188
7 ӨНДІРІСТІК ПРОЦЕСТЕРДІҢ ДӘЛДІГІ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН
АНЫҚТАУДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Өндірістік метрологиялық практикада қолда бар жабықтардың нақты
дәлдігін білу, таңдалған технологиялық процесс дәлдігінің бұйымның берілген
дәлдігіне сәйкестігін анықтау, технологиялық процестің дәлдік тұрақтылығын
бағалау қажеттілігі туындайды. Көрсетілген тип мәселелерін шешу негізінен
бұйымның нақты өлшемдерін бірнеше рет өлшеу арқылы не болмаса өңдеу
немесе өлшеу қателігі арқылы алынған эмпирикалық мәліметтерді
математикалық өңдеу арқылы жүргізіледі. Процестің дәлдік сипаттамасын
объективті бағалауда статистикалық әдістер үлкен рөл атқарады және өнім
сапасы мен сапаны басқарудың барлық процесін метрологиялық қамтамасыз
ету жүйесі элементтерінің бірі болып табылады.
Қателіктердің екі түрі бар: жүйелік және кездейсоқ. Жүйелік қателік деп
шама бойынша тұрақты немесе белгілі бір заңдылық бойынша өзгеретін
қателіктерді айтады. Жүйелік қателіктер әсер ететін факторлардың шектелген
мәндер әрекетінің салдары болып табылады. Бұл факторларды барлық уақытта
табуға және жоюға болады, ал онымен бірге жүйелік қателіктер де жойылады.
Бұл қателіктер аспаптарды дәл емес реттеуде, өлшеу құралдарын дұрыс
орнатпаған жағдайда, өңдеудің сәйкес емес технологиясын пайдалануда,
сыртқы факторлардың әсер етуінен, субъективті себептерден туындайды.
Қателіктерді өлшеуге дейін жою, өлшеу процесінде қателіктерді ескермеу,
өлшеу нәтижесіне белгілі бір түзетулер енгізу арқылы жүйелік қателіктер
жойылады.
Кездейсоқ қателіктер деп шамасы мен белгісі бойынша тұрақсыз, көптеген
кездейсоқ әсер етуші факторларға тәуелді туындайтын, жалпы жағдайда бұл
факторлардың біреуі де басымдылық танытпайтын қателіктерді айтады.
Кездейсоқ қателіктерді толығымен жою мүмкін емес. Бірақ азайтуға болады,
мысалы, біршама дәл және қатты жабдықтарды пайдалану, өңдеудің қатаң
технологиялық режимдерін пайдалану және т.б. Әрбір кездейсоқ қателіктің
мәнін алдынала анықтау мүмкін емес. Ықтималдық теориясы мен
математикалық статистика әдістерінің көмегімен тек қана өзгеру шектері мен
кездейсоқ суммалық қателік мәнін жуық шамада бағалауға болады.
Фактілерді тікелей қадағалау, өлшеу немесе тіркеу нәтижесінде
статистикалық жиынтық құрайтын көптеген мәліметтер алынады, осы
жиынтықты сипаттайтын жүйелеу мен жіктеу, параметрлерді есептеу мен
процесті сипаттайтын кестелерді, графиктерді құрайтын статистикалық
жиынтықты өңдеуді талап етеді.
Статистикалық жиынтықтың біршама толық сипаттамасын кездейсоқ
шаманың ықтималдықтарының таралу функциясы түсіндіреді. Алайда, практи-
када таралу параметрлері деп аталатын сандық сипаттамалар саны шектелген.
Бұл параметрлерді үш класқа бөліп қарастыруға болады. Олар:
1) топтастыру ортасы; 2) вариация деңгейі болатын шашырау шамасы; 3)
ықтималдықтардың таралу формасы;
Достарыңызбен бөлісу: