Ғылыми-әдістемелік орталық сертификаттау жөніндегі органдардың
біреуінің негізінде құрылып, келесі функцияларды ұсынады:
– жүйелік зерттеулерді жүргізеді және сертификаттау обьектілерінің
құрылымы және құрамы бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды өңдейді;
–
өнім
сертификаттауы
бойынша
нормативтік-техникалық
қамтамасыздандыру қорын өзектендіреді және жүргізеді;
– сертификаттау органдарын, сынау зертханаларын, сарапшыларды
аттестаттау бойынша аккредиттеу комиссиясының жұмыстарына қатысады;
– ғылыми-зерттеулер жүргізеді және өнімді сертификаттау бойынша
жұмыстар әдістемесі мен тәжірибелерін, соның ішінде Ережелерді жетілдіруде,
олардың негізінде басқарушы құжаттар кешенін әзірлеуге ұсыныстарды
дайындайды;
– жұмысқа қатысушылар ақпаратын таратады және реестр жүргізеді, ҚР
мемлекеттік реестріне арналған қажетті мәліметтерді дайындайды;
– сертификаттау және аккредиттеу обьектісі бойынша ақпараттарды
таратады және талдайды, реттеуші және басқарушы функцияларды қамтамасыз
етуге бағдарланған, автоматтандырылған деректер банкін жүргізеді;
– халықаралық және озық шетелдік тәжірибенің есебімен сертификаттау
бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін техникалық-экономикалық
талдау мен бағалаудың әдістемелік ұсыныстарын әзірлейді;
– Орталық органы үшін жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша
тәжірибелік ұсыныстарды дайындайды.