169
4. НТҚ-ы дәлдік сипаттамаларының талаптары мен қызметтерін және
оларды бақылауды мекеменің әртүрлі бөлімдері немесе қызметкерлер жүргізе
береді;
5. Өлшеу дәлдігінің нормаларын тұрақтандыру арқылы іс-жүзінде
кездесетін өндірістік ауытқуларды болдырмауға жол ашылады;
6. Өлшеу ауытқуларының жалғасу функциялары болмаған жағдайда өлшем
қателігін кепілдікпен алады.
Өлшеу дәлдігі нормаларын бекіткенде оның деңгейін айқындайтын
жағдайларды ескеру қажет, оларға:
1. Бұйымның сапасын айғақтауға қажетті параметрлердің мәні;
2. Өлшеу деңгейінің мәлімділігі;
3. Белгілі параметрге қойылған өлшем шақтамашысының өрісі;
4. Өлшеу ауытқуларының жайғасу заңдылығы жатады.
Мысалы, өндіріс жағдайында қалыптасып жүріп жатқан технологиялық
прогрестердегі дәлдік нормасы, әрбір өлшемнің шақтама ауытқуының ортасына
орналасуы қажет. Егер технологиялық процестің келтірілуі өлшем
шақтамасының бір жиегіне қарай ығысса, онда өлшем дәлдігінің шеті азаяды.
НТҚ-қа өлшеу дәлдігі нормаларын орнатуда өлшеуді өткізуге және
олардың нәтижесі туралы ақпарат беретін құжаттарда мазмұндайтын
ақпараттарға талаптар нақты тұжырымдалу керек.
Метрологиялық сараптаманың негізгі ұстанымына:
1) Өлшеу құралдары мен өлшеу әдістерін жүргізуге толық және дұрыс
талаптар қою, оларды таңдап алуды мұқият жасау;
2) Өлшеу үрдісінің дәлдігін және өнімділігін арттыру үшін бір
ыңғайландырылған, стандартты өлшеу құралдарын қолдану;
3) Тексеру операцияларының өзіндік құны мен еңбек сыйымдылығы
технологиялық процестің сондай параметрлерімен үйлесімді болуы;
4) Өлшеуді жүргізу әдістерін тиімді пайдалану;
5) Физикалық мәндер мен олардың өлшем бірліктерінің атауын және
белгіленуін дұрыс қою;
6) Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өлшеу үрдісін мұқият істеу және
өткізу бойынша бұйрықтардың дұрыстығын анықтау;
7) Өлшеу нәтижелерін компьтерлік өңдеу арқылы өткізу;
Өлшеу құралдарына талаптар құрудың негізгі принциптері:
1) Таңдап алынған талаптардың ұтымдылығы мен жеткіліктілігі;
2) Өлшем құралдарының конструктивті ерекшеліктері мен жұмыс істеу
принциптерінің метрологиялық мақсатқа сәйкестігі;
3) Өлшеу құралдарының өлшеу жағдайларына сәйкестілігі;
4) Технологиялық процестерді өлшеу құралдарымен қамту мүмкіндігі; 5)
Өлшеу құралдарының өнімділігінің процес өнімділігіне сәйкестігі. кіреді
Метрологиялық сараптаманың нәтижелерін метрологиялық тұжырымда 2
данамен бекітеді. Бір данасы НТҚ жасаушыда, ал екіншісі сараптама жүргізген
мекемеде қалады.
Достарыңызбен бөлісу: