Сертификаттау


Технологиялық құжаттардың метрологиялық сараптамасы



Pdf көрінісі
бет190/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

Технологиялық құжаттардың метрологиялық сараптамасы 
Технологиялық  құжаттардың  сараптамасы  дәлдік  нормалары,  әдістері, 
құралдары,  шарттар  мен  өлшеуді  орындау  тәртібі,  өлшеудің  дәлдік 
көрсеткіштері және т.б. сәйкестігін құру мақсатында жүргізіледі. 
Бұл сараптаманың мақсаты: 
– Өлшенетін параметрлердің оңтайлы номенклатурасын анықтау; 
–  Өлшеу  дәлдігінің  көрсеткіштерін  технологиялық  процестің  оптималды 
режімдеріне сәйкестеп құру
– Құралдарды таңдау дұрыстығы мен өлшеу әдістемесін бағалау; 
–  Өлшеудің  берілген  дәлдігі  мен  қажет  жоғары  нәтижелікті  алуды 
қамтамасыз  ететін  автоматтандырылған,  жүйеленген  ӨҚ  қолдану  мүмкіндігін 
қарастыру; 
–  Өлшеу  құралдарының  -  минималды  еңбек  сыйымдылық  пен  өзіндік  құн 
қамтамасыз ететінін бағалау; 
–  Стандартталған  және  бірыңғайландырылған  өлшеу  әдістерін  қолдану 


 
171 
мүмкіндігін пайдалану; 
–  Технологиялық  құрылғылардың  нәтижелігінің  ӨҚ  нәтижелігімен 
сәйкестігін бағалау; 
– Өлшеуден алынған мәліметтерді автоматтандырылған өңдеулерге түсіріп 
анықтау; 
–  Аттары  мен  физикалық  өлшем  атауларының,  олардың  бірліктерінің 
дұрыстығын,  мекеме  бойынша  нұсқаулар  мен  еңбек  қауіпсіздігін  қамтамасыз 
ету үшін өлшеу жүргізуді пайдалану. 
Технологиялық  құжаттар  құрамына:  эскиздер  картасы,  маршруттық, 
технологиялық, операциялық үрдістер, типті операциялық, техникалық нұсқау, 
техникалық құжаттардың өзгешеліктері кіреді. 
Жобалау  және  жұмыс  технологиялық  құжаттарының  сараптамасы  оның 
ішіндегі 
дәлдік 
нормалары 
мен 
бақылау 
әдістерін 
тексерумен 
қорытындыланады. 
Метрологиялық сараптама жүргізудегі дәлдік нормалары: 
–  Өлшем  шақтамасының
 
өзара  үйлесімі,  пішін  ауытқуы,  беттердің  өзара 
орналасуы мен беттердің кедір-бұдырлығы; 
– Станоктан бөлшекті алып немесе алмай бақылау жарамдылығы. 
Метрологиялық  сараптама  кезінде  бақылау  әдістерін  олардың  дұрыстығы 
мен  жеткіліктігіне  технологиялық  құрылғының  нәтижелігі  мен  әдістері, 
сонымен  қоса  таңдалынған  әдістің  үнемділігі  мен  бақылау  операциясының 
сипаттау  толықтығы  мен  таңдаулы  бақылау  әдісінің  үнемділігі,  мекеме 
бойынша нұсқаулар болуы және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өлшеу 
өткізу,  терминологияның,  физикалық  өлшемдер  атауларының  белгіленуінің 
дұрыстығы сәйкестендіріледі. 
Сараптама  кезінде  бақылау  әдістерін  сипаттау  анықтығын  тексерудің 
маңызды  мәні бар, ол  терминдерді  әр мағынада  түсіндіруді  болдырмауға  тиіс. 
Технологиялық құжаттардың кейбір түрлерін сараптауда: 
–  бағдарлау  картасы  –  дәлдік  нормаларының  тексерілуге  жарамдылығы, 
дұрыстығы  және  жеткіліктігі,  сипатталу  толықтығы  және  таңдалған  бақылау 
әдісінің  үнемділігі,  өлшеуді  жүргізу  мен  ұйымдастыру  бойынша  еңбек 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін  нұсқаулардың  болуы,  терминологияның, 
атаулардың және физикалық шамалардың белгілену дұрыстығы
–  эскиздер  картасы  –  өлшемдер,  шектік  ауытқулар,  кедір-бұдырлық 
белгіленуі, өнімге қойылатын техникалық талаптар, шақтаманың өзара үйлесуі, 
дәлдік нормаларының бақылауға жарамдылығы
–  технологиялық  нұсқаулар  –  сипаттаманың  дұрыстығы  мен  жеткіліктігі, 
толықтығы  мен  анықтығы,  еңбек  өнімділігінің  сәйкестігі,  таңдалған  бақылау 
әдісінің  үнемділігі,  өлшеуді  жүргізу  мен  ұйымдастыру  бойынша  еңбек 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін  нұсқаулардың  болуы,  терминологияның, 
атаулардың және физикалық шамалардың белгілену дұрыстығы; 
–  жабдық  ведомосі  –  сипаттамамен  қарастырылған  ӨҚ  белгіленуінің 
дұрыстығы; 
– технологиялық құжаттардың сипаттізімі  – бақылау әдістерінің сипаттама 
толықтығына  сәйкес  келмейтін  эксперименттік  үрдістерге  технологиялық 


 
172 
нұсқаулардың болуы; 
– технологиялық үрдіс пен типтік технологиялық үрдістер картасы – дәлдік 
нормаларды  бақылау  жарамдылығы  мен  шақтаманың  өзара  үйлесімдігі, 
сипаттаманың  дұрыстығы,  жеткіліктігі,  толықтығы  мен  анықтығы,  таңдалған 
бақылау әдісінің үнемділігі, өлшеуді жүргізу мен ұйымдастыру бойынша еңбек 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін  нұсқаулардың  болуы,  терминологияның, 
атаулардың және физикалық шамалардың белгілену дұрыстығы; 
–  сипаты  бойынша  технологиялық  карталарға  ұқсас  операциялық  және 
типтік операциялық карталар тексеріледі. 
Мысал

Метрологиялық 
сараптамаға 
гидробаспақтың 
төлкесін 
механикалық  өңдеу  технологиялық  үрдісінің  операциялық  картасын 
сараптаудан өткізу. №4 операция – жону операциясы (
6.1.-кесте
). 
Картада  шақтамамен  шектелген  өлшемдер  қарастырылған:  сыртқы  өлшем 
22
-0,3
,  ішкі  өлшем  4+0,1,  паралельді  беттер  арасындағы  өлшем  11,2+  0,1,  ішкі 
диаметрлер  33,57
+0,1
,  33,87
+0,1
,  35
+0,5
  (беттің  диаметрі).  Кедір-бұдырлыққа 
қойылатын талап: R
z
 =80 мкм. 
Дәлдік  нормаларын  талдап  отырып,  А  өткізгіші  бойынша  бөлшек 
құрылысына  дәлдігіне  талаптар  ескерілмеген,  оны  тексеру  үшін  сағат  типті 
индикатор  қолданылуы  қарастырылған,  ол  штативте  магнитті  негіздемемен 
орнатылған. Сонымен қатар, индикатордың үлгісі немесе типі көрсетілмеген, ал 
магнитті негіздемемен штатив индикаторлы тұрақ деп қате аталған. 
Дәлдік нормаларының бақылау жарамдылығы күмән келтірмейді. 
Бақылаудың  ұсынылған  әдістерін  талдаймыз.  Шақтамамен  шектелген 
өлшемдер  бақылауы  үшін  штангенциркуль  ШЦ-П  0-200  қолдану 
қарастырылған (нониус бойынша санау өлшемін көрсетусіз). 
Ұсынылған  әдіс  ешбір  өлшемге  қанағаттандырарлық  емес:  22
-0,3, 
33,57
+0,1

33,87
+0,1 
өлшемдері  үшін  –  дәлдіктің  жеткіліксіздігінен,  11,2+0,1,  4+0,1,  35
+0,5 
өлшемдері үшін – бақыланатын беттерге рұқсаттың болмауынан. 
Ескертулер мен ұсыныстар тізімін құрастырамыз: 
А өткізгіші бойынша: 
– патрондағы бөлшек орнату дәлдігіне талаптар бекіту; 
–  индикатор  белгілеуін  көрсету  (мысалы,  ИЧ-10),  индикатор  тұрағының 
магнитті негіздемесінің орнына магнитті негіздемемен штатив пен оны белгілеу 
(мысалы, ШМ-11 Н); 
–  индикатор  мен  штатив  таңдауын  байланыстыру  талабымен  бөлшекті 
орнату дәлдігіне. 
1-4 өткізгіштері бойынша: 
– МСТ 6507 бойынша МК 0-25 микрометрінің 22 
-0,3  
өлшемін бақылау үшін 
қолдану  (штангенциркульді  0,4  мм  және  одан  жуан  рұқсат  етілген  өлшемдері 
үшін ғана қолдануға болады); 
–  диаметрлері  Ø33,57
+0,1
,  Ø33,87
+0,1
  тесіктерін  тексеру  үшін  нутромер 
құралым (МСТ – 868) қолдану қажет. Оны өлшемге МК-25-50 микрометрімен 
келтіру керек. 
–  диаметрі  Ø35
+0,5 
тесікті  өлшейтін  стандартты  құрал  жөң.  Оның 
шақтамасын  0,75мм-ге  дейін  үлкейтіп  стандартты  штангенциркуль  ШЦ-П,О 


 
173 
÷200 қолдану керек. 
–  11,2  0,1,  4±0,1  өлшемедерін  калибрлер  немесе  арнайы  индикаторлық 
құрылғылар пайдалану керек. 
–  осы  операцияларды  өңдейтін  беттерге  кедір-бұдырлық  талаптарын  қою 
керек. 
 
6.1.-кесте. 
Төлкені  механикалық  өңдеу  технологиялық  үрдісінің 
операциялық картасы 
 
 
Әрекеттер мазмұны 
Аспаптар 
Өлшеу аспаптар 
Өлшем 
диаметр  ұзындығы 
А 
Детальды орнату, бекіту 
және түсіру 
 
Индикатор МСТ577, 
индикат. С маг. негіз 
МСТ10197 
 
 

Түп бетті 22 өлшеміне 
шырпу – тазалай 
Кескіш 
Т15К6 
2103 - 0007 
Штангенциркуль ШЦ-П 
0-200 
50,5 
28,5 

Кеулеу – тесікті 
33,57
+0,1
өлшеміне дейін 
түбіне дейін 
Кескіш 
Т15К6 
2141-0010 
 
33,57 
11,2-3 

Тесікті кеулеу 
33,57
+0,1
мм 
33,87
+0,1
терекдігі 
11,2±0,1 
Кескіш 
Т15К6 
2141-0010 
 
33,87 
11,2-3 
 
Техникалық шарттар 
технологиямен 
қамтылады 
 
 
 
 

Ойықты жону 35 
+0,5

өлшемдері 11,2+0,1, 
өлшем 4 +0,1 
Кескіш 
Т15К6 
2128-0004 
Штангенциркуль ШЦ-П 
0-200 
35 
0,5-3 

Өткір, ернеулерді 
мұқалт 
кескішТ15К6 
2103-0003 
 
 
 
 
Тексеру ОТК – 
өлшемдерді тексер 
22
-0,3,
11,2+0,1, 4+0,1, 
33,57
+0,1
, 33,87
+0,1
, 35 
+0,5
 
 
Штангенциркуль ШЦ-П 
0-200 
ГОСТ 166 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет