СӘрсенбай гүлнар сәрсенбайқызы болашақ МҰҒалімдердің бойында ұлттық сананы қалыптастырудың педагогикалық негіздері


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ САБАҚТАРДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет4/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,86 Mb.
#32267
1   2   3   4   5   6

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ САБАҚТАРДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ




    1. 2.1 Студенттердің бойында ұлттық сананы қалыптастыруды эксперименттік зерттеу

Студент-жастардың бойында ұлттық сананы қалыптастыру үшін педагогикалық сабақтардың тиімді әдістемелік бағытын белгілеу қажет. Осы мақсатта біз педагогикалық сабақтардың бағдарламаларына теориялық талдау жасадық. Сонан соң студенттердің ұлттық сана жайлы білім деңгейін анықтау мақсатында зерттеу жұмысын жүргіздік. Ол Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлкеттік университетінің «музыка-педагогикалық» факультетінде оқитын 3-4 курс студенттерімен (барлығы – 60 студент) пікіртерім жүргізілді.

Пікіртерім негізінен төмендегі сұрақтарды қамтиды:


  1. Ұлттық сана дегенді қалай түсінесіз?

  2. Халық арасында “мәңгүрт” деп атап жүрген, ғылым тіліндегі “этнонигилистер” деп кімдерді айтады?

  3. Халық айтқан «тегінен нәр алған тозбайды» деген ұлағатты ойды қалай түсінесің?

  4. «Ұлттық идея» мен «ұлттық сана» ұғымдарының ара жігін ашыңыз.

  5. «Ұлттық намыс» ұғымын естігенде есіңізге кімдер түседі?

  6. Қазіргі жастардың бойында ұлттық рухты ояту үшін қандай шаралар өткізу керек деп ойлайсыз?

  7. Ұлттық салт-дәстүрлердің нешеуінің мазмұнын толық сипаттап бере аласыз?

  8. Ұлттық сананы қалыптастыру үшін ұлттық тарихты жақсы білу керек деген тұжырымға не айтар едіңіз?

  9. Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не?

  10. Ұлтық сананы қалыптастырудағы маңызды фактор деп сіз нені айтар едіңіз?

  11. Қазіргі жастардың бойында патриотизм мен ұлтшылдық сезімі жоғары дамыған болуы тиіс дегенге келісесіз бе?

  12. Әрбір қазақ азаматы туған тілін жоғары дәрежеде меңгеруі керек деп ойлайсыз ба?

  13. Қазақ ұлтына тән қандай ерекше қасиеттерді атап өтер едіңіз?

  14. Ұлттық санаға кереғар құбылыстар деп қандай құбылыстарды атай алра едіңіз?

  15. Қазақ ұлтының болашағын қалай елестетесіз?

  16. Ұлттық сана ұғымына сипаттама бере аласыз ба?

Анықтаушы эксперимент жұмыстары болашақ мұғалімдердің бойында ұлттық сана қалыптасу жағдайын анықтап берді (4 - кесте).

Анықтаушы эксперимент бойынша жүргізілген жүйелі зерттеу жұмыстары жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндер негізінде студенттердің бойында ұлттық сананы қалыптастыру жұмыстары жүргізілгенімен, жеткіліксізілігін, көбіне ол тек мәселе түрінде ғана қойылатыны және оны білім алушлар кей кездерде ғана, еш жүйесіз іске асыратыны байқалды. Сауалнама, тест нәтижелері студенттердің ұлттық сана ұғымына және бұл мәселеге аса мән бермейтіндігін, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде тікелей маңызы бар екеніне, ұлттық сананы қалыптастыру қажет деп есептегенімен, оны жүзеге асыру әдіс-тәсілін білмейтіндігін көрсетті.


Кесте–4. Студенттердің бойында ұлттық сананың қалыптасу деңгейлерінің көрсеткіші





Курс. Студент саны




Деңгейлер

1-курс

47 студент



2-курс

45 студент



3-курс

39 студент



4-курс

42 студент



Орташа есеппен 173 студент

Төмен

36%

35,3%

34,1%

32%

34,5%

Орташа

49,8%

50,1%

50,4%

51,2%

50,4%

Жоғары

14,2%

14,6%

15,5%

16,8%

15,1%

Сонымен қатар ұлттық санамызды улайтын жастардың бойында кейбір жат қылықтардың бар екендігін, оның жастар тәрбиесіне тигізер кеір ықпалын зерттеу жұмысымыздың теориялық бөлімінде айтып өттік Осыған орай жастардың арасында ұлттық санаға кереғар құбылыстарды анықтау мақсатында студенттердің арасында сауалнама жүргіздік. Оның алғашқысы «Есірткі немесе токсикалық заттарды қолдануға қалай қарайсыз?» деген сұрақ болды.

Зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің басым бөлігі (39 пайызы) есiрткi немесе токсикалық заттарды қолдануға мүлде қарсымын деп жауап берсе, 57 пайызы бұл әркімнің жеке ісі деп жауап берген. Әрбір оныншы респондент есiрткi немесе токсикалық заттарды қолданудың ешқандай зияны жоқ деп жауап берсе, 3 пайызы бұл сұраққа жауап беруге қиналған.

Сонымен қатар респонденттерге «Сiз «Өмiрде бәрiн байқап көру керек, сонымен қатар есiрткiнi де» - деген тұжырыммен келiсесiз бе?» деген сауал қойылды. Зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің басым бөлігі (75 пайызы) бұл тұжырыммен келісетіндігін білдірсе, 13 пайызы бұл тұжырыммен келіспейтіндіктерін білдірген. Сауалнамаға қатысушы жастардың 12 пайызы бұл сұраққа жауап беруге қиналған.

«Шылым шегуге қалай қарайсыз?» деген сауалға студент-жастардың басым бөлігі (60 пайыз) шылым шегудің ешқандай зияны жоқ екендігін атап айтқан. Сол сияқты жастардың шылымды уақытша байқап көруге болатынын, ал жастардың азғантай бөлігі шылым шегудің денсаулыққа өте зиян екендігін атап көрсеткен.


  1. 59% - Алкогольді ішімдіктерді пайдаланғанның еш зияны жоқ.

  2. 17% - Анда-санда пайдалануға болады.

  3. 24% - Алкогольді ішімдіктерді пайдалануға қарсымын.

Сауалнама барысында респонденттерге «Сiздiң пiкiрiңiзше, алкагольді ішімдіктерді пайдаланған дұрыс па?» деген сауал қойылған болатын. Зерттеу нәтижелері бойынша жастардың әрбір екіншісі алкогольді ішімдіктерді пайдаланғанның зияны жоқ десе, 17 пайыз респондент анда-санда алкогольді ішімдіктерді пайдаланғанның дұрыс екендігін атап көрсеткен. Сауалнама көрсеткіштері бойынша респонденттердің 24 пайызы алкогольді ішімдіктерді мүлде пайдалануға болмайтынын айтқан.

  1. Жезөкшелердің біздің қоғамымызда болғанына қарсы емеспін

  2. Келісемін, ол ежелден келе жатқан кәсіп

  3. Жезөкшелердің біздің қоғамда болғаны дұрыс емес

Сауалнама барысында респонденттерге «Сiз «жезөкшелердің біздің қоғамда болғаны дұрыс»- деген тұжырыммен келiсесiз бе?» деген сауал қойылған болатын. Зерттеу нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысушы жастардың әрбір екіншісі «жезөкшеліктің біздің қоғамымызда болғанына қарсы емеспін» деп жауап берсе, әрбір үшінші респондент «келісемін, ол ежелден келе жатқан кәсіп» деп жауап берген. Ал 17 пайыз респондент «жезөкшелердің біздің қоғамда болғаны дұрыс емес» деп жауап беріп отыр.

Болашақ мұғалімдердің бойында ұлттық сана қалыптастырудағы басты принциптерді талқылай отырып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдерді сараптадық. Көрсетілген принциптерге сүйене отырып, студенттерде ұлттық сана қалыптастыруда мынадай әдіс-тәсілдерді ұсынуға болады. Мынадай шарттар ескерілуі керек: ұлттық сана қалыптастыру мақсаттары мен міндеттері; студенттердің қызығушылығы мен қажеттері; қоршаған әлеуметтік жағдайлар; студенттерде қалыптасқан ұлттық сана деңгейлері; күтілетін нәтижелер; оқытушының өз басының мүмкіндіктері.

Студенттерде ұлттық сананы қалыптастыру әдістері, іс-әрекетті ұйымдастыру және қарым-қатынасты қалыптастыру әдістері; ынталандыру әдістері деп жіктейміз.

Сананы қалыптастыру әдістері студенттің халықтық педагогика идеяларына негізделген ұлттық сана қалыптастыру оның қажеттілігін саналы түрде түсінуіне негіз болады. Осы сипатта дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесі студентте ұлттық сана деңгейінің дамуына ықпал етеді. Сондықтан шәкірттің белгілі бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оның бойында сол қасиетті қалыптастыру, тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері студенттердің халықтық педагогикадан алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді қолдануға, яғни ұлттық сана қалыптастыруда маңызды. Оқытушы өз сабақтарында халықтық педагогика мұраларын, ислам хадистерін, ақын-жыраулар тағылымдарын, Абайдың “Қара сөздері”секілді тәлімдік мәні зор материалдарды пайдаланып, этикалық тақырыптағы әңгімелер, түсіндірмелер, түсініктемелер, лекциялар, этикалық әңгіме-сұхбаттар, ақыл-кеңестер, мысалдар қолдану өз нәтижесін беретіні дәлелденді. Бұл әдістердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен қолдану аясы бар, олардың әрқайсысы оқытушының жоғары біліктілігі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты.

Ұлттық тәрбие, әдеп тақырыбындағы әңгіме моральдық талаптар мен қарым-қатынас нормаларының мәнін түсініп, ұғынуға жәрдемдеседі. Ол адамгершілікті қарым-қатынас ұғымы, түсініктерінің мазмұнын ашып қана қоймай, студенттердің инабаттылық талаптарына сәйкес болымды тұлғалық әрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, ұлттық сана қалыптасуында оңды өзгерістерге ықпал жасайды. Мұндай әңгімелер бірнеше қызмет атқарады: 1) халықтық педагогика туралы білімін жетілдіреді; 2) тұлғаның адамгершілік сапаларына негізделген ұлттық сана деңгейін дамытады; 3) тәрбиелік ұнамды үлгі-өнеге, мәдениеттілікті қалыптастырады.

Айтыс – сананы, сенімді, мақсат – мұраттарды, құндылық бағыттарды қалыптастырудың күрделі әдісі. Айтыстың тақырыбы таңдалып алынғаннан кейін, өзіндік пайымдауды қажет ететін 5-6 сұрақ белгіленеді. Айтысқа қатысушыларды осы сұрақтармен таныстырып, әдебиеттер ұсынылады. Айтыстағы баяндама еркін әрі қызу болуы қажет. Айтыстың жүргізушісі қызметін, әдетте оқытушы атқарады, бірақ ерекше дайындығы бар студенттер жүргізуші бола алады. Айтыс кезінде оқытушы студенттердің айтысын бағыттап, олардың ойларын тәртіпке келтіріп, дәлелге сүйенуге үйретеді.

Соңғы жылдары айтыстың, ізденістің, мәселелерге жауап берудің пікірталас сияқты формасы кеңінен қолданылуда. Айтыстан ерекшелігі- пікірталастарға студенттер топтары қатысады. Олар алдын-ала баяндамалар дайындайды, онда өмірлік маңызы бар мәселені шешудің ең тиімді деген жобасы студенттің тілегі бойынша жазылады.

Ұлттық сана қалыптастыру әдістері - жеке тұлғаның халықтық түсініктері мен сенімдерін, білімін нақты іс-әрекетте, қарым-қатынаста пайдалану арқылы көрінеді. Ұжыммен белгілі бір іс-әрекетте қарым-қатынас барысында пайда болатын жағдайлар белгілі ір әдетке мінез-құлықтың белгілі бір бағытын таңдауға әкеліп, ұлттық сана қалыптасуына негіз болады. Әсіресе, қажетті тұлға сапаларын қалыптастырудың жалпыланған әдісі – жаттықтыру. Жаттығулар жиілігі, көлемі мен жетіскен нәтижелер арасында тікелей тәуелділік бар: жаттығулар неғұрлым көп орындалса, олардың жәрдемімен қалыптасушы сапалар дамуы да соғұрлым жоғары келеді. Жаттығулар талап пен ойын формасында да жүргізіледі.

Ынталандыру әдістері – мадақтау, жарыстыру, субъектив-прагматикалық әдістерден тұрады.

Студенттің ұлттық санасын қалыптастырудағы оқытушы тарапынан болатын педагогикалық қолдаудың мәні мынада: ұнамды психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; ұлтының дәстүрлеріне т.б. мақтан тұтуын қаматамасыз ету; көмек көрсету, үлгі-өнеге болу; оқытушының кәсіби деңгейі мен мәдениеттілігінің жоғары болуы.

Студенттердің ұлттық санасын қалыптастыруда мынадай жұмыс формалары пайдаланылады:

Дәрісбаяндар – халықтық педагогиканың бай мұраларынан берілген жарқын ақпарат, деректер, қызықты мысалдар т.б. негізіндегі дәрісбаяндар студенттердің ынта-ықыласын тудырып, ұлттық сананы қалыптастыруға мүмкіндік береді.

“Сократтық сұхбат” – кезегімен қосымша сұрақтар қоя отырып, оларға жауап тауып, студенттерде ұлттық сана деңгейінің қаншалықты екендігін байқауға болады.

Ашық микрофон – болашақ мұғалімдер үшін халықтың педагогика идеяларының ықпалы туралы мәселені талқылау үшін қолданылады.

Ұлы тұлғалар күні – халқымыздың батыр ұлдары мен қыздары, ұлттық мақтаныштарымыз болған Ұлы тұлғалар (Абай, Ыбырай, Міржақып т.б.) мерейтойларына орай өткізілетін танымдық, құндылық бағыт беретіндей қызықты да мазмұнды шара.

Пікір – сайыс – екі топ кезегімен ой толғаныстары мен шешімдерін ортаға салып, өз жобаларын қорғайды.

Сыр – сұхбат – қазіргі кезеңде қоғамымызда болып жатқан өзгерістерге сай, адамдардың бойындағы ұлттық сана деңгейінің өзгеруі, халықтық педагогика идеяларындағы ой-пікірлердің ерекшелігі; мәселенің шешімін табу жолдары т.б. мәселелерге арналған тәрбиелік әңгіме сағаты.

Қарсыластар сайысы – алдын-ала жинақталған пікірталас материалдары негізінде көкейкесті мәселелер жөнінде қарсы 2 топтық пікірлерін ортаға салу, сараптау, тұжырымдар жасауға арналған сөз-жарыс.

Ұлттық мұралар аукционы – халқымыздың дәстүрлері, мәдениеті, өнері, т.б. жөніндегі студенттер мен қолөнер бұйымдарын т.б. “сатып алу” мақсатындағы білімдік сайыс т.б.

Көрсетілген шараларды оқу-тәрбие процесінде тақырыппен сабақтастыра жүргізу оң нәтижеге жеткізіп, студенттердің ұлттық санасын қалыптастыруға негіз болады деп есептейміз. Демек, субъект іс-әрекеті – тұлға дамуы мен қалыптасуының басты факторы. Дұрыс ұйымдастырылған оқу-білім, еңбек, іс-әрекет т.б. тұлғаны дамытады, өмірлік дұрыс бағыт таңдауына, ұлтын, елін, жерін суюге мүмкіндік береді.

Сонымен, халықтық педагогика мұралары мен одан бастау алған ғылыми ізденістер, зерттеулер мен озат педагогикалық тәжірибелерге талдау жасау негізінде студенттердің ұлттық санасын қалыптастыру мәселесін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарды анықтадық:


  • болашақ мұғалімдердің халықтық педагогика негізіндегі ұлттық санасын мақсаттылықпен, тиімділікпен қалыптастыру, халықтық мұраларды, этнопедагогиканы, ұлттық психологияны, Қазақстан тарихы пәндері жүйесін оқып үйрету;

  • ұлттық сана қалыптастыруда студенттердің дара ерекшеліктерін зерттеу, олардың тұтастай ішкі психологиялық дербестік ерекшеліктерін, олардың қабілеттерін және әдіснамалық принциптің сана мен іс-әрекеттің бірлігі негізінде, олардың мінез-құлықтарының, қызығушылықтары мен іс-әрекетінің өзгешеліктерін айқындау арқылы осы іс-әрекеттің тұлғалық субъектісі деп тану;

  • субъектілердің жаңа әлеуметтік-мәдени орта жағдайында халықтық педагогика идеяларына негізделген ұлттық санасын қалыптастыра отырып, студенттер лойында ұлттық сана қалыптастырып, дамытуға бағытталған педагогикалық жұмыстарды қамтамасыз ету;

  • педагогикалық пәндерді оқыту, тәрбие жұмыстарын жүргізу негізінде ұлттық санасын дамыту; студенттердің өз бетінше ізденушілік, ұлттық мәдениетті дамытушы тұлға ретінде қарауы.

Сонымен, халықтық педагогика идеялары – бұл жинақталған және эмперикалық білімнің практикамен тексерілген, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мағлұматтар, іскерлік пен дағдылар жиынтығы, халықтың әлеуметтік және тарихи, мәдени тәжірибесінің жемісі. Халықтық педагогика идеяларын қазіргі ғылыми-педагогикалық мәліметтермен ұштастырып, заман талабына сәйкес тиімді пайдалану көкейкесті мәселе.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері студенттердің ұлттық сана қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың маңыздылығын мойындағанымен, оны оқытудың, білім беруде қолданудың әдістерін білмейтіндігін айтады. Бұл мәселені шешудің жолдарын анықтауға байланысты өткізілген әңгіме, пікірталас нәтижесі мынаны көрсетті: университетте ұлттық тәрбиені жүзеге асыру тәсілдерін анықтау мақсатында қойылған сауалға салыстырмалы талдау жасайтын болсақ, келтілген барлық тәсілдер бойынша іс-шаралардың маңыздылығын артыру қажеттігі анықталды. Яғни, топта айына кем дегенде бір тәрбие сағатын өткізу керек дейтіндер 1-кезеңде жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша 25%-ды құраса, 2-кезеңде 27%-ды құрап отыр, ал тәжірибелік тәсілдерді (олимпиада, үйірмелер, студенттерге халық өнерін үйрету және т.б.) жүзеге асыру керк дейтіндер 30%-дан 32%-ға, көркемдік тәсілдерді (көрмелер, тақырыптық билбордтар және т.б.) жүргізу керек дейтіндер 23%-дан 25%-ға, ауызша кездесулер ұйымдастыру (дәрістер, баяндамалар, конференциялар және т.б.) керек дейтіндер көрсеткіші 27%-дан 30%-ға артып отыр.

Анықтаушы эксперимент жұмыстары болашақ мұғалімдердің бойында ұлттық сана қалыптасу жағдайын анықтап берді (5 - кесте).

Анықтаушы эксперимент бойынша жүргізілген жүйелі зерттеу жұмыстары жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндер негізінде студенттердің бойында ұлттық сананы қалыптастыру жұмыстары жүргізілгенімен, жеткіліксізілігін, көбіне ол тек мәселе түрінде ғана қойылатыны және оны білім алушлар кей кездерде ғана, еш жүйесіз іске асыратыны байқалды. Сауалнама, тест нәтижелері студенттердің ұлттық сана ұғымына және бұл мәселеге аса мән бермейтіндігін, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде тікелей маңызы бар екеніне, ұлттық сананы қалыптастыру қажет деп есептегенімен, оны жүзеге асыру әдіс-тәсілін білмейтіндігін көрсетті.


Кесте –5. Студенттердің бойында ұлттық сананың қалыптасу деңгейлерінің көрсеткіші







Курс/Студент саны




Деңгейлер

1-курс

47 студент



2-курс

45 студент



3-курс

39 студент



4-курс

42 студент



Орташа есеппен 173 студент

Төмен

36%

35,3%

34,1%

32%

34,5%

Орташа

49,8%

50,1%

50,4%

51,2%

50,4%

Жоғары

14,2%

14,6%

15,5%

16,8%

15,1%

Болашақ мұғалімдердің бойында ұлттық сана деңгейі курс жоғарылаған сайын көтерілгендігін кестеден байқауға болады. Бұл дегеніміз жоғары оұу орнында ұлттық тәрбие беру бағытында жүргізіліп келе жатқан жұмыстың нәтижесін көрсетеді, алайда, сауалнамаға қатысқан студенттердің 8-ден 1 бөлігінде ғана ұлттық сана қалыптасу деңгейі жеткілікті дәрежеде екенігін көреміз. Аталған студенттердің барлығының ұрпақ тәрбиесіне араласатын маман болатындығын ескерсек, бұл көрсеткіштің төмен екендігін атап өткіміз келеді.

Сондықтан қазіргі педагогикалық практикада студенттер бойында ұлттық сана қалыптастыру мәселелерін зерделеуді және оларды терең түйсінуді, жан-жақты дамыған, ұлтын сүйетін, ұлт құндылықтарын дәріптейтін жеке тұлға қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған педагогикалық өзара ықпалдастық әрекеттердің түрлі формаларын даярлап, оларды іс жүзінде сынақтан өткізу арқылы іске асырдық.

Диагностика нәтижелері аталған мәселені шешудің тиімді жолдары мен құралдарын анықтау, оларды қорыту және оқу-тәрбие процесінде ұлттық сана қалыптастыруды педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етудің үлгісін жасау, оны тәжірибеге ендіру, оның тиімділігін көз жеткізу қажеттігін айқындады.

Болашақ мұғалімдердің халықтық педагогика идеялары негізіндегі ұлттық сана қалыптастыру жағдайының жетімсіздігі мен сол бойынша бірізділікпен берілген әдістемелік жүйенің жоқтығы, студенттердің ұлттық сипаттағы білімін дамыту процесі бойынша жоғары оқу орындарында қалыптастыру экспериментін жүргізу қажеттігін тудырды.

Қалыптастыру эксперименті үш кезеңде жүзеге асырылды: І бағдарлау кезеңінде анықтаушы эксперимент нәтижелерін пайдалана отырып, мәселенің шешімін нақты жағдайдағы мүмкіндіктері, бағдарламасы жасалынып, бастапқы кезеңге жоспарланған жұмыстар жүргізілді, ІІ кезеңде – эксперимент жұмыстарының негізгі сатысы, ІІІ қорытынды кезеңде – нәтижелер жүйеленіп, жалпы тұжырым жасалды.

Бірінші – бағдарлау кезеңінде тәжірибелік педагогикалық жұмыстарды жүргізу жағдайларын қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесінің нақты жағдайдағы мүмкіндіктері анықталып, әлеуметтік-гуманитарлық, психологиялық-педагогикалық және жалпы кәсіби пәндердің мүмкіндіктерін, нақты әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктері қарастырылды. Келесі кезеңдерді өткізу жоспары мен дайындық сатысы жүргізілді.

Екінші – негізгі кезеңде эксперименттік топтың студенттері тапсырмалардың арнайы жүйесі бойынша жұмыс жасады. Ұсынылып отырған әдістемеге сәйкес, жұмыстар топтамасы іске асты. Сонымен қатар студенттердің бұл мәселені шешуге мән беруі, болашақ қызметіндегі маңызы мен ұстаз болуда “қазақ еліне мәдениет таратушы” ретіндегі мақтаныш сезімін ояту, сол тұрғыда өз болмысын таныта алуын жетілдіру мақсатында эксперимент жұмыстары олардың мектептегі педагогикалық практикасымен ұштастырылды.

Біздің жүргізген зерттеулеріміз жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқыту барысында ұлттық сана қалыптастыруға байланысты арнайы оқу-тәрбие курсын енгізудің қажеттігін анықтады. Арнайы оқу курсы “Педагогикалық пәндерді оқытуда ұлттық сана қалыптастыру” деп аталды. Арнайы курс 44 сағатқа мөлшерленді, оның 12 сағаты лекцияларға, 12 сағаты СОӨЖ және 12 сағаты СӨЖ-ге арналған (Кесте-6).
Кесте –6. «Педагогикалық пәндерді оқытуда ұлттық сана қалыптастыру»

атты арнайы курсының бағдарламасы




р/с

Сабақ тақырыптары

Сабақ түрлері

лек

прак

СОӨЖ

СӨЖ



Кіріспе. Тәуелсіз Қазақстанда ұлттық сана қалыптастырудың маңызы мен көкейкестілігі

2




2

2



Ұлттық сана ұғымының теориялық негіздері

2

2

2

2



Ұлттық сана ұғымы бойынша зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдардың ой-пікірлеріне талдау

2

2

2

2



Болашақ мұғалімдердің бойында ұлттық сана қалыптастырудың мүмкіндіктері

2

2

2

2



Ұлттық санаға кереғар құбылыстар, олардың алдын алу жұмыстарының ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы

2

2

2

2



Ұлттық сана деңгейінің кәсіби іс-әрекеттегі көрінісі, тәрбиелік мәні

2




2

2

Барлығы

12

8

12

12

Арнайы курстың «Тәуелсіз Қазақстанда ұлттық сана қалыптастырудың маңызы мен көкейкестілігі» тақырыбындағы лекциялық сабақта өазіргі жаһандану жағдайында ұлт болашағын сақтап қалу үшін жастардың бойында ұлттық сана қалыптастырудың маңыздылығы атап көрсетілді. «Ұлттық сана ұғымының теориялық негіздері» және «Ұлттық сана ұғымы бойынша зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдардың ой-пікірлеріне талдау» тақырыптарында ұлттық сана ұғымына берілген әртүрлі анықтамалар мен пікірлер жинақталып, талданды. «Болашақ мұғалімдердің бойында ұлттық сана қалыптастырудың мүмкіндіктері» тақырыбында педагогикалық пәндерді оқыту арқылы студенттердің бойында ұлттық сана қалыптастыру мүмкіндіктеріне тоқталып, студенттер өзіндік жұмыстарында тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп, ұсыныстарын ортаға салды. «Ұлттық санаға кереғар құбылыстар, олардың алдын алу жұмыстарының ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы» тақырыбында қоғамда қазіргі таңда орын алып отырған келеңсіз құбылыстар, зиянды әдеттерге сипаттама беріліп, өзіндік жұмыстарда студенттер олардың алдын алуға арналған жоспарлары және бағдарламаларын ұсынды. «Ұлттық сана деңгейінің кәсіби іс-әрекеттегі көрінісі, тәрбиелік мәні» атты практикалық сабақта студенттер-болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметінде ұрпақ бойында ұлттық сана қалыптастыруға бағытталған кешенді жоспарлары, жүргізілу барысы, т.б. жұмыстарын ұсынды.

Бұл курсты педагог емес мамандықтар үшін де оқуға болады. Арнайы курс психология, педагогиканың теориясы, тәрбиелеу әдістемесі, философия, тарих пәндерімен тығыз байланысты. Сондықтан, осы пәндермен қатар не болмаса олардан соң оқыту тиімді нәтижелер беруі күмәнсіз.

Курс бойынша оқылатын дәріс, семинар жұмыстармен бірге реферат жазу, өзіндік жұмыстар астарласып қатар жүреді. Қазіргі кезде барлық жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесі ендірілуде. Осыған орай, арнайы курстың тақырыптары бойынша өзіндік жұмыс орындау негізге алынды.

Арнайы курстың нәтижесінде студенттердің ұлттық сана жайлы білімдері, ой-тұжырымдары тереңдеп, ұлттық көзқарасқа ие болды.

Экспреиментіміздің бақылаушы кезеңінде жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ұлттық сана жайлы ұғымдардың ендірілу деңгейін анықтау мақсатымен ауызша сұраулар мен тексеру жұмыстары жүргізілді, соынмен қатар тапсырмалар кешенін дайындадық. Төменде сол тапсырмалардың бірнешеуі сипатталған. Тақырыбы: Ұлттық сана ұғымының теориялық негіздері

Мақсаты: ұлттық сана ұғымына теориялық сипат беру, аталған ұғым туралы зерттеу жүргізген ғалымдардың ой-пікірлерін талдау.

Тапсырма №1

Ұлттық сананы құрайтын компоненттерді әртүрлі ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, топтастырыңыз.
Тапсырма №2

Ұлттық сана ұғымына ассоциация жасаңыз.



Тапсырма №3

Ұлттық сананы қалыптастырудың маңыздылығы атап көрсетілген еңбектерді талдай отырып, кестеге мысалдар келтіріңіз.




р/с

Авторы

Қанатты сөздер

1







2







3







4







5







6







7







Тапсырма №4

Ұлттық сана ұғымы бойынша зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдардың ой-пікірлеріне талдау жасаңыз.


Рр/с

авторлар

Негізгі идеясы

1







2







3







4







5







6







Тақырыбы: Ұлттық санаға кереғар құбылыстар, олардың алдын алу жұмыстарының ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы

Мақсаты: қазіргі таңда жастар арасында белең алып жүрген келеңсіз құбылыстар, зиянды әдеттерге тоқталып, олардың алдын алу, болдырмауға бағытталған жұмыстарды жүргізуге үйрету.

Тапсырма №5

Ұлттық санаға кереғар құбылыстарды жіктеп, олардың алдын алуға бағытталған жұмыс концепциясын ұсыныңыз.


Ұлттық санаға кереғар құбылыс

Алдын алуға бағытталған жұмыс концепциясы











































Тапсырма №6

Ұлттық санаға кереғар құбылыстардың алдын алуға бағытталған оқу-тәрбие жұмысының жобасын дайындаңыз




Жұмыс тақырыбы

Мазмұны, мақсаты

Формасы

















































Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет