ҚОРЫТЫНДЫ
Адамның жеке басының еңбек ететін саналы азамат, ұлттық тұлға болып қалыптасуында жан тәрбиесі мен тән тәрбиесі маңызды орын алады. Жеке адам тәрбиесіндегі негізгі факторлар – отбасы мен мектептегі оқу-тәрбие жұмысы, сондықтан оның процестерін қазақтың ұлттық санасын қалыптастыру негізінде ұйымдастырудың мәні өте зор. Сондықтан зерттеу дұмысымызға тәлім-тәрбие процесіндегі халықтық мұралардың (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, әдебиет, мәдениет) рөлін, оның теориялық және тәжірибелік жақтарын ашуды мақсат еттік.
Біздің еңбегімізде жастардың бойындағы ұлттық сана қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізі жұмыстың басты өзегі болды. Ұлттық сананың өзіндік халықтық сапалары халқымыз ғұламаларының еңбектері негізінде көрсетілді.
Диссертациялық жұмыс барысында жинақталған ғылыми-теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмысының нәтижелері бізге төмендегідей тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
Қорқыт Ата, Бұқар жырау, әл-Фараби, Ж. Баласағұни, Шоқан, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінен бастау алатын халқымыздың өзіндік тәлімдік-тағылымдық ойлары ұлттық сананы қалыптастырудың алғашқы іргетасы, алғышарты болып табылады.
Ұлттық сананы қалыптастырудың негіздері елдің қоғамдық, тарихи-әлеуметтік, рухани-мәдениет жағдайларымен бірлесе дамыған. Оны дана ата-бабаларымыз бен ғұлама ойшылдарымыздың тәлімдік ой-пікірлері, тарихи кезеңдер аралығындағы қоғамдық алға жылжу, жаңару заңдылықтары дәлелдейді. Би-шешендер, сұлтандар мен хандар, ақындар мен жыраулар, билер мен батырлардың қайсыбірі болмасын қазақ ұлтының дүниетанымы мен сеніміне, талғамы мен мұратына, сана-сезіміне, жігер-қайратына, ар-намысына, иман-инабаттылығына, дініне, дала өміріне лайықты асыл мұраларды туғызды.
Қазақтың ұлттық санасын қалыптастырудың теориялық-әдістемелік мәселелері мен оның қалыптасып, даму негіздері жайында осы уақытқа дейін арнайы ғылыми-зерттеу еңбектері жарық көрмегені белгілі болды.
Өткен заман ғұламалары мен ойшылдарының бізге қалдырған тәрбиелік ой-парасат мұрасы өте мол. Ата-бабамыздан мирас болған даналық сөздер, ой тұжырымдары тірліктің барша саласына қатысты, халықтың тәлімі қарастырмайтын бірде-бір мәселе жоқ. Өйткені, тәрбие - өмірдің өзекті мәселесі. Бүгінгі ұрпақ бұрынғылардың ақыл-кеңесіне құлақ асса, өнегесін ойына дарытса, саналы, адамгершілігі зор азамат болып ержетіп, өмірден өз орнын табары хақ.
Біз диссертациялық жұмысымызда қазақы ұлттық сананың бүгінгі жастар тәрбиесіне әсер-ықпалын қарастырдық.
4. Ғұламалар мұрасына уақыт билігін жүргізе алмайды. Олай болса, дана ата-баларымыз бен ғұлама ойшылдарымыздың ұлттық сана, ұлттық тәрбие жөніндегі озық ойлары бүгінгі біздің қоғамымызға қалтқысыз қызмет етері сөзсіз. Әрине, ұлы бабаларымыз өсиет еткен қасиеттердің бәрі бір адамның бойынан табыла бермейтіні анық, алйада нағыз, шынайы ұлттық тұлға болатын адамның бойында біз ұсынған қасиеттердің нышаны байқалса, соның өзі де ұлттық сана қалыптастыруға зор ықпал ететіндігін атап өту керек.
5. Зерттеу проблемалары бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:
Жалпы қандай қоғамның болмасын ұлттық сана деңгейі ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Олай болса, қоғамдық өмірде оқу-тәрбие мәселесін алдыңғы орынға қою – басты міндет.
Қазір ел алды-артына қарап, етек-жеңін жия бастаған заман. Жаңа заманға жігер керек, талаптылық керек, басқа халықтан үйрену керек, ал ең керегі – ұлттық сана қалыптастырып, ұлттық намысы, ұлттық рухы жоғары, ұлтының тарихи-мәдени құндылықтарын бағалайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу. Біз ата дәстүріне сүйене отырып,халқымыздың өркениетті елдер қатарына жетукін армандаймыз. Ұлттық сезім мен ұлттық намысты, ұлттық рухты көтеру – бүгінгі таңның кезек күттірмес міндеті. Қай заманды алсақ та, өнерге өнер иелеріне табынған, оларды бағалай білетін адамдардың мәртебесі биік болған.
Жалпы ұлттық сананың, ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі ұрық тазалығында жатқанын кезінде бабаларымыз терең пайымдап, ататек мәселесіне (генлогия) ерекше мән беріп отырды. Ондағы мақсаты – жеті атаға толмай қыз алысудан сақтандыру, сол арқылы ағайын адамдардың туыстық тамырын үздірмей, елдің ішкі бірлігін сақтап отыру. Сондай-ақ, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық мәселесі отбасын құрумен, ұлттық салт-санамен ұштасқан. Осылардың барлығы тәрбиенің түпкі негізі болып саналады. Одан кейін бесік тәрбиесі жалғасады. Ұрпақ тәрбеиесінің түрлі кезеңдерінің ішінде, әсіресе, екі-үш жасар сәиді тәрбиелеу жауапты кезең. Өйткені, бұл кезеңде балбөбектерді саз, ұлттық ою-өрнектер, түрлі ойындар арқылы тәрбиелеу, одан кейін оларды имандылыққа ұмтылдыру, еңбекке баулу, сұлулыққа сүйсіндіру ұлттық сана қалыптастырудың негізі болып табылады [43, 372-378].
Жастрада ұлттық сана қалыптастыруда ұлттық ойындардың да тәрбиелік маңызы зор. Сондықтан балалар мен жасөспірімдерді өзіміздің төл ұлттық мәдениетке баулу қажет деп есептейміз.
Қазақы мінез халқымыздың болмыс-бітімінен, жан дүниесінен ғана емес, салт-дәстүрінен де көрініс береді. Дәстүр – адамды нағыз тұлға ретінде тәрбиелейтін үлкен күш. Салт-дәстүрің қандай болса, мінез-құлқың да сондай болмақ.
Қазақтың этникалық күші – тілі мен ата жұрты. Қазақ – рух тазалығын сақтаған халық. Әрбір халықтың жаңа буыны мен жас ұрпағы осыларды біліп өскені абзал.
Ұлттық сана қалыптастыру дегеніміз – ұлттық сезім тудыру. Егер ұлттың өзіндік сезімі болмаса, онда халі мүшкіл, ұлттың тілі де, ділі де, дәстүрі де, тарихы да – барлығы құр әншейін жасанды нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Ал ондай ұлттың кез келген басқа ұлттың жетегінде кете беретіні даусыз. Ұлттың өзін аяғынан нық тұрғандай сезінуі, өзін-өзі танып, өзін-өзі сыйлайтындай дәрежеге жетуі ұлттық сезімнің пайда болуына байланысты. Ал ондай сезім тудыратын нәрселер - өзін-өзі тану, жақсылап тану, жақсы жағынан тану деп ойлаймыз.
Өткеннің тәжірибесін тал бойына дарыту, озық өнегелі рухани дәстүрді жалғастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығының тарихи процесі жүріп отырады. Бұл процессіз қоғамның өркениетті елдер деңгейіне жетуі мүмкін емес. Тарихты білу – бүгінгі күннің мәнін және келешектің мүддесін түсіну, өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра қалдырып отыру – адамзат әулетінің ұлы парызы. Сондықтан қазіргі қазақ халқының рухани жағынан қайта түлеуі кезеңінде ұлттық дәстүрді қастерлеу, ұлтына, еліне, мәдениетіне деген шынайы сүйіспеншілікті тәрбиелеу тәрбие жүйесінің барлық саласының өзегіне айналуы шарт деп есептейміз.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.
Диссертациялық жұмысты орындау барысында оқу-тәрбие үдерісінің мазмұны мен әдістемесі оқушылардың сана-сезіміне, ұлттық рухын, ұлттық мүддесін, ұлттық идеясын, ұлттық намысын, сенімін, еркін, қарым-қатынасын және мінез-құлқын ұлттық тәлім-тәрбиелік мақсаттылықпен қалыптастыруға бағытталған жүйемен қамтамасыз етілді, жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінде мақсатты түрде жүзеге асырылып, арнайы курс бойынша кешенді жұмыс жүргізілгенде оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық сананы қалыптастыру тиімді болатындығы көрініс берді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
|
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан. - 28 қаңтар, 2012.
|
|
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы //Егемен Қазақстан, 1999ж., 11 маусым.
|
|
Уәлиханов Ш. - шығыстанушы, /Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев/, "Ғылым" баспасы, Алматы, 1985 жыл
|
|
Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. – О.: Мәктубат, 1906.
|
|
Абай Кунанбаев. Избранное. - А.,1958.
|
|
Байтурсынов А. Избранное. - А,1989.
|
|
Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. - 1924.
|
|
Жұмабаев М. Шығармалары. - А., 1989.
|
|
Құдайбердиев Ш. Шығармалары. - А., 1988.
|
|
Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. –А., 2004.
|
|
Мырзалы С. Қ. Философия. – А., 2010.
|
|
Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. – А., 1994.
|
|
Алтаев Ж., Ғабитов Т., Қасабек А., Мұхамбеталиев Қ. Философия және мәдениеттану. – А., 1997.
|
|
Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика. – Астана, 2005.
|
|
Бурбаев Т.Қ. Ұлт менталитеті - А., 2002.
|
|
Қалмырзаев Ә. Біз, қазақ ежелден еркіндік аңсаған. - А., 1998.
|
|
Қазақ халқының философиялық мұрасы. /Аударма/ - Астана: Мәдени мұра, 2006.
|
|
Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ. Мұғалім және ұлттық тәрбие. –А.: Нұрлы Әлем, 2000.
|
|
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбие тарихы дәрісінің бағдарламасы. –А.: РБК, 1994.
|
|
Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: 1 том /Құрастырғандар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. –А.: Рауан, 1994.
|
|
Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие.- А.: Білім, 1995.
|
|
Ұзақбаева С.А., Қожахметова К.Ж. Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы. – А.: Өнер, 1998.
|
|
Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – А.: Әл-Фараби, 1995.
|
|
Әбдіқасымов Р., Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ. Ұлттық тәлім-тәрбие. Дайындық курсының бағдараламасы. – Ж., 1993.
|
|
Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. Оқу бағдараламасы. –А.: Әл-Фараби атындағы ҚМҰУ, 1999.
|
|
Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. –А.: РБК, 1994.
|
|
"Қазақстан-2030" даму стратегиясы.
|
|
Қорқыт ата /Энциклопедиялық жинақ/. - А., 1999.
|
|
Әл-Фараби.Әлеуметтік-этикалық трактаттар. - А., 1975.
|
|
Қожа Ахмет Йасауи. Хикмет жинақ /ауд. М. Жармұхамедұлы, М. Шафиғи, С. Дәуітүлы, Е. Дүйсенбай/. - А., 1998.
|
|
Мұхамед Хайдар Дулати. Тарихии Рашиди. /ауд. И.Жеменей/ - А., 2003.
|
|
Жүсіп Баласағұн. Құтты білік /ауд. А. Егеубаев/. - А., 1986.
|
|
Махмұт Қашғари. Түбі бір түркі тілі /Диуани лұғат ат-түрік/. -А., 1993.
|
|
Қазақстан: Ұлттық энциклопедия, А: 1999, ҚЭ, 1 том, 258 б.
|
|
Смайылова М.Ж. Ұлттық мектеп бастауы. //Бастауыш мектеп, А: 8/1993, 14 б.
|
|
«Мәдени мұра» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс. //Егемен Қазақстан. 29 қараша, 2003ж.
|
|
http://kk.wikipedia.org/wiki/ұлттық сана
|
|
Абай. Энциклопедия. /Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы/ – А.: Атамұра., 2001, 214 б.
|
|
Бромлей Ю.В. Этнос и этнография. - М., 1981, 76 б.
|
|
Интернет материалдарынан //www.kazneb.kz порталы.
|
|
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбие тарихы дәрісінің бағдарламасы. –А.: РБК, 1994, 30 б.
|
|
Шоқай М. Таңдамалы. Бірінші том. А.: 1998, 71 б.
|
|
Сатпаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев. – Алматы: Рауан, 1991, 76 б.
|
|
Қазақстан: Ұлттық энциклопедия, А: 1999, ҚЭ, 2 том, 135 б.
|
|
Педагогика және психология //Қазақ тілі терминдерінің салааралық ғылыми түсіндірме сөздігі.А:Мектеп, 2002, 152 б.
|
|
Ұлттық тәлім-тәрбие мазмұны Абай мен Мұхтар Әуезовтың педагогикалық идеяларында // Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын зерттеудің өзекті мәселелері. Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Семей, 2006, 126 б.
|
|
Боданов Ж.Қ., Бөлеев Қ. Қазақтың халық педагогикасы. –Жамбыл, 1993, 22 б.
|
|
Төлешова Ұ.-Ұлттық тәрбиенің ерекшеліктері. //Ұлағат.-2000жыл, 23б.
|
|
Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан /Құрастырғандар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. –Алматы: Кітап, 1992, 196 б.
|
|
Айтмамбетова Б., т.б. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. –А.: РБК, 1995, 185 б.
|
|
Бөлеев Қ., Бөлеев Т. Қазақ этнопедагогикасының тарихы //Қазақстан мектебі, 1996. №2, 25 б.
|
|
Абай көзқарасындағы адамгершілік негізі // Қазақстан орта мектебі. - 2006. - №6, 36 б.
|
|
Жарықбаев Қ.Б., Бөлеев Қ. Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы. Арнайы курс бағдарламасы. –Жамбыл, 1992, 10 б.
|
|
Жарықбаев Қ.Б., Бөлеев Қ. Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы. Арнайы курс бағдарламасы. –Жамбыл, 1992, 14-18 бб.
|
|
Махмуд Қашқари.,- Түбі бір түркі тілі (Диуани луғат ит-турк),А, Ана тілі, 1993, 191 б.
|
|
Жүнісов А. Бабалар дәстүрі. –Алматы: Балауса, 1992, 106 б.
|
|
Ғаббасов С. Ізгілік Әліппесі. –Алматы: Қазақ университеті, 1992, 186 б.
|
|
Тәлім-тәрбие хрестоматиясы /Құрастырғандар С.Қалиев, Р.Ізғұттынова, Г.Жексембаева. -Алматы: Рауан, 1996, 161 б.
|
|
Христова Е.Л. Народная педагогика: исторические и теоретическо-методические проблемы, М: 1988, 341 б.
|
|
Педагогическая энциклопедия.// под.ред. А.Г.Калашникова,М: Работник просвещения,1928, 918 б.
|
|
Сәдуақасұлы Ә. Халықтық педагогика дәстүрлері арқылы қазақ мектептерінің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың педагогикалық шарттары, А,2003, 193 б.
|
|
Арын М. Бес анық: тәрбие туралы тоғамдар. – А.: Арыс, 1996, 18 б.
|
|
Ысмағұлов Ж. - Абай: Даналық дәрістері. – А.: Өнер, 2008, 245 б.
|
|
Оршыбеков Ы. Қазақ халқының педагогикалық мәдениеті. –А.: Білім, 1981, 53 б.
|
|
Назарбаев Н. - "Мәдени мұра" - мемлекеттің соны стратегиялық ұстанымы. - // Егемен Қазақстан. – 2007.
|
|
Педагогическое наследие: Я.О.Коменский, Д.Локк, Ж-Ж.Руссо, И.Г. Песталоцци., /сост.В.М.Кларин, А.Н.Джуринский, М.:Педагогика, 1987, 304 с.
|
|
Айталы А. - Байсалды ел байқаусыз қате жібермес. – А.: Таймас, 2008, 104 б.
|
|
Бықай Ф. Қазақстан – менің елім, менің Отаным. // Егемен Қазақстан. 28 ақпан, 2008.
|
|
Ақатаев С.Н. Күн мен көлеңке: ғылыми-танымдық аңсар. – А: Жалын , 1990, 113 б.
|
|
Жамбылов Д. - Тәуелсіздік және саяси сана: учебное пособие. – А.: Жеті жарғы, 1999, 34 б.
|
|
Тіл тарихы және сөз табиғаты: ғылыми мақалалар жинағы / ҚР Ғылым Министрлiгi, Ғылым Академиясы. - Алматы : Ғылым, 1997, 26 б.
|
|
Овсянико-Куликовский Д.Н. Собр. соч., т.7, Ч.1 - М.,1924, 84 б.
|
|
Аймауытов Ж. - Бес томдық шығармалар жинағы. – А.: Ғылым, 16 б.
|
|
Халық педагогикасы – бала тәрбиесінде /Дайындағандар Қ.Бөлеев, А.Мейірманова, Р.Садуақасова. –Жамбыл, 1992, 61 б.
|
|
Әбу нәсір әл-Фараби. Трактат және өлеңдер (ауд. А. Нысанапин). -А., 1974, 18 б.
|
|
Назарбаев Н. -Тарих толқынында. – А.: Атамұра, 1999, 16 б.
|
|
Интернет материалдары. // http://kk.wikipedia.org/wiki/этнос
|
|
Есенжолова С.Д. Этнопедагогика. Учебная программа. – Алматы: КазГНУ им. Аль-Фараби, 1998. – 142 с.
|
|
Бабанский Ю.К. Педагогика: Учебное пособие для студентов пед.институтов, М:Просвещение, 1983, 41 с.
|
|
Бөлеев Қ. Қазақ халқының этнопедагогикасы. /Оқу бағдарламасы. –Жамбыл, 1992, 97 б.
|
|
Жарықбаев Қ., Қалиев С., Әбілова З. «Қазақ этнопедагогикасы» дәрісінің бағдараламасы. –А.: РБК, 1993, 102 б.
|
|
Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения, том 2, п/р А.И.Пискунова, М: Педагогика, 1982, 29 б.
|
|
Жарықбаев Қ., Қалиев С., Әбілова З. «Қазақ этнопедагогикасы» дәрісінің бағдараламасы. –А.: РБК, 1993, 62 б.
|
|
Жарықбаев Қ., Қалиев С., Әбілова З. «Қазақ этнопедагогикасы» дәрісінің бағдараламасы. –А.: РБК, 1993, 29 б.
|
|
Жарықбаев Қ., Қалиев С., Әбілова З. «Қазақ этнопедагогикасы» дәрісінің бағдараламасы. –А.: РБК, 1993, 36 б.
|
|
Блонский П.П. Избранные педагогические и психологические сочинения, 1 том, М: Педагогика, 1979, 73 с.
|
|
Педагогическая энциклопедия,- М;Советская энциклопедия, 1965, т 2, 208 с.
|
|
Педагогическая энциклопедия,- М;Советская энциклопедия, 1965, т 2, 211 с.
|
|
К. Қожахметова. Ұлт тағдыры мен қыз бала тәрбиесі - біртұтас. //Ұлт тағылымы. – 2005, №4, 15 б.
|
|
Б. Тойлыбаев. Ұлттық тәрбиеде жеке тұлғаның қалыптасуы. //Ұлт тағылымы. - 2004, №2, 13 б.
|
|
Жарықбаев Қ.Б., Бөлеев Қ. Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы. /Арнайы курс бағдарламасы. –Жамбыл, 1992, 245 б.
|
|
Бөлеев Қ. Көшеров Н. Қазақ этнопедагогикасы. /Оқу бағдарламасы. –Жамбыл, 1993, 14 б.
|
|
Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика. - Астана, 2005, 174 б.
|
|
Қожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – А.:Ғылым,1998, 22 с.
|
|
Большая советская энциклопедия. Т 23, М: Сов.энциклопедия, 1976, 258 с.
|
|
Боданов Ж.Қ., Бөлеев Қ. Қазақтың халық педагогикасы. –Жамбыл, 1993, 264 б.
|
|
Тоқаев Қ. - Келешекті болжаған кемел жолдау. // Егемен Қазақстан. – 9 ақпан, 2010.
|
|
Пірәлиев С. Жоғарғы оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесінде болашақ мұғалімдердің кәсіби бейімделуі //Қазақстан жоғары мектебі, №2, 2001
|
|
Ұзақбаева С.А., Қожахметова К.Ж. Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы. – А.: Өнер, 1998. -185б.
|
|
Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. А.: Білім, 1995, 12 б.
|
|
Сарыбеков Н., Сарыбеков М., Сарыбеков К.Д. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері. –А.: Рауан, 1997, 41 б.
|
|
Мұқанғалиев Е. Салауатты өмір салтының рухани – имандылық негізгі мақсаттары// Ұлт тағылымы. - № 6.
|
|
Интернет материалдарынан.// http://kk.wikipedia.org/wiki/никотин
|
|
«Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. 1-кітап, А., 2003, 41 б.
|
|
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі – А., 1995, 210 б.
|
|
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі – А., 1995, 296-299.
|
|
Қатшыбаева А.С., М.Н. Омарова, Б.К.Сулейменов Б.К., Э.А. Кырбасова, Г.Б. Отынбекова. Балалардың физикалық дамуы мен денсаулығына темекінің экологиялық фактор ретінде әсер етуі //Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығының 75 жылдығына арналған ғылыми еңбектер жинағы-А., 2007, 93-95 б.
|
|
Өмешұлы Ә. Салауатты өмір-денсаулық кепілі. – А., 1999, 152 б.
|
|
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. // Егемен Қазақстан. 30 шілде, 2011.
|
|
Малдыбаев Ә. – Мұны әркім де білуі тиіс. – А., 1987, 45 б.
|
|
Қараева Қ. А., Сламбекова Н. М. Өмір қауіпсіздігін сақтау негіздері: А.: Аруна, 2007, 94 б.
|
|
Интернет материалдарынан. // http://www.who.int/research/ru/
|
|
Интернет материалдарынан. // http://www.who.int/research/ru/
|
|
Интернет материалдарынан. // http://abai.kz/node/8461
|
Достарыңызбен бөлісу: |