Сертификаттау


Тексеру жүргізушінің жұмыс орнын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет184/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

Тексеру жүргізушінің жұмыс орнын ұйымдастыру 
Қызметкердің  жұмыс  орны  –  өнімді,  тындырымды  іс  атқаруға  ынғайлы 
болуы тиіс. 
Сондықтан жұмыс орны төмендегідей шарттарға сай болғаны жөн: 
–  жұмыс  орында  қажетті  жабдықтар,  технологиялық  құрал-саймандар, 
байланыс тораптары болуы керек
–  бұлардың  оңтайлы  орналасулары  және  жұмысқа  ыңғайлы  болулары 
қажет; 
–  қосалқы  бөлімшелердің  жұмыстары  үзіліссіз  сенімді  жұмыс  істеп  тұруы 
шарт; 
– еңбек қауіпсіздігінің барлық шарттары мұқият орындалуы тиіс. 
Жұмыс  орнын  ұйымдастырған  кезде  адамның  көру  мүмкіндіктерін  ескеру 
керек: 
– Жұмыс аймағындағы шапшаң көру бұрышы –18º; 
– Жұмыс аймағындағы тиімді көрініс бұрышы –30º; 
–  Шолу  аймағындағы  белгіленген  жағдайда:  көлденең  бағытта  –  120º, 
бұрылғанда – 220º, тігінен – 86º. 
Адам  сезетін  өлшем  мен  пропорцияның  дәлдігі  тігінен  қарағаннан  гөрі 
көлденең  қарағанда  жақсырақ.  Түстерді  қабылдаудың  шектері:  сары  –  120º 
көлденең  бағытта,  95º  тігінен,  көк  –  100º  көлденеңнен,  80º  тігінен,  қызыл, 
жасыл – 60º көлденеңнен, 40º тігінен. 
Жұмысты  отырып  істеуде  –  орташа  жұмыс  аймағы  мынадай  шекараны 
қамтиды: биіктік 600-1200 мм, тереңдік – 500 мм, аймақ – 500 мм. 
Басқару  органдары.  «Қосу»  және  «Тоқтау»  кнопкаларының  арақашықтығы 
100 мм-ден кем болмауы тиіс. Кнопкалар түстері: 
– Қызыл – авариялық тоқтату; 


 
163 
– Сары – қозғалудың реверсиясы үшін; 
– Жасыл – қозғалтқышты қосу, автоматты циклді қосу үшін; 
– Ақ, көк – қосымша операциялары. 
Сигнал  лампаларын  қосу  және  сөндіру  индикациясы  және  авариялық 
жағдайларда қолданылады. 
Санитарлы-гигиеналық талаптар микроклимат, сәулелену, ауаның тазалығы, 
жарықтандыру,  шу,  дірілді  және  т.б.  қоса  алады.  Қауіпті  және  зиянды  өндіріс 
факторлары МСТ 12.0.003-74 сәйкес реттеледі. 
1)  Микроклимат  –  ауаның  температурасы,  ылғалдылық,  ауаның  жылдам-
дығы.  Жылдың  салқын  мезгілі.  Ауаның  оңтайлы  температурасы  t
0
  =  16-22 
0
С 
(рұқсат  етілген  интервал  t

=  13–24
  0
С),  оңтайлы  ылғалдылық  60–30  %  тең 
(рұқсат  етілген  интервал  75-30  %),  ауаның  оңтайлы  жылдамдығы  0,3  м/с-тан 
аспауы керек (рұқсат етілген жылдамдық 0,5 м/с-тан көп емес). 
Жылдың  жылы  мезгілі.  Ауаның  оңтайлы  температурасы  t
0
  =  15-18 
0
С 
(рұқсат етілген интервал t

= 15-28
 0
С), оңтайлы ылғалдылық = 60-30 % (рұқсат 
етілген  интервал  75-30  %),  ауаның  оңтайлы  жылдамдығы  0,7  м/с-тан  аспауы 
керек (рұқсат етілген жылдамдық 1,0 м/с-тан көп емес). 
Микроклиматтың  қажет  параметрлері  ағысты-сору  вентиляциясымен, 
кондиционерлермен,  ауаның  ылғалдылығын  қалыпты  ұстаумен  және 
жылытудың рационалды жүйесімен реттеліп тұрады. 
2) Сәулелену 
–  Инфрақызыл  сәулелену  (толқын  ұзындығы  0,74  мкм-дан  артық  емес 
болуы керек) өте қатты қарқынында организмнің ысып кетуіне алып келеді
– Ультракүлгін сәулелену (толқын ұзындығы 0, 4 мкм-дан артық емес болуы 
керек) үлкен мөлшерде тері, көз, жүйке жүйесі ауруларына әкеліп соғады; 
– Иондалған сәулелену, рентген сәулесі – рұқсат етілген деңгейден асқанда 
бірқатар  аурулардың  себепкері  болады.  Келесі  мөлшерге  бөлінеді:  жұтатын 
мөлшер  D
п 
–  сәулеленген  заттың  салмағының  бірлігінде  жұтылған  энергия. 
Мөлшер уақыт өте келе жиналады, өлшем бірлігі  – Дж/кг (ӨҚ) немесе 1 рад= 
10
-2
  Дж/кг,  жарықталу  уақыты  –  рентген  және  гамма  сәулеленудің  әсерінен 
ауаның иондалуы, пайда болған зарядтардың санымен өлшенеді, өлшем бірлігі 
Кл/кг  (ӨҚ).  Жүйеге  енбеген  өлшем  бірлігі  танымал-рентген  (  1  Р  =  2,6х  10
-4
 
Кл/кг). 
Сәулелену  мөлшері  дозиметрмен  өлшенеді.  Сәулелену:  жеңіл  рентген 
сәулелену  (қондырғының  кернеуі  5-тен  100  кВ-қа  дейін)  және  қатты  рентген 
сәулелену  (қондырғының  кернеуі  100  кВ-тан  асқан  кезде)  болып  екі  түрге 
бөлінеді. 
–  Электромагнитті  сәулелену  –  сәулеленудің  жоғары  деңгейінде  ағзада 
ауытқуға әкеледі; 
– Радио толқындары; 
– Оптикалық диапозонның сәулеленуі – лазерлі сәулелену. 
3) Электр тогы – термиялық, электролиттік және биологиялық әсер етеді. 
Термиялық  –  сыртқы  және  ішкі  күйік,  электролитттік  –  қанның  және 
органикалық  сұйықтықтың  ыдырауы,  биологиялық  –  тірі  талшықтардың 
тітіркенуі  мен  қозуына  әкеледі,  талшықтардың  бұзылуына,  тыныс  алудың 


 
164 
ауырлауына және қан айналымның бұзылуына әкеліп соғады. 
Адам баласы 50 Гц жиілікті ауыспалы токты 0,6-1,5 мА күшпен, ал тұрақты 
токты 5-7 мА күшпен сезеді. 
4) Жарықтандыру шарттары. Көзі қалыпты көретін  адамның ұсақ заттарды 
тек 50-70 лк жарықталуында көреді, максималды көз өткірлігі 600-1000 лк-да. 
Таза  көру  жұмыс  орнының  жарықталуынан  және  жұмыстың  ұзақтығына 
байланысты. Жұмысқа байланысты жарықталудың: ортақ (барлық бөлме үшін), 
жергілікті  (тек  жұмыс  орнында),  құрамдастырылған  түрлерін  атап  айтуға 
болады.  Жарықталу  табиғи  және  жасанды  болып  бөлінеді.  Табиғи  жарықталу 
кезінде жұмыс нәтижелілігі 10%-ға көбірек. 
5)  Шу.  Шу  өлшеуішімен  өлшенеді  және  орта  квадраттық  дыбыс  қысымы 
ретінде:  L  =  20  lg  P/P

формуласымен  анықталады,  мұнда  Р  –  шу  өлшеуіші 
бойынша  дыбыстық  қысым,  P
0
  -  2х10
-5
  Н/м
2
  –  орта  квадраттық  дыбыс 
қысымының бастапқы мәні, өлшем бірлігі - децибел. 
Ауада дыбыстық қысым 10
-5
  Н/м

есту табалдырығынан 10
3
  Н/м
2
  реактивті 
ұшақ  қозғалтқышы  шығаратын  шуға  дейін  өзгере  алады.  Шудың  жиілігіне 
байланысты деңгейі болады: төмен жиілікті 115 дБ, орта жиілікті 100 дБ және 
жоғары  жиілікті  90  дБ-ға  дейін.  Төмен  жиілікте  жағымды  шу  –  90  дБ,  орта 
жиілікте  –  75  дБ,  жоғары  жиілікте  –  65  дБ.  Дыбыс  оқшаулағыш  құралдарын 
қолдану шуды бәсеңдетеді. Мысалы, 3 мм фанера шуды 17 дБ-ге, 3-4 мм шыны 
шуды  28  дБ-ге  азайтады.  Жеке  қорғаныш  құралы  ретінде  шлем,  құлаққап, 
тығын, т.б. қолданады. 
6)  Діріл  –  буындар  мен  бұлшықеттердің  ауыруын  туғызады.  Діріл  деңгейі 
нормадан  аспауы  керек.  Жоғары  дәлдікті  зерттеулер  жүргізгенде,  барлық 
құрылғыларды
 
жалпы  құрылыс  фундаментінен  оқшауланған  автономды 
фундаментке орналастыру қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет