Сертификаттауды қолдану салалары Қазақстан Республикасы заңнамасымен міндетті және ерікті сертификаттау
түрлері қарастырылған.
Өнімнің
(процестердің,
жұмыстың,
қызметтің)
сәйкестігін
ҚР
территориясында растау ерікті және міндетті сипатта. Міндетті сертификаттау
қоршаған ортаның, адам өмірі мен денсаулығын және мүлкінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін өнім мен қызметке таратылады. Осы тауарларға заң
жүзінде бекітілген талаптар ішкі нарықта барлық өндірушілер мен елге шеттен
әкелушілермен орындалуы тиіс. ҚР міндетті сертификаттауға жататын,
сәйкестік декларациясымен сәйкестігі расталатын тауар мен қызмет түрлерінің
тізімдері Мемстандарт ұсынуымен ҚР үкіметінің қаулысымен регламенттеледі
және арнайы реестрде тіркеледі. Міндетті сертификаттауға жататын өнім
тізіміне машина жасау, электротехника, прибор жасау, медициналық техника,
ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі тауарлары, шикізат пен ағаш өңдеу
өнімдері, демалу ағзаларын қорғау құралдары, ыдыстар, пиротехникалық
бұйымдар, ветеринарлық, биологиялық препараттар, сондай-ақ көрсетілетін
қызмет тізіміне жолаушы тасымалдау, байланыс, туристік және экскурсиялық,
сауда, қоғамдық тамақтану кіреді. Сәйкестікті міндетті түрде растау екі пішімде
өткізіледі: өндіруші кәсіпорын сәйкестік декларациясын қабылдайды; міндетті
сертификаттау жүргізіледі.
Тізімге кірген отандық немесе импортталған өнім сатылуға тек сәйкестік
сертификаты немесе сәйкестік декларациясы бар болған жағдайда ғана рұқсат
етіледі.