Тексерілетін ӨҚ түріне байланысты бөлмелерге қойылатын талаптар. 1) Радиоөлшеуіш құрылғылар, электронды-физикалық аппараттар
– бұлар орналасқан бөлмелердің есік, терезелері өздері түгел қалқалануы
қажет. Ғимаратты метал қаңылтырлы сеткалармен қалқалайды.
– Камералар сыртқы магнитті және электронды өрістердің әсерінен сенімді
қалқаланған болуы керек.
– Статикалық электр тоғынан қорғау үшін арнайы құрал болуы тиіс.
2) Қысым мен сиретуді өлшейтін құрылғылар
– дірілдер және сілкіністер болдырмайтын жағдай қамтамасыз етілуі керек,
– оттегі материалдарын қабылдау үшін бөлек бөлме болғаны дұрыс,
– жоғары қысымда құрылғылар тексерілуін өткізетін арнайы жабдықталған
бөлме болуы керек.
3) Массаны өлшеу құрылғылары
– бұл үшін арнайы жабдықталған бөлме болуы қажет. Үлгілік гирлерді
салыстырып тексеру үшін арнайы таразы бөлмесінде діріл, сілкіністер болмауы
тиіс, олардың есік-терезелері екіжақты рамалардан тұруы қажет.
– жел, ауа ағындары болмауы тиіс.
– салыстырып тексерудің нормативті-техникалық құжаттарына сәйкес
келетін қалыпты температураны ұстап тұру абзал.
– ауыр гирлерді салыстырып-тексеру үшін арнайы көтеріп тасымалдау
жабдығы болу керек.
– жылжымалы таразыларды салыстырып-тексеретін бөлмелердің едендері
тегіс болғаны жөн.
4) Сызықты және бұрышты шамаларды өлшеу құралдары
– Тексеріске арналған нормативті-техникалық құжаттардағы және МСТ
8.050-73-ке сәйкес бөлмеде климатты жағдайлар жасалуы тиіс.
5) Су-мұнай-май-есептегіш өлшейтін құралдары
– Бөлменің едені керамикалық плиткадан және төбесінің биіктігі 2 м болуы
тиіс.
– Еден тегіс және ағыс бойынша бағытталуы тиіс.
– Электр сымдарын трубка арқылы жасыру керек, жарық көздері
герметикалық футлярда орналасуы, ал электрлік ажыратқыштар от қауіпті
162
болмауы тиіс, олар бөлмеде орналаспауы керек (су есептегіштеріне қатысы
жоқ),
– 1 сағатта 3-рет ауа айналымы болатын ағысты-сорғыш вентиляция болуы
керек,
– Ағыс басқыштармен қамтылуы абзал.