Сертификаттау


Сынау жабдықтарының кейбір түрлерін аттестаттау



Pdf көрінісі
бет196/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

Сынау жабдықтарының кейбір түрлерін аттестаттау 
Климаттық  сынау  камералары  -  бұл  өнімге  климаттық  сыртқы  әсер  етуге 
сынауды  жүргізуге  арналған  күрделі  техникалық  құрылғы  (температура, 
ылғалдылық, ауаның қысымы, тұман, жаңбыр және т.б.) 
Камераны  аттестаттаудан  өткізген  кезде  камераның  температураны 
жаңғырту шегін, яғни өте жоғары және өте төменгі температураны, камерадағы 
температураның  орташа  мәнін,  температураны  өлшеу  қателігін,  өте  жоғары 
және  өте  төмен  температураға  жету  уақытын,  камераның  әр  жеріндегі  орта 
температураның  әртүрлілігін,  температураның  таралуының  әртүрлілігін, 
берілген  мәннен  камера  көлеміндегі  температураның  ауытқуын,  камерадағы 
ауаның  айналу  жылдамдығын  және  т.с.с  жағдайларды  анықтайды.  Камерада 
температураны алу шегі 100-300°С дейін, ылғалдылық 20-дан 100% дейін бола-
ды. 
Дірілге және соққыға сынау жабдықтары бір реттік және көп реттік соққы 


 
178 
жүктемесін,  соққылық  жүктеменің  күрделі  түрін,  соққылаудың  өзгеше 
талаптарын қайта өңдейді. 
Соққылау процесінде қозғалыссыз және қозғалмалы бөліктері бар тежеуішті 
құрылғы  арқылы  жүктеме  беріледі.  Осы  уақытта  қозғалмалы  бөлікті  қажетті 
жылдамдықта  итереді.  Сынау  объектісін  құрылғының  қозғалмалы  және 
қозғалымсыз  бөліктеріне  бекітеді.  Соңғы  жылдары  соққы  стендері  ретінде 
гидравликалық катапульталар қолданып жүр. Олар 300-400м/с
2
 үдеуге ие. 
Дірілдік сынау жабдықтары бұл дірілдік құрылғылар және дірілдік стендер. 
Дірілдік  құрылғы  –  дірілді  туғызатын,  тапсырманы  беретін,  басқаратын, 
күшейтетін,  өлшейтін,  бақылайтын  және  қосымша  құралды,  нормаланған 
дәлдік  сипаты  бар  дірілді  жаңғыртатын  қызметтерді  біріктірген  құралдар 
жиынтығы. 
Дірілдік  стенд  –  бұл  энергияның  қандай  да  бір  түрін  діріл  энергиясына 
түрлендіретін 
құрылғы. 
Жұмыс 
істеу 
принципіне 
байланысты 
электродинамикалық,  электрогидравликалық,  электромеханикалық  және  т.с.с. 
болып бөлінеді. 
Электродинамикалық 
құрылғы 
сынаудың 
талаптарын 
толық 
қанағаттандырады.  Олар  діріл  жиілігін  бірнеше  герцтен  бастап,  ондаған 
килогрецке  дейін,  амплитуданы  бірнеше  микрометрден  ондаған  миллиметрге 
дейін, үдеуді оннан бір бөліктен бірнеше мың м/с
2
 дейін түрлендіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет