Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет270/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

Бақылау сұрақтары: 
 
1.
 
TL 9000, AS 9100, QS 9000 стандарттары не үшін жасалған? 
2.
 
ИСО  9000  сериялы  стандарттарына  сәйкес  сапа  жүйесі  бойынша 
құжаттардың құрылымы қандай? 
3.
 
Сапа  бойынша  басшылық  жалпы  түрде  қанша  негізгі  бөлімнен  тұруы 
қажет? 
4.
 
Процедуралар дегеніміз не? 
5.
 
Сапа жүйесін енгізуде туындайтын негізгі мәселелерді атаңыз. 


 
246 
10 СЕРТИФИКАТТАУ 
 
Сертификаттау
  деген  сөз  латын  тілінен  аударғанда  «бекіту,  куәліктеу» 
(certificate- 
куәлік) 
дегенді 
білдіреді. 
Өнімнің 
сапалы, 
«дұрыс 
жасалынғандығына» көз жеткізу үшін, оның қандай талаптарға сай екенін және 
оның сәйкестігі туралы ақиқатты айғақтарды қалай алуды білу керек. Осындай 
айғақтың  баршаға  танымал  әдісі  сәйкестік  сертификаты.  Бүгінгі  күні 
сертификаттау деп, үшінші бір жақтың ұқсастырылған өнімнің, процесс немесе 
қызметтің нақты бір стандартқа, нормативті құжатқа сәйкестігін дәлелдейтін іс-
әрекетін  айтамыз.  Өнім  өндірушілер  мен  оларды  тұтынушыларға  тәуелсіз 
«үшінші жақтың» жүргізген сынақтарының нәтижелері ақиқатты деп саналады. 
Үшінші  жақ  деп  өндірушіге  (бірінші  жақ),  тұтынушыға  (екінші  жақ)  тәуелсіз 
деп танылған тұлға немесе органды айтамыз. 
Сонымен,  сертификаттау  –  дегеніміз  өнімнің,  қызметтің,  процестің 
белгіленген  талаптарға  сәйкестігін  растап,  жазбаша  кепілдік  беретін  іс  реті. 
ИСО/МЭК «сәйкестік» (Assurance of conformity – сәйкестігін дәлелдейді ) деген 
терминді  ұсынып,  нәтижесінде  өнімнің  (қызметтің,  процестің)  бекітілген 
талаптарға  сәйкестігін  растайтын  өтінім  берілетін  іс  реті  екенін  нұсқайды. 
Бұлар  өнім  өндірушінің  сәйкестік  туралы  өтінімі  (supplier

s  declaration  – 
өндіруші  өтінімі),  өнімнің  қойылған  талаптарға  сәйкестігі  туралы  жазбаша 
кепілдігі,  өнімге  қатысты  ақпараттарда,  каталогтарда,  пайдалану  туралы 
нұсқауларда  жазуға  болатын  өтінім,  этикетка,  жапсырылған  жазба  қағаз  және 
т.б. болады. 
Әртүрлі факторларға қатысты сертификаттау процесін құрайтын ережелер, 
іс  реттері,  сынақтар  және  тағы  да  басқа  іс-әрекеттер  әрқилы  болып  келеді. 
Егерде  сертификаттау  жүйесі  нақты  бір  өнімнің  (процестің,  қызметтің) 
сәйкестігін  дәлелдейтін  болса,  онда  ол  біртектес  өнімдерді  сертификаттау 
жүйесі деп аталып, тәжірибеде тек қана осы өнімдерге қатысты стандарттарды, 
ережелерді және іс ретін пайдаланады. Осындай бірнеше біртектес өнімдердің 
сертификаттау  жүйесі  өздерінің  органдарымен  және  құрылымдық  құрамымен 
жалпы  сертификаттау  жүйесіне  кіруіне  болады.  Белгіленген  талаптарға 
сәйкестігінің дәрежесін жүйелік түрде тексеруді сәйкестікті бағалау (conformity 
assessment)  деп  атаймыз.  Өнімнің  нақты  бір  көрсеткіштерін  өлшеу  арқылы 
анықтап,  сәйкестігін  бағалауды  тексеру  (inspection)  деп  айтамыз. 
Сертификаттау  стандарттарға  сүйенеді  және  оның  негізінде  сертификаттау 
нормалары  бойынша  сынақ  жүргізу  жатыр.  Өнімнің,  қызметтің  сапасын 
жоғарылату,  олардың  тұтынушыға  қауіп  төндірмеуін  қамтамасыз  ету 
объективті  қажеттілік  болып  табылады.  Бүгінгі  күні,  нарықтық  қатынас 
шартында  сертификаттау  өнімнің  нормативтік  құжаттардағы  талаптарға 
сәйкестігіне кепілдік беретін негізгі құрал болып тұр. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет