Метрологиялық қамтамасыз етуді реттейтін ғылыми-техникалық құжаттарды (ҒТҚ) құру.
ӨДМҚ жүйесінде ҒТҚ маңызды рөл атқарады, онда метрологиялық
жұмыстардың сипаттамасын толықтай түсетін номенклатура және мазмұны
болады. Олар:
1) Мекемедегі жалпы ӨДМҚ жағдайы;
2) Метрологиялық қызметтің даму деңгейі;
3) Салалық құжаттарда метрологиялық қамтамасыз етудің толықтылығы
және мерзімділігін үйлестіру;
4) Мекемеге технологиялық, құрылымдық және нормативті құжаттардың
метрологиялық экспертизасының маңыздылық деңгейін көрсету;
5) Салыстырып тексеру және өлшеу құралдарын аттестациялау және құру
сияқты факторларды біріктіреді.
ҒТҚ-да ӨДМҚ жұмыстарын реттейтін мекеменің нақтылы бөлімшелерінің
жауапкершілігі, олардың істейтін қызметтері көрсетілуі шарт.
ӨДМҚ-дегі ҒТҚ жүйесіне мекеменің ұйымдастырушылық және әдістемелік
саласындағы стандарттары кіруі қажет.
Ұйымдастырушылық стандарттары – жүйенің негізі болып табылады және
бөлімшелер мен қызметкерлердің міндеттері мен өзара байланысын,
метрологиялық жұмыстардың жүру тәртібін реттейді.
Әдістемелік стандарттар – өлшенетін параметрлердің номенклатурасы мен
өлшеу дәлдігінің оптималды нормаларын, өлшеуді орындауды өңдеу және
аттестацияны, метрологиялық экспертизаны жүргізуді, ҒТҚ, ӨДМҚ техника-
экономикалық нәтижелілігін бағалауды реттейді.