136
5 CЫЗЫҚТЫҚ ӨЛШЕМДЕРДІҢ ӘМБЕБАП ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ
Сызықтық өлшемдердің әмбебап өлшеу құралдары машина жасау
саласында және жалпы техникада кеңінен қолданылатын өлшеу құралдарының
түрлері болып табылады. Бұл аспаптар адам ойлап тапқан ең бірінші
аспаптардың түрі. Олардың даму тарихы мыңдаған жылдарды құрайды. Өзінің
даму тарихында бұл құралдар қолдануы жағынан дәлдігі жоғары және өте
ыңғайлы болып өзгерді. Көптеген ғұлама ғалымдар осы өлшеу құралдарын
жасап шығарумен айналысты. Қазіргі уақытта бұл өлшеу құралдары түрінің
мәні мен ролі төмендеген жоқ және олар өлшеу жабдықтарының басқа да
түрлерінің арасында көрнекті орынды алады. Сызықтық өлшемдердің әмбебап
өлшеу құралдары геометриялық параметрлерді тікелей немесе штатив, баған,
плитка, стол сияқты заттармен бірге өлшеуде пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: