Сертификаттау


Өлшеу құралдарын жасау, тексеру және жөндеу



Pdf көрінісі
бет177/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

6.3 Өлшеу құралдарын жасау, тексеру және жөндеу 
 
Өлшеу  құралдары  өте  дәл,  жасау  күрделілігі  жоғары  приборларға  жатады. 
Олар  қолданыста  қолайлы  болуы,  ұзақ  функционалды  қасиеттерін 
жоғалтпаулары  қажет.  Әрбір  мекеме  осы  жағдайды  жасай  алмайды.  ӨҚ 
өндірісін,  тексеруді  және  жөндеуді  жүргізуге  мүмкіндік  алу  үшін,  мекеме  ӨҚ 
сияқты өте қиын құрылғыларды шығару талаптарына сәйкес екендігін дәлелдеу 
керек.  Ол  үшін  мекеме  Мемстандарт  қатарында  тұрғандығын  дәлелдейтін 
құжаты  болуы  және  осындай  жұмыспен  айналысуы  үшін  лицензия  алу  керек. 
Бұл жұмысты жүргізу реті 
ҚР СТ 2.9-2000 «ӨҚ өндіру, тексеру және жөндеу жұмыстарын лицензиялау 
реті» стандартында анықталған. 
Өлшеу  құралдарын  жасау,  тексеру  және  жөндеу  мүмкіндігіне  тексеріс 
өткізуге  тапсырыс  беру  кезінде  мекеме  өндірістік  және  қосалқы  ғимараттары, 
біліктілігі  жоғары  мамандары  туралы,  өлшеу  құралдарына  сәйкес  нормативті-
технологиялық  құжаттардың  болуы,    ӨҚ  өндірісіне,  тексеруге  және  жөндеуге 
келісілген шарттарды ақпараттарды беруі керек. 
Мемстандарт  тапсырысты  қарастырады,  егер  мекеменің  сапалы  түрде 
өндіріп,  тексеріп  және  жөндеуге  мүмкіндігі  болса,  лицензия  3  қызмет:  жасау, 
тексеру  мен  жөндеу  және  басқа  да  түрлеріне  беріледі,  Мемстандарт  лицензия 
берілген мекемені бақылайды, егер келісілген шарттар орындалмаған жағдайда, 
лицензия жұмысын тоқтатады. 
ӨҚ  тексеру. 
ӨҚ  тексеру  үрдісі,  яғни  ӨҚ  дәлдік  сипаттамалары  регла-
менттелген мәндерге сәйкестігін және ӨҚ қолдануға жарамдылығын білу үшін 
ӨҚ қателігін анықтап, бағалау үшін жасалатын әрекеттер жиынтығы. 
Тексеріс  үрдісі  бастапқы,  кезеңді,  кезектен  тыс  (мезгіл  бойынша), 
инспекциялық,  сарапшылық  (мінездемесі  бойынша)  болып  бірнеше  түрге 
бөлінеді. 
Әрбір  ӨҚ  периодты  түрде  тексеруден  өтуі  керек.  Тексерісті  арнайы 
стационарлы зертханаларда немесе ӨҚ орнатылған жерде жүргізеді. 
Тексерістер  Мемлекеттік  (міндетті)  және  ведомстволық  болып  бөлінеді. 


 
158 
Мемлекеттік  тексерісте  ӨҚ  арнайы  тізімі  болады,  ал  ведомстволық  тексерісті 
мұндай  жұмысты  өткізуге  лицензиясы  бар  аккредитте  тіркелген  арнайы 
зертханалар өткізе алады. 
Бастапқы тексеріс ӨҚ өндіріс орнынан шыққанда және жөндеуден өткеннен 
кейін жүргізіледі. Мемлекеттік бастапқы тексеріс арнайы реестрге қосылған ӨҚ 
үшін,  мезгілдік  тексеріс  анықталған  уақыт  өткен  соң  өткізіледі.  Ол  қолдану 
мәліметтерімен және бастапқы дәлдікті жоғалту уақытымен қойылады. 
 





Δ 
Тексерілетін ӨҚ 
 Үлгі ӨҚ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет