Негізгі терминдер мен анықтамалар ( ГОСТ 16504-81, ГОСТ 16263-70)
1.
Өлшеу – арнайы техникалық өлшеу құралдарының көмегі арқылы
тәжірибелік жолмен физикалық шаманың мәнін анықтау. Нәтижесінде
физикалық шаманың мәнін анықтайды:
U q Q
,
мұндағы q – қабылданған бірліктегі физикалық шаманың сандық мәні, U –
физикалық шаманың бірлігі.
Өлшеу кезінде табылған Q физикалық шаманың мәні нақты деп аталынады.
2.
Өлшеу бірлігі – нәтижелері заңды бірліктермен көрсетілген және
өлшеудің қателіктері берілген ықтималдықта анықталынған өлшеу қалпы.
3.
Техникалық бақылау (ТБ) – бұл орнатылған техникалық шартқа (ТШ)
обьектінің сәйкестігін тексеру. Техникалық бақылау обьект, бақылау
құрылғысы, орындаушы, нормативтік құжаттама сияқты негізгі элементтердің
жиынтығы мен техникалық бақылаудың бірыңғай жүйесін (ТБЖ) құрады.
ТБЖ–нің қызметтерін орындау негізгі екі кезеңнен тұрады:
– кейбір объектілердің фактілік жағдайы туралы ақпараттарды алу, яғни
оның құрамының көрсеткіштері мен белгілері туралы, бұл бірінші реттік
ақпарат, сол себепті өлшеудің нәтижесі ретінде алынады;
– бірінші реттік ақпаратты ертерек орнатылған талаптармен, нормалармен
салыстыру және нәтижелердің келісушілігін немесе келіспеушілігін
(айырмашылығын) табу, осыған сәйкес түзету туралы шешім қабылдау.