Тексеру әдісі. МИ 2024-89
Металл өлшеу сызғышы.
Бұл әдіс металл өлшеу сызғыштарына ГОСТ 427 бойынша жасалады және
олардың бастапқы тексерісін орнатады.
Тексеру кезінде төмендегідей құралдарда қолдану қажет:
ГОСТ 10905 бойынша 2 дәлдік класының тексеру плитасы.
ТУ 2-034-225 бойынша 2 дәлдік класы бойынша №1 жиынтық, қуыс бұрғы.
ГОСТ 5378 бойынша УН типіндегі бұрыш өлшеуіші.
ГОСТ 9378 бойынша беттің бұдырлық үлгілері.
ГОСТ 2789 бойынша R
a
= 2.5 мкм кедір-бұдырлық параметрімен бөлшек-
үлгілері.
ГОСТ 166 бойынша ШЦ-II типті штангенциркуль
160
ГОСТ 12069 бойынша IУ типті кесекті штрихталған шама.
КЛ тексеру сызғышы.
Тексеру шарттары және оған дайындық:
– Ғимарат ішіндегі қоршаған ауаның температурасы ( 20 + 5)
0
С;
– Ғимараттағы қоршаған ауаның температурасының 1 сағатта өзгеруі
2ºС-дан артық емес.
Тексеру алдында сызғыш сәл бензинмен бүркіген майлықпен сүртілуі
қажет, жұмыс орнында 1 сағаттай ұстау керек.
Тексеру операциялары:
1. Сыртқы тексеру. Шкаланың соңғы сантиметрлік белгісін қосымша
миллиметрлік бөлулерінің сызғышты тігудің саңылауларының, сантиметрде
арақашықтықты көрсететін сандық белгіленудің, антикоррозиялық қаптаманың,
штрихтар мен сандардың нақтылығы, маркировканың дұрыстығының болуын
тексеру.
2. Метрологиялық сипаттарды анықтау. Барлық метрологиялық сипаттар
МСТ 427-ге сәйкес болуы керек.
2.1. Тексеру плитасы мен сызғыш тегістігі арасындағы бос аралықты
анықтау. Тексеру плитасы мен сызғыш тегістігі арасындағы бос аралықты
анықтау үшін тексеру плитасында сызғышты шкаласын жоғары қойып
орналастырады, бос аралықты ұзындық бойынша қуыс бұрғымен анықтайды.
2.2. Сызғыштың тік қырларының тік болуынан ауытқуын анықтау.
Сызғышты тік қырымен және қуыс бұрғымен тексеру плитасына
орналастырады. Олардың номиналды өлшемі тік сызықтан ауытқуына тең бос
қуысты өлшейді.
2.3. Тік қырларының қабырғасына перпендикулярлығының ауытқуын
анықтау. Ауытқуды бұрыш өлшеуішімен өлшейді.
2.4. Сызғыштың тік қырлары бетінің кедір-бұдырлығын анықтау. Кедір-
бұдырлық үлгілері немесе бөлшек-үлгілермен визуалды салыстыру жүргізеді.
2.5. Шкаланың миллиметрлік және сантиметрлік штрихтары ұзындықтарын
анықтау. Оны сызғыш шкаласының басында, ортасында және соңында
штангенциркульмен анықтайды. Сызғыштың әрбір таңдалған учаскесінде
кемінде үш штрихының ұзындығын өлшейді.
2.6. Сызғыштың шкала ұзындығының номиналды мәнінен, әр штрихтан
және сызғыш шкаласының басы немесе аяғының арақашықтығынан ауытқуын
анықтау. Ол ұзындықтың брустік штрих мөлшерімен және ГОСТ 8.020
стандартына сәйкес 3-разрядты үлгі штрих мөлшері ретінде аттестатталған
немесе бақылау сызғышымен салыстырылады. Әрбір штрих пен сызғыш
шкаласының басы немесе аяғы арасындағы арақашықтықты 150 және 300 мм-
лік сызғыштар үшін екіден кем емес рет үш жерде біркелкі орналасқан
нүктелерде, ал бес жерден 500 және 1000 мм сызғыштар үшін өлшейді. Әрбір
нүктеде өлшеу нәтижесі ретінде орта арифметикалық мәнді қабылдайды.
161
Достарыңызбен бөлісу: |