Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет192/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

Сынау объектісі
 – сынақтан өтетін өнім. Сынау үлгісі – өнім бірлігі немесе 
сынау кезінде эксперимент объектісі болып табылатын бөлігі, үлгісі. 
Сынау объектісінің негізгі белгісі – осы объект бойынша сынау нәтижелері 
бойынша  шешім  қабылданады  (оның  жарамдылығы  немесе  жарамсыздығы, 
келесі сынауларға ұсыну мүмкіндігі, сериялық шығарылуы және т.б.). 
Өнімнің түрі мен сынау объектісі сынау бағдарламы бірліктік өнім немесе 
үлгі  алынатын  партиядан  немесе  өнім  үлгісі,  тікелей  немесе  таңдау 
бақылауының өнім партиясы. 
Сынау  объектісі  макет  немесе  өнім  моделі  ретінде  болуы  мүмкін,  сынау 
нәтижелерінің шешімі тікелей макетке немесе үлгіге қатысты болуы мүмкін. 
Сынаудың  техникалық  базасына  ӨҚ  жатады  –  олар  сынауға  қажетті 
техникалық құрылғылар, материалдар, заттар. 
Өлшеу  құралдарымен  қатар  сынау  құралдарының  маңызды  түріне  сынау 
жабдықтары жатады. Сынау жабдығы дегеніміз – сынау шарттарын объект пен 
оның  жұмыс  жасау  режиміне  әсер  ету  жағдайын  қайталайтын  жабдық.  Бұлар 
сынақ  шарттарын  қайталайтын-  температура,  ылғалдылық,  қысым,  электр 
магниттік және радиациялық әсерлер, механикалық жүктемелер, діріл және т.б. 
- арнайы стендтер, ауа райы камералары және т.б 
Сынау  сапасының  көрсеткіштері  болып  сынақ  нәтижелерінің  дәлдігі  және 
қайталануы  саналады.  Сынақ  нәтижесінің  дәлдігі  –  сынау  кезінде  нақты 
параметрлер  мәндері  мен  олардың  шын  мәндерінің  анықталған  жағдайда 
жақындығының сипаттамасы. 
Сынау  объектісінің  анықталатын  сипаттамасы  партиядан  алынған  үлгі  – 
жеке-дара  объект  сипаттамасы  да,  үлгі  партиясының  статистикалық 
сипаттамасы  да  бола  алады.  Сынақ  нәтижесі  сынау  объектісіне,  ал  өлшеу 
нәтижесі  осы  объектіден  алынған  сынақ  үлгілеріне  жататындықтан  сынақ 
нәтижесінің дәлдігі үлгі сипаттамасын өлшеу дәлдігімен дәл келмеуі мүмкін. 
ГОСТ 16263-70 стандарты бойынша өлшеу сапасының критерийі қайталану 


 
175 
және бірігу. 
Қайталану  –  объектінің  қайталанған  сынақтарының  нәтижелерінің 
жақындығы. 
Бірігу  –  бірдей  жағдайда  қайталанған  өлшеу  нәтижелерінің  жақындығы. 
ИСО 5725 халықаралық стандарты қайталануды біздің бірігу терминіне сәйкес, 
дәл көшіру жағдайында жасалған сынақ сипаттамасы ретінде анықтайды. 
Қайталану  –  біздің  мемлекетаралық  стандартпен  салыстырғанда  бірдей 
сынау  әдістерін  қолданумен,  шарттың  шексіз  қайталануымен,  орынымен, 
талаптарымен,  құралдарымен,  сынауды  жүргізу  мерзімімен  байланысты 
анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет