187
Тұрғындардың қажеттілігі үшін белгілі мөлшерде еритін тұздар мен
ерімейтін қоспалардан тұратын ауыз суды пайдаланады. Бұл көрсеткіштерден
асып кеткен жағдайда табиғи су тазаланады, яғни өлшенген заттар мен
тұздарды, негізінен кальций мен магнийді жоюға бағытталған тазалауға
жіберіледі.
Суды пайдаланушылардың әрбір санатында судың сапасына талаптар
әртүрлі болып келеді. Мысалы, шаруашылық-тұтынушылық суда 0,02мг/л көп
емес гексахлоран улы химикатының болуына рұқсат етілген, ал балық
шаруашылығы су қоймаларында оның болуы шектелген.
Кейбір заттар салыстырмалы түрде контактілі әсер ету кезінде жоғары
концентрацияда зиянды болып келеді. Сондықтан олардың бірінші санаттағы
(суды адамның пайдалануы) су объектілеріндегі ШШК мөлшері жоғары
мағынаға ие болады. Ал екінші санаттағы су объектілерінде (қорықтық су
қоймалары) олар флора мен фаунаға зиян әсерін тигізеді, мұнда бірінші орынға
олардың токсиндік қасиеттері қойылады. Осылайша су объектілерінің
тазалығын қамтамасыз ету үшін ШШК көрсеткішінен басқа су сапасына
қойылатын талаптардың деңгейін айқындайтын зиянды нормативті-шектеуші
көрсеткіш қолданылады.
3.
Топырақ
. Топырақ үшін де ШШК мөлшері анықталған. Топырақ адамға
тікелей әсер етеді, бірақ оның әсері өсімдіктер арқылы, шаң және т.б. арқылы
беріледі. Топырақты зерттеу:
- санитарлық физикалық- химиялық зерттеулер;
- санитарлық- энтомологиялық зерттеулер (жәндіктер);
- санитарлық- гельминтологиялық зерттеулер (құрттар мен паразиттер);
- санитарлық- бактериологиялық зерттеулер бағыттарында жүргізіледі.
Шаңды өлшеуді метрологиялық қамтамасыз ету. Шаң үшін де ШШК
мөлшері орнатылған. Неғұрлым шаңның өлшемі аз болса, соғұрлым ол қауіпті
болады. Шаңды өлшеудің екі әдісі бар:
1. Шаңды алдынала шөгінділеу. Негізгі көрсеткіштері – шаңның массалық
концентрациясын өлшеу мүмкіндігі, процестің жоғары еңбек сыйымдылығы,
өлшеудің циклдік сипаты, талдаудың төменгі сезімталдығы.
2. Шаңды алдынала шөгінділеусіз. Негізгі көрсеткіштері – шаңдық ортаның
өзінде өлшеу мүмкіндігі, өлшеу үздіксіздігі, жоғары сезімталдық.
Достарыңызбен бөлісу: