144
Өлшеу объектісін белгілі – бір ара қашықтықта аспаптың түтікшесінің
ернемегінің алдына орналастырады. Объекттің өлшеміне қатысты саңылау
(объект пен түтікше ернемегінің арақашықтығы) өзгереді, осыдан ауа шығыны
да өзгереді (уақыт бірлігінде калибрленген тесіктен – түтікшеден өтетін ауа
көлемі).
Әдетте аспапты ұзындықтың соңғы өлшемдеріне немесе үлгілік бөлшектің
өлшеміне қарай орнатады.
Аспап ауаны тазалайтын және қысымын қалыптандырып отыратын ауаны
дайындау түзілімінен, өлшенетін объектінің анықталатын мәніне байланысты
ауа өткізгіштегі қысымның немесе шығынның өзгеруін түрлендіретін есептік
немесе командалық құрылғыдан, өлшеу объектісіне ауа шығатын бір немесе
бірнеше түтікшелері (тесік диаметрі 1-2 мм) бар өлшеу жабдықтарынан тұрады.
Есептік құрылғыларының түрі бойынша аспаптарды ротаметрлік және
манометрлік деп бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: