174
сипаттамалары бағаланады. Сынау мақсаты объект сипаттамаларын бекітілген
талаптарға сәйкестігін белгілеу болса бақылау жүргізіледі. Мысалы, қабылдау-
өткізу, кезеңдік және сертификаттау сынақтары.
Сынақ нәтижесі бойынша нақты шешімдер қабылданады. Сынау және
зерттеу кезінде эксперимент мазмұны сәйкес келуі мүмкін, бірақ сынау мақсаты
қандайда болмасын шешім қабылдау болса, онда эксперимент сынау болып
табылады. Сынау жағдайы деп объектіге табиғи және жасанды әсер ету мен
оның функционалды режимдерінің қосындысы ретінде түсіндіріледі
(климаттық, механикалық, электрлік, жылулық, радиациялық, химиялық және
т.б.). сынақтан өткізудің бірқатары объектінің беріктілігінде орнықтығын
анықтау үшін қарастырылады. Ішкі факторлар да әсер етуі мүмкін, олар
объектінің функционалдығымен байланысты – мойынтіректің қызып кетуі
немесе объектіні қосқанда ток өту.
Объектінің функционалды режиміне оны орнату, монтаждау, орнықтыру,
орын ауыстыру жылдамдығы, жүктелу тәсілдері де кіреді.
Сынау нәтижелерін орындау шарттары мен дәлдік нормаларын бекітетін
негізгі құжат – оны өткізу әдістемесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: