Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет276/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

10.3 Сертификаттау жүйелері 
 
Сертификаттау  жүйелері
  –  осы  жүйеде  орнатылған  ережелер  бойынша 
сертификаттау 
жұмыстарын 
жүргізуге 
қатысушылар 
жиынтығы. 
Сертификаттау жүйесі сертификаттау жұмыстарын жүргізуге өз ережелері мен 
басқару  процедураларын  қолданады.  Жүйелер  ұлттық,  мемлекетаралық, 
аймақтық  және  халықаралық  деңгейде  қалыптасады.  Сертификаттау  процесін 
құрайтын  процедуралар,  ережелер,  сынаулар  және  басқа  да  іс-әрекетті  түрлі 


 
254 
факторларға  байланысты  қарастыруға  болады.  Егер  сертификаттау  жүйесі 
нақты  бір  өнімнің  (процесс,  қызмет)  сәйкестігін  дәлелдеумен  айналысса  –  өз 
тәжірибесінде нақты осы өнімге қатысты стандарттар, ережелер мен процедура 
қолданатын  біртекті  өнімді  сертификаттау  жүйесі  болып  табылады.  Осындай 
бірнеше  біртекті  өнім  сертификаттау  жүйелері  жалпы  сертификаттау  жүйесін 
құрайды.  Сәйкестікті  бағалау  деп  берілген  талаптарға  сәйкестік  дәрежесін 
жүйелік  тексеруді  айтамыз.  Сәйкестікті  бағалаудың  бір  жеке  басын  өнімнің 
нақты  сипаттамасын  өлшеу  жолымен  сәйкестікті  бағалауды  тексеру  деп 
атаймыз.  Сертификаттау  стандарттарға  сүйенеді  және  оның  негізінде 
сертификаттау  нормаларына  сай  сынау  жатыр.  Тұтынушының  қауіпсіздігін 
қамтамасыз етудің объективті қажеттілігі өнім мен қызметтің сапасын арттыру. 
Нарықтық  қатынас  жағдайында  өнімнің  нормативтік  құжаттар  талаптарына 
сәйкес болуына кепілдік беретін негізгі құрал – сертификаттау. 
Сертификаттау  жүйесі  басқаруды  да,  процедураларды  да  өзінің 
ережелерімен  жүзеге  асыратын  жүйе.  ҚР  сертификаттау  жұмыстарын 
ұйымдастырып, жүргізу үшін Мемлекеттік сертификаттау жүйесі құрылған. 
ҚР сертификаттау жүйесін мемлекеттік органына (ҚР Мемстандарты), өнім, 
процес,  жұмыс  және  қызмет  сертификаттаудың  аккредиттелген  органы  және 
аккредиттелген  сынау  зертханалары  (орталықтары)  жатады.  Қазақстан 
Республикасының  сертификаттау  жүйесі  (ҚР  МСЖ)  –  ҚР  сертификаттау  мен 
аккредиттеу  жұмыстарын  жүргізу  ретін  орнататын,  сертификаттау  саласы 
бойынша  жұмыстарды  өз  құзыреттілік  шегінде  жүзеге  асыратын,  мемлекеттік 
басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалар жиынтығы. 
Мемлекеттік  сертификаттау  жүйесі  сертификаттау  саласында  бірыңғай 
саясат  жүргізу  мен  негізгі  ережелер  және  сертификаттау  ретін,  сертификаттау 
органы  мен  сынақ  зертханаларына  талаптар  және  оларды  аккредиттеу  ретін, 
сертификаттау  бойынша  сарапшы-аудиторларды  дайындау  мен  аттестаттау 
ретін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің реестрін жүргізу ережелерін, аудит 
пен  инспекциялық  тексеру  жүргізу  ретін  және  т.б.  сертификаттау  мақсатын 
жүзеге  асыруға  қажетті  талаптарды  орнатады.  Сертификаттау  жұмыстарын 
басқару  Қазақстан  Республикасы  Мемстандарты  –  стандарттау,  метрология 
және  сертификаттау  бойынша  мемлекеттік  өкілетті  органға  бекітілген. 
Сертификаттау  жұмыстарын  қаржыландыру  республикалық  бюджеттен  және 
келісімшарт  негізінде  жүргізілген  жұмыстардан  жүзеге  асады.  ҚР  МСЖ 
жұмыстарына  Қазақстан  жерінде  орналасқан  барлық  мемлекеттік  басқару 
органдары,  қандайда  болмасын  меншіктегі  кәсіпорындар  мен  ұйымдар,  шетел 
ұйымдары  мен  фирмалары  ашық  қатыса  алады.  Міндетті  шарт  ҚР  МСЖ 
ережелерін мойындау мен орындау міндетті шарт. Мемлекеттік сертификаттау 
жүйесінің  ұйымдастыру  құрылымына:  стандарттау,  метрология  және 
сертификаттау  бойынша  мемлекеттік  өкілетті  орган;  өнімді,  процесті, 
жұмысты,  қызметті 
сертификаттау 
бойынша 
аккредиттелген  орган; 
аккредиттелген  сынақ  зертханалары  (орталықтары);  аккредиттеу  саласында 
консалтингтік  қызметтер  көрсететін  аккредиттелген  ұйымдар;  сертификаттау 
бойынша сарапшы-аудиторлар кіреді. 
ҚР  МСЖ  жұмыс  жасауының  құқықтық  қамтамасыздығы  ҚР  «Техникалық 


 
255 
реттеу туралы» Заңымен анықталады. 
Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымы 
10.5 суретте
 көрсетілген. 
 
 
 
10.5- сурет. 
Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымы
 
 
Сертификаттау  жұмыстарын  басқару  сертификаттаудың  өкілетті  ресми 
органы  –  АҚ  «Сараптау  және  сертификаттаудың  ұлттық  орталығына» 
жүктелген.  Өкілетті  орган  өзінің  іс-әрекетін  ҚР  «Техникалық  реттеу  туралы» 
Заңында  бекітілген  функциясына  сәйкес  жүргізеді  және  өзінің  құзыреттілігі 
шегінде келесі функцияларды атқарады: 
–  заңнамаға,  РК  СМЖ  талаптарына,  ҚР  мемстандарт  ережелеріне  сәйкес 
сертификаттау процедураларын орнатады; 
– біртекті өнімдер (ережелерді, ретті) сертификаттау жүйесін бекітуді жасау 
және  дайындауды  ұйымдастыру,  осы  бағыттағы  жұмыстарды  басқару  мен 
бағыттау; 
–  жүйедегі  сертификаттау  жұмыстарын  жүргізуге  қажетті  нормативтік 
құжаттардың қорын жаңарту мен жетілдіру жұмыстарына қатысады. Атқарушы 
биліктің 
органы 
ретінде 
сертификаттау 
жұмыстарын 
нормативтік 
қамтамасыздандыру: жабдықтар мен құралдарды жасау, пайдалану және оларда 
қауіпсіз  жұмыс  істеу  талаптарын  орындайды  және  бекітеді,  қажетті  жағдайда 
ұсынылған  ережелер  мен  нормалардың  бірыңғай  талаптарын,  олардың 
сертификаттау мақсатына жарамдылығын ескере отырып тағайындайды 
–  қаіпсіздік  талаптарын  тағайындайтын  халықаралық  ережелер,  нормалар 
және стандарттарды жасайды және келістіреді;
 
– Мемстандарты мен біртекті өнімді сертификаттау ережелерін мемлекеттік 
реестрге тіркеуге ұсынады


 
256 
– сертификаттаудың келешегі бар бағыттарын жасайды; 
–  ҚР  міндетті  сертификаттауға  жататын  өнім  мен  қызметтің  түрлері 
бойынша ұсыныс дайындайды; 
–  сертификаттау  органдары  мен  сынақ  зертханаларын  аккредиттеуге, 
олардың іс-әрекеттеріне инспекциялық тексеруге қатысады
–  сертификаттау  органдары  мен  сынақ  зертханаларының  іс-әрекеттерін 
басқарады; 
– сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларын санаққа алады
–  шетел  сертификаттарын,  сәйкестік  белгісін  және  сынақ  нәтижелерін 
мойындау туралы ұсыныстар дайындайды
– біртекті өнімдер топтарын сертификаттау жүйесі құрамын, сертификаттау 
органдары, 
сынақ 
зертханалары 
жүйесін 
ұтымды 
ұйымдастырады, 
сертификаттау  органдары  мен  сынақ  зертханаларына  қатысты  шағымдарды 
қарастырады; 
–  қатерлі  өнеркәсіп  өндірістері,  объектілері  және  жұмыстарын 
сертификаттау Кеңесін құрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет