6.4 Метрологиялық қызметтің тексеру бөлімшелері және өндірістік құрылғыларға және бөлмелерге талаптар
Бұлар ГОСТ 8.395-80 талаптарымен реттеледі. Осы талаптарға сәйкес
метрологиялық қызмет арнайы ғимаратта немесе қатты магнитті және жоғары
жиілікті электромагнитті өрістерді, байланыс электр жүйелері, діріл мен шу
көзінен, радио кедергілерді тудыратын объектілерден алыс орналасуы керек.
Бір жұмысшы үшін бөлме ауданы 10-12 м²-тан кем болмауы тиіс. Егер бір
жұмысшы бірнеше қондырғылармен жұмыс істейтін болса, бір қондырғыға 4-6
м² аудан белгіленуі керек. Бөлме құрғақ, таза және оқшауланған болуы тиіс.
Ауаның ластануы немесе от қауіпті өндірістік үрдістер мен ӨҚ-мен
манипуляциялар арнайы сорып шығаратын шкафы және вентиляциясы бар
бөлек бөлмелерде болуы тиіс.