Қос айнадан шағылған жарық сәулелері объективте (7) қалыңдығы бірдей
жолақтармен интерференциялық суретті түзеді.
Ақ түспен жарықтандырғанда окулярдың көру өрісінде орталықта қара және
бүйір жақтарда боялған жолақшалар пайда болады. Монохроматты
жарықтандыруды туғызатын жарық фильтрін енгізген кезде, окулярдың көру
өрісінде интенсивтілігі бірдей жолақтар пайда болады, олардың арақашықтығы
жарық фильтрінің жарық толқынының жартысына сәйкес келеді.
Интерферометрдің
өндірістік
мүмкіндіктерін
кеңейту
–
жұмыс
жылдамдығын, өлшеу диапазонын, дәлдікті жоғарылатады, шуға, дірілге
сезімталдықты болдырмайды, жарық сәулесінің шығынын азайтатын, жарық
ағынының үлкен монохроматтылығы мен интенсивтілігін қамтитын лазерлерді
қолдануға әсер етеді.