166
өлшеу алгоритмдері мен өлшеу дәлдігіне әсер ететін басқа факторларға нақты
талаптар орнататын жұмыс құжаты.
Осы құжаттағы талаптардың сақталуы құжаттағы көрсетілген өлшеу
қателігінен аспайтынын қамтамасыз етеді.
МСТ 8.010-72 бойынша метрологиялық аттестация – осы әдістемемен
сәйкес өлшеу дәлдігі көрсеткіштерінің мәндерін анықтауға бағытталған
зерттеулер. Аттестация кезінде өңдеу кезіндегі байқалған өлшеу қателігіне әсер
ететін шарттар мен құралдарға қойылған талартарды дәлдеу жүргізіледі.
ӨӘ өңдеу кезіндегі негізгі талаптар. Өлшеу нәтижесін талап етілген
дәлдікпен алу үшін:
– Өлшеу объектісін өлшеуге даярлау;
– Өлшеу шарттарын даярлау;
– Өлшеу құралдары мен өлшеу әдісін, қосымша құралдарын таңдау;
– Өлшеу құралдарының құрамы мен құрылымын даярлау;
– Өлшеу құралдарын қосу сұлбасын құру;
– Өлшеуді жүргізу тәртібін анықтау;
– Бақылау нәтижесін өңдеу және өлшеу нәтижесін табу әдісін таңдау сияқты
ережелер мен нормаларды қамту керек.
ӨӘ-ға ҒТҚ рәсімдеу. ӨӘ-да ҒТҚ келесі негізгі бөлімдерді қосады:
1) ӨӘ қолдану аймағы мен қызметі. Өлшеу үшін қандай параметрлер және
қандай режимдерде ӨӘ бекітілген, қандай диапозонда өлшенетін параметрлер
мен мөлшерлер өзгеруі мүмкін;
2) Өлшеу құралдары, қосымша қондырғылар ӨҚ үшін қолданатын дананың
типі мен нөмірлері, оларға талаптарды реттейтін ҒТҚ көрсетіледі. Бұл ҒТҚ -да
ӨҚ тексеріс аралық интервалдары көрсетілуі тиіс. Көп жағдайда ӨҚ
метрологиялық сипаттамалар тізімі беріледі, олар бойынша өлшеу дәлдігін
қамтамасыз ететін ауыстыру жүргізіледі;
3) Өлшеу әдісі;
4) Дайындау операциясы алгоритмі және өлшеуді құру. Өлшеу объектісіне
дайындау талаптарын қосады. Үрдіс кезінде техникалық құжаттарды тексеруді,
жұмыс
жағдайына
басқарудың
барлық
органдарының,
қосымша
қондырғылардың қосылуы, дайындығы қарастырылады;
5) Оператор біліктілігіне талаптар;
6) Қауіпсіздік техникасына талаптар.
Достарыңызбен бөлісу: