Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет120/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Барлық стандарттарды қандай екі топқа бөлуге болады? 
2.
 
Стандарттаудан жылдық экономикалық тиімділігі қалай анықталады? 
3.
 
Стандарттауды  енгізуден  болған  экономикалық  тиімділіктің  негізгі 
көрсеткіштері қандай? 
4.
 
Экономикалық  тиімділіктің  әрбір  көзі  қандай  көрсеткіштермен 
сипатталады? 


 
117 
4 МЕТРОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ 
 
Метрология  дегеніміз 
–  өлшемдер,  олардың  бірлігімен  талап  етілетін, 
дәлдігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар туралы ғылым. 
Адамдар  қай  уақытта  болмасын,  әрқашан  өлшеу  қажеттілігі  туындайтын 
ортада еңбек етеді. Мысалы, өлшеуге жататын ұғымдар – арақашықтық, уақыт, 
салмақ,  т.с.с.  Адам  мұндай  мөлшерлік  ақпаратсыз  дұрыс  әрекет  ете  алмайды 
және негізделген шешімдер қабылдай алмайды. 
Адам  өзінің  саналы  ғұмырын  ылғи  есептеу,  өлшеу,  анықтау,  мөлшерлеу 
сияқты  әрекеттермен  өткізеді.  Өйткені  есепсіз  жасалған  әрекет  көбіне, 
ысыранды  шешімдерге,  бостан-бос  төгілген  қаржылық  шығындарға  әкеп 
соғады. 
Заманауи метрология ғылыми пән ретінде өзіне тән даму кезеңдерінен өтті. 
Бастапқысы  –  отандық  және  шетел  өлшем  бірліктерінен  эталондардан, 
үлгілерден басталады, оны өлшеу ғылымы дейді. 
Ғылыми  прогрестің,  техниканың  және  технологияның  даму  қарқыны 
«бастапқы  метрологияны»  –  өлшеу  ғылымы  пәрменін  кеңейте  түсіп,  оны 
физика ғылымының бір өзекті тарауына жеткізді. 
Сөйтіп,  ғылыми  метрология  аясына  математикалық  әдістер  енгізіліп, 
өнеркәсіпте  заманауи  жабдықтар  құрылып,  олардың  мүмкіндігінде  қоршаған 
ортамызда  болып  жатқын  құбылыстарды  өлшейтін  өлшеуіш
 
құралдары  пайда 
бола бастады. 
Осы үрдісті академик А. П. Александров: 
«Біздің  заманға  ең қажетті  ғылым  метрология, ол  арқылы  физикалық әлем 
танудың фундамендалдық негізі құрылады, халықтың әл-ауқатының жетілуі де, 
оған байланысты» – деп сипаттады. 
Заманауи метрологияның: 
–  өлшеудің  жалпы  теориялық  проблемаларын  қарастыратын  теориялық 
метрология; 
– тарихи метрология, оның даму барысы; 
– өзара байланысты жалпы ережелерді, талаптар мен нормаларды, сонымен 
қатар  мемлекет  тарапынан  бақылау  мен  регламенттеуді  қажет  ететін  басқа  да 
мәселелерді қамтитын заңнамалық метрология; 
–  өлшеу  құралдары  мен  әдістерді  тәжірибелік  қолдану  мәселелерімен 
айналысатын қолданбалы метрология сияқты түрлері бар. 
Метрология  өндіріс  тиімділігін,  техникалық  деңгейді  және  өнім  сапасын 
жетілдіруде  үлкен  мәнге  ие  болуда.  Ғылым  мен  техниканың  дамуы  өлшеу 
дәлдігінің  тұрақты  түрде  жоғарылауын  талап  етуде.  Қазірдің  өзінде  адам 
нанотехнологияны  жасап  шығарды,  яғни  молекулалар  деңгейінде  жұмыстар 
жүргізілуде, бұл дегеніміз – микропроцессорлы техниканы жасап шығару. Сол 
себепті  метрологияны  дамыту,  метрологиялық  ұйымдар  мен  қызметтердің 
жұмысын  жетілдіру  сұрақтарына  ғылыми-зерттеу  институттарының,  ғылыми-
өндірістік  бірлестіктердің,  өндірістік  өнеркәсіптердің  жетекшілері  өте  жоғары 
деңгейде  мән  беру  керек.  Жаңа  өнімді  жасап  шығарудың,  технологиялық 
үрдістерді  дайындау  мен  үйренудің,  өндірісті  ұйымдастырудың  бастапқы 


 
118 
кезеңдерінде  метрологиялық  қамтамасыздандырудың  мәселелері  шешілсе, 
шығын азайып, тиімділік жоғарылайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет