Өндірісті дайындаудағы метрологиялық қамтамасыз ету
Өндірісті дайындаудағы метрологиялық қамтамасыз ету (ӨДМҚ) –
технологиялық үрдістер мен құрал-жабдықтардың параметрлерін, шикізат,
бұйым сипаттамасын талап етілген дәлдікпен анықтауды және оның сапасын
жетілдіру және өндіріс шығындарын төмендетуді қамтамасыз ететін
техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар жиынтығы.
Мақсаты:
1) Өлшенетін параметрлердің ұтымды номенклатурасын және өлшеу
дәлдігінің нормаларын құру;
2) Өлшеуді орындаудың техникалық үрдістерді кемеліне жеткізуді орындау;
3) Өндірісті ӨҚ-мен қамтамасыз ету;
4) Метрологиялық қызмет көрсету және ең алдымен, ӨҚ тексеруді
қамтамасыз ету;
5) Нормативті-техникалық құжаттарда көрсетілген өлшеуді жасау
шарттарымен қамтамасыз ету;
6) Өндіріс қызметкерлерін және метрологиялық қызмет жұмысшыларын ӨҚ
басқару-өлшеу операцияларына, тексеруге, жөндеуге дайындау;
165
7) Метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және оны өткізу.
ӨДМҚ жұмыстарын мекеменің конструкторлық, технологиялық және
метрологиялық бөлімдері бұйымның бастапқы құжаттарын алғаннан кейін
жүргізе бастайды.