Сертификаттау


Конструкторлық құжаттардың метрологиялық сараптамасы



Pdf көрінісі
бет189/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

Конструкторлық құжаттардың метрологиялық сараптамасы 
Сараптама  сұраным  бойынша  жүргізіледі.  Конструкторлық  құжаттардың 


 
170 
метрологиялық  сараптамасын  өткізу  үшін  нақты  метрологиялық  талаптарды 
тұжырыммен қамтамасыз ету үшін сұраным да сараптамадан өтеді. 
Метрологиялық сараптамаға келесі құжаттар түседі: 
1.  Техникалық  тапсырыс  –  бұйым  шығарудағы  бастапқы  құжат.  Оған 
бұйымның  негізгі  қызметі,  салмағы  мен  өлшемдеріне  қойылатын  талаптар, 
қызметтік параметрлерінің дәлдіктері, сенімділігі мен төзімділігі, механиқалық, 
ауа-райының  және  басқалай  жағдайлар  әсерлеріне  жарамдылығы,  тасымалдау 
шарттары, сақтау және жөндеу сияқты әрекеттер кіреді. 
2.  Техникалық  ұсыныс  (ГОСТ  2.103-68)  –  конструкторлық  құжаттар.  Оған 
бұйымның техникалық және техника-экономикалық негіздемелері кіреді. Бұлар 
бұйымның техникалық тапсырыстарын сараптау және түрлі конструктивті және 
пайдалану  ерекшеліктерін  ескеру,  жобаланатын  және  қолданыста  жүрген 
бұйымдарды  салыстыру,  патенттік  және  басқалай  материалдарды  зерттеу 
негізінде құрылады. 
Сөйтіп  техникалық  ұсыныстың  негізгі  мақсаты  ретінде  –  бұйымға  қажетті 
қосымша  және  нақтылау  талаптарды  анықтау,  бұйымның  сапалық 
көрсеткіштерін зерделей түсу сияқты конструкторлық әрекеттер жатады. 
3. Эскизді жоба (ГОСТ 2.103-68) – конструкторлық құжат. Бұған бұйымның 
құрылымдық  жұмыс  істеу  принциптері,  негізгі  қызметтік  параметрлері  енген 
техникалық шешімдер жатады. 
Эскиздік  жоба  метрологиялық  сараптамаға  түсіріп,  оның  техникалық 
ұсынысқа сәйкестігін, дәлдік нормаларын, бақылау мүмкіндіктерін анықтайды. 
4.  Техникалық  жоба  –  бұйым  туралы  толық  мағлұмат  беретін  ақырғы 
техникалық шешімді құрайтын конструкторлық құжат. 
Техникалық жоба бұйымның техникалық тапсырмасы мен конструкциясына 
сәйкестігін,  жоғарғы  технологиялық  деңгейін,  жөндеуге  жарамдылығы,  жинау 
және 
бөлшектеу 
жеңілдігі, 
өлшеу 
және 
бақылау 
жеңілдігі 
мен 
қарапайымдылығын қамтамасыз ету керек. 
Техникалық  жоба  метрологиялық  сараптамадан  өткеннен  кейін,  өндіріске 
түсетін жұмыс жобасына негіз болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет