177
әкеледі. Ең көп тараған тексеру әдісі, ол үлгілік динамометр немесе гирді
қолданып тікелей өлшеу. Созу, сығу, майыстыру, бұрау және кесу статикалық
жүктемеге сынауға арналған машиналар мен престерді тексеру сырттай қарап
бақылау, жүктеме шкаласының көрсеткішін салыстыру, созу шкаласы бойынша
көрсеткіштерін салыстыру, диаграммалық жабдықтың көрсеткіштерін
салыстыру арқылы жүзеге асады.
Бұрауға сынау машинасын машинаға тіркелген тексеру рычагі көмегімен
немесе үлгілік моментомер арқылы тексереді. Әрбір шкаланы 5 бөлшектен кем
тексермейді.
Құрылыс материалдарын және құрылымдарын сығу мен майысуға, сынауға
арналған престерді тексеру сығуға арналған үлгілік динамометрге статикалық
жүктеме беру арқылы іске асырылады. Әрбір шкаланы 9 нүктеде тексереді.
Манометрлік күшөлшегіш аспап арқылы жүйедегі сұйықтықтың
қысымымен гидравликалық престерді тексереді. Қысым күшін анықтау үшін
жүйедегі үлестік қысымды поршеньнің ауданына көбейтеді.
Сынау машиналарын және престерді аттестатттау үшін үлгілік
тасымалданатын 3-разрядты динамометрлер, үлгілік гирлер, рычагті аспаптар,
бақылау үлгілері және т.б. қолданылады. Тасымалданатын үлгілік құралдарды:
1.Тексеріліп отырған өлшеу құралының тікелей жүктемесін қамтамасыз
ететін;
2. Берілісті механизм тартылыс күшіне;
3. Серпімділік деформацияны өлшеуге негізделген деп бөлуге болады.
Бірінші топқа өлшеу шегі 10-20кН болатын 3-4 разрядты үлгілік гирлер,
екінші топқа өлшеу шегі 300-500кН болатын үлгілік гирі бар рычагті аспаптар,
үшінші топқа өлшеу шегі 40-60мН, қателік шегі 0,02- 005% болатын үлгілер
жатады.
Механикалық
және
электромеханикалық
динамометрлер
кеңінен
қолданылады. Механикалық динамометрлердің негізгі артықшылықтары
қарапайымдылығы, өлшемдері, салмағы аз және бағасы қымбат емес, өлшеудің
жоғары дәлдігі, сипаттамаларының тұрақтылығы, қорек көзінің болмауы,
қызмет ету уақытының ұзақтығы және сенімділігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: