төмен дігімен тез жерітті.
Бұдан көп бұрын, алғаш танысқанда-ақ мен сіздің қарапайым ныша-
ныңызға аса би язы қылығыңыздың жарасып тұрғанына таң ғалып едім. 
Ал таңдану, жұрт айтқандай, шынайы танудың бастамасы болса игі. 
Сонымен, таңдана жүріп, Сізді жақынырақ білуге құмарттым. Жақын 
білген кезде өзім ді таңғалдырып жүр ген жанның барлық мінез-құлқы жа-
санды емес, етене қа сиеті екенін аңғардым... Сөйтіп, Сізді әбден танып-
білуден соң мен жоғарыда жария еткен шешімге келдім, оның дұрыстығына 
ешқандай шүбәм жоқ. Сізге мен бір ғана шарт қоя мын, есіңізде болар, оны 
орындау қиын емес...
Сонымен, Тася, жеребе тасталды, біз ала жіптен аттаған адамдармыз. 
Сол тек бақытқа бастағай! Сүйемін. 

 Өзіңіздің Қаныш. 29.VI.1925 жыл».
Жоғары оқу орнын тәмамдаған мамандар о кезде қайда жұмыс 
істейтінін өзі таңдауға ерікті. Қаныш Имантайұлы, әрине, туған 
өлкесінде кен іздеуге құл 
шын 
ған. Таисия Кошкинаға 
«...бір 
ғана шарт қоямын»
деген ескертуі де сол – өміріне мұрат еткен 
кәсіптен айнымай, қазақ даласында кен барлау. Жастық желеңнен 
құралақан емес Тася да бұл шартты қуана қабылдаған.
Айтып-айтпай не керек, неше жыл мансұқ болған асыл арманға 
қол жетті. Алда – асқаралы асуы көп үлкен өмір. Соны қол ұстасып 
бірге кешуге, қандайда қиыншылық, кедергі кездессе де бірге 
жеңуге олар өзін дайын сезінген. Сол үшін де бақыттымыз, сол 
үшін де жан пида деп аянбай еңбек етуге әзірміз дескен-ді... 


154
Медеу СӘРСЕКЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   245




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет