Сертификаттау


Сапаны басқарудың негізгі ұйымдастырушылық принциптері



Pdf көрінісі
бет213/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

8.1 Сапаны басқарудың негізгі ұйымдастырушылық принциптері 
 
Тікелей  тұрақты  сапаға  қол  жеткізу  үшін  басқару  жүйесі  кәсіпорынды 
барлық  аумақта  қарастыру  керек,  басқару  жүйесінде  бос  жер  болмауы  қажет, 
әрбір  жұмыскер  өзін  жалпы  істерге  қатыстылығын  сезіну,  ұйымның  ортақ 
жұмысының қорытынды нәтижесіне қызығушылық таныту керек. 
Э.  Деминг  пен  Д.  Джуран  теориясына  сәйкес  сапаға  қол  жеткізу  процесі 
шексіз, оның шегі жоқ және белгілі бір сатылардан тұратын тұйықталған тұзақ 
немесе  спираль  түрінде  болады.  Сауатты  басқарудың  міндеті  осы  сатылар  өз 
уақытында дұрыс және үздіксіз орындалуы болып табылады. Бұл тұжырымдама 
ИСО  9004  стандартына  сәйкес  өмірлік  цикл  сапаның  тұзақ  немесе  спираль 
түрінде болады (
8.1-сурет
). Оған: 
1.
 
Маркетинг, іздеу және нарықты меңгеру; 
2.
 
Техникалық талаптарды жобалау мен дайындау, өнімді дайындау; 
3.
 
Материалдық-техникалық жабдықтар; 
4.
 
Өндірістік процестерді дайындау және жасау; 
5.
 
Өндіріс; 
6.
 
Бақылау, сынау жүргізу, тексеру; 
7.
 
Қаптау және сақтау; 
8.
 
Өнімді іске асыру және тарату
9.
 
Монтаж және тасымалдау; 
10.
 
Техникалық көмек және қызмет көрсету
11.
 
Пайдаланудан кейінгі жою сатылары кіреді. 
Осы сатыларды, TQM жүйесінің нақты қызметін іске асыру үшін: 
1. Жаңа өнімді дайындау процесін бақылау, жаңа үлгінің сапасын бағалау, 
өндірістік  процесс  өнімінің  сапасын  жоспарлау,  құраушы  материалдардың 


 
206 
сапасын бақылау, бағалау және жоспарлау; 
 
2. Материалдардың кірістік бақылауы; 
3. Дайын өнімді бақылау; 
4. Процестерді талдау (сапа аймағындағы арнайы зерттеулер); 
5. Өнім сапасы туралы ақпараттарды пайдалану; 
6.  Сапаны  қамтамасыз  ету  әдістерін  оқыту  және  персоналдың  біліктілігін 
көтеру; 
7. Сапа аймағындағы жұмыстарды басқару; 
8. Жеткізушілермен сапа жөнінде бірлесіп жұмыс істеу
9. Сапа тұзағының барлық сатысында бақылау жүргізу; 
10. Сапа үйірмелерінің іс-әрекеттері; 
11. Функция аралық басқару әдісі бойынша сапа аймағындағы жұмыстар; 
12.
 
Сапа жөніндегі ұлттық компанияларға қатысу
13.
 
Сапа аймағындағы саясатты жасау; 
14.
 
Адамзаттық факторларды басқару
15.
 
Сапа мәдениетін құру бойынша шаралар жүргізу; 
16.
 
Сапа  аймағындағы  жұмыстарға  арналған  басқарушы  кадрларды 
даярлау; 
17.
 
Жоғары басқару сапасына жауапкершілікте болуы сияқты әрекеттер 
орындалуы керек. 
  Сонымен  бірге  TQM  әсерлілігі  үш  түйінді  факторға  тәуелді  болатынын 
ескеру қажет: 
1.
 
Жоғары сапа идеясына жоғары басшылық қызығушылығы; 
2.
 
Инвестициялар  ең  алдымен,  қондырғылар  мен  технологияға  емес, 
адамдарға салынады
3.
 
Ұйымдастырушылық  құрылымдар  жалпыға  ортақ  сапаны  басқару 
идеясы бойынша арнайы жасалады. 


 
207 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет