249
көптеген мәселелер туындайды ( Ресейде – сертификаттаудың өз жүйелерін
жасаған және Ресей Федерациясының Мемлекеттік Стандартының негізінде
жұмыс жасайтын 18 министрлік бар ).
10.1- кесте.
Сертификаттау стандарттары
ҚР СТ 3.1-2001
Өнімдер мен қызметтерді Сәйкестік
белгісімен таңбалаудың
тәртібі
ҚР СТ 3.4-2003
Өнімнің сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі, Жалпы талап-
тар
ҚР СТ 3.5-96
Қызметтерді сертификаттау. Негізгі
ережелер
ҚР СТ 3.6-96
Қоғамдық тамақтану қызметін сертификаттау
ҚР СТ 3.7-2002
Туристік-экскурсиялық және
мейманханалық қызметтерді
сертификаттаудың тәртібі
ҚР СТ 3.9-2004
Импортталатын өнімді сертификаттау. Жалпы ережелер
ҚР СТ 3.10-2007
Сәйкестікті бағалау. Шағымдар мен аппеляциялар, прин-
циптер мен талаптар. Қарау тәртібі. ҚР СТ 3.10-2004 орнына
енгізілген
ҚР СТ 3.11-2003
Мемлекеттік тізілім жүйесінің құрылымы және жүргізу
тәртібі.
ҚР СТ 3.12-2005
Телекоммуникациялар желілерінің байланыс құралдарын
міндетті сертификаттаудың негізгі ережелері
ҚР СТ 3.13-2005
Телекоммуникациялар желілерінің байланыс құралдарын
сертификаттаудың тәртібі
ҚР СТ 3.15.1-2006
Сапа және өндіріс жүйелерін сертификаттау. Негізгі
ереже-
лер
ҚР СТ 3.15.2-2006
Сапа және өндіріс жүйелерін сертификаттау. Сапа жүйелерін
жүргізудің тәртібі
ҚР СТ 3.16-2004
Зертханааралық салыстырулар. Оларды өткізуді ұйымдасты-
ру және тәртібі
ҚР СТ 3.19-2006 Мұнай, газ жабдықтарын сертификаттаудың тәртібі
ҚР СТ 3.20-2001 Шаштараздар қызметтерін сертификаттау тәртібі
ҚР СТ 3.21-2006 Кен өндіру штаттық жабдықтарын сертификаттау тәртібі
ҚР СТ 3.24-2001
Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды сертификат-
таудың тәртібі
Мысалы, Ресей Федерациясының теміржол саласында (Қазақстан мен Ресей
Федерациясының сертификаттау заңдарының өте үлкен айырмашылығын
ескеру керек) теміржол көлігіне өзіндік сертификаттау жүйесі жасалған. РФ
теміржол қатынастары министрлігі РФ Мемлекеттік Стандартымен келісімге
отырып, сертификаттау бойынша органдар мен сынау орталықтарын
аккредиттау құқығын алды.
Қазақстан республикасында тек бір ғана – мемлекеттік сертификаттау
250
жүйесі қалыптасқан. Бұл жүйенің жұмыс жасау құқықтық қамтамасыз етілуі
«Техникалық реттеу» ҚР Заңымен анықталады. Мемлекеттік сертификаттау
жүйесі сертификаттау аумағында бірыңғай саясат жүргізуді қамтамасыз етеді
және сертификаттаудың негізгі ережелері мен процедураларын, сертификаттау
органдарына, сынау зертханаларына талаптар, олардың аккредитация
процедураларын, сертификаттау жүргізетін сарапшы-аудиторларды дайындау
және аттестациялау, мемлекеттік сертификаттау жүйесі реестрін жүргізу, аудит
пен инспекциялық бақылау ережелері, сертификаттау мақсатын іске асыруға
қажет басқа ла талаптарды орнатады.
Сертификаттау
бойынша
жұмыстарды
басқару
өкілетті
ресми
сертификаттау органы – «Сараптама мен сертификаттаудың ұлттық орталығы»
Акционерлік
Қоғамына
жүктелген. Сертификаттау
жүйесінің
негізі
процедураларын анықтаушы СТ ҚР 3..., 7..., 14 стандарты бар.
Сертификаттау бойынша органдар, өнімді шығарушыға, оны жеткізуші
және тұтынушыға байланыссыз, ГСС нормативті құжаттарында орнатылған
талаптарға сәйкес (СТ ҚР 7.2-2001) заңды тұлғалар болуы мүмкін.
Сынау зертханалары (орталықтар) заңды тұлға статусын алуы немесе заңды
тұлғаның құрылымдық бөлімшелері болуы мүмкін (бұл жағдайда
сертификаттау органының қызметкерінің сынауда қатысуы қамтамасыз етілуі
тиіс).
Сертификаттау жұмыстарының мекемесі үшін келесі шарттар орындалуы
тиіс:
1.
Сертификаттау объектілері анықталуы;
2.
Сертификаттау жүргізілетін талаптарға сәйкестігіне нормативті
құжаттардың түрлері мен деңгейлері орнатылуы;
3.
Сондай сәйкестікті қолданушы ережелер мен проецедуралар
реттелуі;
4.
Оларды өткізу жағдайлары қамтамасыз етілуі, яғни сынауды өткізе
алатын орнатылған тәртіпте аккредитталған сынау орталықтарының болуы;
5.
Сәйкес саладағы сертификаттау бойынша орнатылған тәртіпте
аккредитталған органның болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: